Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор програмамсы

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Шардарбекова Аягөз Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске қосу. Сабақтың мақсаты:                      Білімділік: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды          іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.                     Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу                    Дамытушылық: Оқушыларды калькулятор қолданбасымен жұмыс      жасауға дағд... А. Қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті Б. Кабинеттің санитарлық-гигиеналық жағдайға сай болуы В. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Тест сұрақтарын тарату) Тест сұрақтарына жауап беру(тест сұрақтары экранда слайдта көрініп тұрады, оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы бар сәйкес түстерді көтеру арқылы айтады)
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Шардарбекова Аягөз

Сыныбы: 5

Күні: _____________

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске қосу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларды калькулятор қолданбасымен жұмыс жасауға дағдыландыру
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, , смайликтер т. б.
Жоспар:
І. Ұжымдық әрекет

А. Қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті

Б. Кабинеттің санитарлық-гигиеналық жағдайға сай болуы

В. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Тест сұрақтарын тарату)

Тест сұрақтарына жауап беру(тест сұрақтары экранда слайдта көрініп тұрады, оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы бар сәйкес түстерді көтеру арқылы айтады)
1. Блокнот программасын қалай қосамыз?
■ Пуск - Все программы - Стандартные - Блокнот
■ Пуск - Стандартные - Блокнот
■ Пуск - Стандартные - Все программы - Блокнот
2. Блокнот қолданбасында мәтінді сақтау командасы:
■ Файл - Окрыть
■ Файл - Сохранить как...
■ Файл - Создать
3. WordPad бағдарламасы қандай редактор?
■ графикалық
■ мәтіндік
■ кестелік
4. Мәтін үзіндісін көшіру үшін қай команданы орындаймыз?
■ Правка - Копировать
■ Правка - Вырезать
■ Правка - Вставить
5. WordPad - ты қосу үшін орындалатын әрекет қайсы?
■ Пуск - Стандартные - WordPad
■ Пуск - Все программы - WordPad
■ Пуск - Все программы - Стандартные - WordPad
6. Бұрын сақталған құжатты ашу командасы:
■ Файл - Окрыть
■ Файл - Создать
■ Файл - Сохранить
7. Блокнот қандай программа?
■ өте кішкентай мәтіндік редактор
■ мүмкіндіктері зор мәтіндік редактор
■ кестелік процессор
8. Мәтін үзіндісін қиып алу үшін қолданылатын команда
■ Правка - Копировать
■ Правка - Вырезать
■ Правка - Вставить
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Калькулятормен жұмыс жасау
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін WindowsXP - дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т. б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:
Іске қосу - Программалар - Стандартты - Калькулятор.
(Пуск - Все программы - Стандартные - Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр (Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.

ІҮ. Компьютерде практикалық жұмыс.

Компьютер көмегімен есептер шығарамыз:

№1 есеп

Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, бес бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.
1 1 1 1 1 = 100
5 5 5 5 5 = 100
5 5 5 5 5 = 100

№2 есеп

Калькулятордың ішкі жадын пайдалана отырып, келесі амалдарды орында (бір ғана цифрлармен).
324 = 18
(2+7)*2*16=288
3*(2+4)=18
272+16=288

№3 есеп
28535,2+759,43+4029,07=
12345.67+987.54=
555.77+998.33=

№4 есеп

1763-558=
3678,99-456,73=
367689.05-45678.98=
15.66-45.99=

№5 есеп

Мына сандардың квадрат түбiрiн тап
24
244
229

Жадының көмегімен есеп шығарып көрейік
(20*4)+(25*2) нәтиже 130
♦ 20*4 амалын теру
♦ MS шерту арқылы жадыға жазу
♦ Индикация өрісін "С" арқылы тазалау
♦ 25*2 амалын теру
♦ "+" батырмасын шерту
♦ MR батырмасын шерту.

V. Бекіту
V
І. Қорытындылау.
Қарапайым және инженерлік калькулятордың батырмаларын қайталап, оларға түсінік беру.
VІI. Бағалау.
V
ІII. Үйге тапсырма: Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Калькулятормен жұмыс жасау

© 2010-2022