Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21.11 - 5 «А»


Сабақтың тақырыбы:

Файлдар, бумалар және жарлықтар.

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі:


Файлдар, бумалар және жарлықтар құру, атын өзгерту тәсілдерімен танысу және жұмыс жасауды үйрену.

Дамытушылығы:


Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мәні:

Компьютерде жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақта қолданылатын көрнекілік:


компьютер, слайд, кестелер, таратпа қағаздары

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап арқылы түсіндіру

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың көңіл-күйін сүрау, сабаққа қатысуын тексеру.

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу, сабаққа дайындық барысына шолу жасау

3. Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сәйкестендіру тесті. Терезенің түрлерін анықта



1

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

А

Қапшық терезесі

2

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

Б

Қосымша терезесі

3

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

В

Анықтама терезесі

4

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

Г

Сұхбаттық терезесі


  1. Әр топтан терезенің түрлерінің анықтамаларын, бір-бірінен айырмашылықтарын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады.

Ү. Жаңа сабақ.

І кезең. Жаңа сабақты түсіндіру (презентация бойынша)

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар, жарлықтар. Файл дегеніміз - байттардың әлдебір атауы бар тізбегі, яғни белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған мәлімет (оның аты 255 символдан аспауы керек). Файлдар дискіде белгілі мөлшерде орын алып тұрады, оны берілген аты бойынша кез келген уақытта ашып, мазмұнын экраннан көруге болады.

Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін жетеді.

Компьютер файлдың типі бойынша оның программа немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немес .сом белгілеулері тұрса, онда бұл программа болғаны. Ал қалған белгілеулерді компьютер құжат деп анықтайды. Файл типтері:

.bmp - Paint графикалық қолданбасының суреті

.doc - Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

.txt - Блокнот қолданбасының құжаты

.wav - Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы

.avi - бейнеклип

.xls - Excel

.ppt - Power Point

Файлдарды реттеу үшін бумалар құрылады.

Бумалардың түрлері:

Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесі өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.

Жұмысшы бумалар. Пайдаланушының өзі құрады.

Жарлық - нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған.

Жарлықты файлдан немесе бумандан ажырату үшін жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынады, ал файл мен бумада мұндай сілтеме болмайды. Егер файлды немесе буманы жойсақ, программа жұмысын тоқтады. Ал жарлықты жойсақ программаға ештеңе болмайды.


Жаңа бума құру

Жаңа буманы дискіде, бума ішінде құруға болады. Ол үшін:

1. Жаңа қапшық құрылатын орынды көрсету қажет. Мысалы: Мои документы қапшығының терезесін ашамыз.

2. Терезенің бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту. Контекстік менюден Создать-Папку командасын таңдаймыз.

3. Новая папка деген атауы бар белгіше пайда болады. Пернетақтадан буманың жаңа атын енгізіп, ENTER пернесін басамыз.

Жұмыс үстелінде жарлық жасау үшін:

  1. Жарлық жасайтын объектігі тышқан нұсқағышын орнатып, оң жақ батырмасын шерту.

  2. Пайда болған контекстік менюден Отправить- Рабочий стол (создать ярлык) командасын орындау.

Нысандардың атын өзгерту үшін:

  1. Атын өзгертетін файлда немесе бумада тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.

  2. Контекстік менюден Переименовать командасын таңдаймыз.

  3. Пернетақтадан жаңа атын енгізіп, ENTER пернесін басамыз.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ІІ кезең. Практикалық жұмыс

А деңгейі

  1. «Менің құжаттарым» бумасында өз есіміңмен аталатын жаңа бума құр.

  2. Өзің құрған бумаңа жұмыс үстелінде жарлық құр.

  3. Құрған жарлықтың атын өзгерт

В деңгейі

  1. Өз есіміңмен аталатын бумада бірінің ішіне бірі салынған үш бума құр.

(Өз есімің- 5сынып- Инфор)

  1. Екінші буманың атын өзгерт (5сынып бумасын Компьютер деп өзгерт).

  2. Құрылған үшінші бумаға (Инфор) жұмыс үстеліне жарлық құр.

С-деңгейі

  1. Блокнот программасында жарлық құру тәсілін жаз.

  2. Құжатыңды Жарлық деген атпен өз есіміңмен құрған бумаңа сақта.

  3. Осы бума үшін жарлық құр.

  1. Жұмыс үстелінде өзің құрған жарлықтарды өшір.

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Сәйкестігін тап

1

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

А

Файл

2

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

Б

Жарлық

3

Урок по информатике на тему Файл, бума, жарлық

В

Бума

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: §11 оқу, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау


Тексерілді ………………..

© 2010-2022