Урок по информатике на тему Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ……………………...............................................................


Сабақтың тақырыбы:

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі:


Құжатқа графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіруді, олармен жұмыс жасауды үйрену

Дамытушылығы:


Жаңа мәліметтер арқылы оқушының білім қорын, ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мәні:

Компьютермен жұмыс істегенде ұқыптылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекілік:


Оқулық, компьютер, слайд, карточкалар

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау

2. Сабаққа дайындық барысына шолу жасау

3. Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Түйінді талдау

2. Тестті талдау

1-В, 2-А, 3-В, 4- D, 5- D

3. Сөйлемді толықтыр

1. Кесте дегеніміз ............................................................................... реттелген мәлімет.

2. Кесте элементтері ..............................................................................................

3. Кесте құру үшін .............................................. командасын орындаймыз. Ашылған терезеде ............................................................................................... .................... көрсетіп, ОК-ді басамыз.

4. Кестені өшіру үшін, оны ерекшелеп, ................................................................................................ командасын орындаймыз.

Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінге суреттерді орналастыру үшін

1. Вставка-Рисунок командасын орындау

2. Ашылған терезеде қажетті суретті таңдап, Вставить командасын орындау


Суретті баптау үшін суретті ерекшелеп, Формат менюіндегі батырмаларды пайдалануға болады

Фигуралар салу үшін Вставка-Фигуры командасын қолдану қажет.

Фигураға мәтін жазу үшін:

  1. Фигураның суретін салу

  2. Салынған фигурада тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде шығатын контекстік менюден Добавить текст командасын орындау.


Көркем жазуларды кірістіру үшін:

1. Вставка-WordArt командасын орындау

2. Ашылған тізімнен көркем жазудың біреуін таңдау.

3. Келесі терезеде қажетті мәтінді жазып, Ok батырмасын шерту.

ІV. Сабақты бекіту.

Өзің орында

А деңгейі

І. Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қос.

ІІ. Әңгімеден үзінді енгіз. Теру кезінде мынаны ескер:

Тақырыбын жол ортасына туралап жаз, қаріптің TimesNewRoman түрімен, 18- өлшеммен, кескінделуін жартылай қоюмен (жирный) тер.

Мәтінді сол жақ шетке туралап жаз, қаріптің TimesNewRoman түрімен, 14- өлшеммен, кескінделуін қарапайым түрде тер.

Абзац алдындағы азат жол басын 2 см етіңіз


ІІІ. Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына суреттерін енгіз.


Ұзақ өмір сүретіндер

Ұзақ жасаудың рекордшылары - тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр - 15 жыл, түлкі 12-13 жыл, ал піл 80 жыл жасайды.

Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні - есек. Ол 50 жыл жасайды. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, ал иттер 15 жыл өмір сүреді. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай.

Балықтар арасында - шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.

В.Песков

ІV. Мәтінді әдеміле.


В деңгейі

1. Көркем жазуды пайдаланып «Құттықтаймын» деп жаз

2. Көрсетілген фигураның суретін салып, фигураға мәтін жаз

3. Дайын суреттерден гүлдің суретін кірістір

Урок по информатике на тему Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру



Урок по информатике на тему Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру



Урок по информатике на тему Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру










4. Құжатыңды әсемде

5. Жұмысыңды сақта


С деңгейі

  1. Бетті альбомдық түрге ауыстыр.

  2. Бетке бағандар қой (мысалы, үш баған).

  3. Бірінші бағанға көркем жазуды пайдаланып «Мерекеңмен!» деп жаз, екінші бағанға тілек жаз, үшінші бағанға сурет қой

  4. Құжатыңды әсемде

  5. Жұмысыңды сақта

V. Сабақты қорытындылау

Әр топқа берілетін сұрақтар

  1. Дайын суреттер енгізу

  2. Фигураға мәтін жазу

  3. Көркем жазуды кірістіру


VI. Оқушылар білімін бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма.

§25 оқу. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау

© 2010-2022