- Преподавателю
- Информатика
- Информатика пәнінен ашық сабақ
Информатика пәнінен ашық сабақ
Раздел | Информатика |
Класс | 9 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Нурбекова А.Б. |
Дата | 08.04.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және
модел жасаудың негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, интерактивті тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсете түсіндіру, топтық, тапсырмалар орындау
Сабақтың өту барысы:
І. Оқушыларды ұйымдастыру . (2 минут)
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
V. Болашаққа көзқарас, «Экспо - 2017» ой толғау жазу
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІІ. ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАЙ ОТЫРЫП,
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ (10 минут)
-
Алгоритм дегеніміз не?
Жауап. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
-
Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата?
Жауап. 3 бөлікиен тұрады: тақырыптық, сипаттау, операторлар бөлімі
-
Идентификатор дегеніміз не?
Жауап. Идентификатор - міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
-
Сызықтық алгоритм дегеніміз?
Жауап. Сызықтық алгоритм дегеніміз - қарапайым, яғни командалары бірінен соң бірі тізбектей орындала беретін алгоритм.
-
Тармақталу алгоритмі дегеніміз?
Жауап. Тармақталу алгоритмі дегеніміз - орындалатын әрекеттер екі шартпен орындалады. «Иә» және «Жоқ».
-
Циклдік алгоритм дегеніміз?
Жауап. Циклдік алгоритм дегеніміз - командалары бірнеше рет қайталанып келетін алгоритмдер.
-
Паскаль тіліндегі стандартты типтерді ата.
Жауап. Бүтін, нақты, логикалық, тіркестік мәтіндік
-
Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
Жауап. Алгоритмдік тіл - бұл алгоритмдер мен олардың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі
-
Операторлар - меншіктеу операторы, басқару операторы, функция мен процедураларды анықтау операторлары
-
Паскаль тіліндегі стандартты типтер - бүтін, нақты, логикалық тіркестік мәтіндік
-
ІV. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
-
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
-
Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
-
Модель - көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
-
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
МОДЕЛЬДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:
ОҚУ МОДЕЛІ - көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін
ТӘЖІРИБЕЛІК МОДЕЛЬ - жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады
ОЙЫН МОДЕЛЬДЕРІНЕ - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ - шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп - объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель деп - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді
МОДЕЛЬДЕРДІ КӨРСЕТІЛУ ӘДІСІНЕ ҚАРАЙ ТОПТАУ
Материалдық модельдер түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді
-
Ақпарттық модель дегеніміз - объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
-
Вербальдік модель дегеніміз - ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
-
Таңбалық модель деп - арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:
-
Геометриялық модель - графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
-
Ауызша модель - иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
-
Математикалық модель - объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
-
Құрылымдық модельдер - схема, графиктермен кестелер т.б.
-
Логикалық модель - ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
-
Арнайы модельдер - ноталар, химиялық формулалар.
V. БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС
«Экспо - 2017» ой толғау жазу (оқушылар өз пікірлерін жазады)
VІ. Қорытындылау
Тақырып бойынша қорытындылау кестедегі әріптерден сөз құрастыру қажет
О
М
О
Д
І
К
Қ
Ы
Л
А
Қ
У
Л
Е
Л
Ғ
Ы
М
И
К
Ә
Т
Ь
Б
Е
Ы
Л
Т
Г
И
Ж
І
Р
И
А
К
Х
Е
О
Л
Й
О
Қ
Ы
Л
И
Н
Л
Ы
Қ
Ы
Н
И
М
К
І
Л
А
Б
Ң
Ц
А
Т
И
К
О
Р
Е
Т
А
И
Я
Л
Ы
Қ
М
П
Ь
Ю
Т
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Тексерілді: __________________