Сабақ жоспары. Ақпараттық процесстер

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары. Ақпараттық процесстер.Сабақ жоспары. Ақпараттық процесстер.№6 сабақ Мұғалімі: Мухамбеталиева А Бекітемін: __________

09. 10. 2015 жыл

Информатика

7 сыныптар

Сабақтың аты:

Ақпараттық процесстер

Жалпы мақсаты

Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық процестермен таныстыру.

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2. «Информатика және ақпараттық технология»

7- сынып, Рахманбердиева Д.С.

3. 7-сыныпқа арналған информатика оқулығы

// авторлары Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков//

4. Электронды оқулық, Информатика 7-сынып

Оқыту нәтижесі

Тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру

Түйінді идеялар

Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.

Сабақта қолданатын материалдар

ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық

Оқыту әдістері

Түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

  • Жеке жұмыс

  • Топтық жұмыс

  • Сыныппен жұмыс

Дерек көздері

Электрондық оқулық 7-сынып

Тапсырмалар

Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 7 сынып электрондық оқулығынан тест

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ: 13:30-17.40

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Топтау // Компьютер құрылғылары бойынша екі топқа бөлу.//

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге болмайды?

  • Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  • Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындаларын атаңдар.

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

Ой қозғау Ақпараттық процесс ұғымы?

Жаңа тақырып.Сыныппен жұмыс

Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

1. Біз кітап, газет - журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

2. Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
3. Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп - ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруду және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

4.Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық

процестер деп атайды

Тапсырманы орындау

Берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеден өзің белгіле. Кестені өз мысалдарыңмен жалғастыр

Процесс

Беру

Сақтау

Өңдеу

  1. Кітап оқы

+


  1. Күнделікке баға қою

+

  1. Математикадан есептер шығару


  1. Есік қоңырауын басы


  1. Компьютерде ойнау


  1. Диктант жазу


  1. Өлең жаттау


  1. Суретке түсіру


  1. Балмұздақ сатып алу


Сергіту жаттығулары (5 мин)

Жеке жұмыс. Шағын тест тапсыру

Қорытындылау:

Кері байланыс сұрақ - жауап (5 мин.)

1. Ақпарат өлшемінің ең кіші өлшем бірлігі?
2. Бір мегабайт - ….
3. Табиғи тілдерді ата
4. Ақпараттың негізгі түрлері?
5. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код
6. Жасанды тілдерді ата
7. Ақпараттың көлемі деп нені айтамыз

Келесі тапсырма:

Практикумнан тапсырмаларды орындау

Келесі оқылым:

Техника қауіпсіздігі және ережелері

Бағалау:

Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /

Кері байланыс:

Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.


© 2010-2022