Білімдер сайысы (6 сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білімдер сайысы (6 сынып)Білімдер сайысы (6 сынып)Білімдер сайысы (6 сынып)Білімділер сайысы

(6-7 сыныптар)

Мақсаты: оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, өсімдіктану және жануартану пәндерінен алған білімдерін жүйелеу.

Бүгінгі күніміздің ұраны «Жер Ана -ортақ үйіміз». Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат анасын қорғап, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғат қажеттілігі. Мына жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер ананың жүзінде өтіп жатады. Қасиетті Жер ана - алып Күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі. Өйткені өрнекті жер жүзінде тыныстайтын ауа, сусындайтын су, әдемі өсімдіктер, таңғажайып жануарлар, сәулеттендіретін сәуле, қайнаған өмір бар. Жер ана - бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекен. Әрбір жан Жер анамызды ортақ үйіміз деп білуі қажет. Сондықтан да оны аялау, қорғау әр адамның -парызы.

Бүгінгі сайысымыз Жер-ананың өсімдіктері мен жануарларына арналады.

Білімділер сайысы 7 кезеңнен тұрады.

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Суда ағар таулардың саласымен.

Қара қылды қақ жарар алдарыңда,

Таныстырайық әділ қазы алқасымен. (әділқазыларды таныстыру)

Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.

Оқу керек, білім керек қашанда,

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?- дей отырып сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Кім жылдам?»

І топ

  1. 1-ші ұшып келетін жыл құсы (қараторғай)

  2. Құйрығы айыр құс (қарлығаш)

  3. Гүлдің негізгі көбею мүшесі (аталық пен аналық)

  4. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)

  5. Киелі құс (аққу, үкі)

  6. Ең биік ағаш (ротанг пальмасы)

  7. Ең үлкен маймыл (горилла)

  8. Ең ұзақ жасайтын өсімдік (секвойя)

  9. Хат тасушы құс (көгершін)

  10. Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)

ІІ топ

  1. Өсімдіктің генеративті мүшелері (гүл)

  2. Ең кішкентай құс (колибри)

  3. Ең үлкен сүтқоректі (кит)

  4. Әсемдік үшін өсірілетін үй құсы (тотықұс)

  5. Қорқақ жануар (қоян)

  6. Күн гүлі (күнбағыс)

  7. Ең жылдам жүгіретін аң (гепард)

  8. Алғаш рет жасушаны ашқан ғалым (Р.Гук)

  9. Аң патшасы (арыстан)

  10. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (ядро)

ІІ кезең «Ол кім, бұл не?»

І топ

Мен кіммін?

  1. Мен ұлым екеуміз өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық. Менің тегім, аты-жөнім кім? (әкелі-балалы Янсендер)

  2. Мен жүйелеудің негізін қалаушымын. Ағзаларға "қосарлы атаутізім" бердім. Мен кіммін?

(Карл Линней)

Ол не?

  1. Кез-келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшек не? Жасуша

  2. Жасушаны көруге болатын құрал не? Микроскоп

ІІ топ

Мен кіммін?

  1. Мен алғаш рет өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атадым. Менің аты-жөнім кім және бұл қашан болды? (Р.Гук 1665 ж)

  2. Мен әйгілі тары өсірушімін. Тарының әр гектарынан 165-175 центнерге дейін түсім жиналды. Менің аты-жөнім кім? (Ш.Берсиев)

Ол не?

  1. Шығу тегі, құрлысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы не? (Ұлпа)

  2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі не? (Окуляр)

ІІІ кезең «Сиқырлы сандар»

1 саны. Гүл туралы сұрақтар:

  1. Өсімдіктің көбею мүшелерін ата (Гүл, жеміс, тұқым )

  2. Тостағанша мен күлте жапырақша не деп аталады? (Гүлсерік)

  3. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы қалай аталады? (Гүлшоғыр)

  4. Гүлшоғырдың түрлерін ата (Жай және күрделі)

  5. Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай топқа бөлінеді? (Құрғақ, шырынды)

2 саны. Микроскоп туралы сұрақтар:

  1. Қарайтын затты орналастырады (заттық үстелше)

  2. Линзасы бар бөлігі (Обьектив)

  3. Микроскоп ұсақ заттарды қанша есеге дейін үлкейтеді (100-ден 2000 есеге дейін)

  4. Ұсақ затты 3-5 есеге үлкейтіп көрсететін, құрлысы қарапайым құрал (ұлғайтқыш қол әйнегі)

  5. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі (табан)

3 саны. Балдырлар туралы сұрақтар:

  1. Балдыр жасушасына түс беріп тұратын не? (хроматофор)

  2. Балдырлардың өкілдерін ата (Хлорелла, хлорокок, хломидоманада, порфира, плюмария, саргассум, ламинария)

  3. Қағаз өндірісінде қолданылатын жасыл балдыр (Кладофора)

  4. Ғарышқа ұшырылған біржасушалы талшықсыз жасыл балдыр (хлорелла)

  5. Балдырлардың денесі қалай аталады (таллом)

ІV кезең «Ойлан, тап»

І топ

Микроскоп бөлімі: бұранда, тұтқа, табан, айна, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі (обьектив)

Тамыр бөлімдері: өткізу, сору, өсу, тамыр оймақшасы (бөліну аймағы)

ІІ топ

Гүл бөлімдері: гүл сағағы, гүл табаны, күлте жапырақша, аталық, аналық (тостаған жапырақша)

Өсімдік жасушасының құрлысы: жасуша қабықшасы, ядро, вакуоль, пластидтер (цитоплазма)

V кезең «Сандар жырлайды»

І топ

Қазақстанда «Қызыл кітаптың » бірінші басылымы қай жылы жарық көрді? (1978ж)

Ламинария балдыры қанша метр тереңдікте өседі? (20-30 м)

Зеравшан аршасы неше жылда жеміс береді? (50 жылда)

Қазақстанда қанша қорық бар? (9)

Мүктәріздестердің қанша түрі бар (22000-нан 27000-ға дейін)

Жер бетінде өсімдіктердің қанша түрі бар (500мыңдай)

Қазақстанда өсімдіктерге арналған "Қызыл кітап" қай жылы жарық көрді? (1981ж)

ІІ топ



VІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр» топ басшыларына сұрақ

І топ

Мүктерді зерттейтін ғылым (Бриология)

Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (кіндік тамыр жүйесі)

Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі (Тозаңдану)

Қандай жасушалардың бөлінуінен сабақ жуандап өседі (Камбий)

Гүл күлтелеріне, жемістерге түрлі түс беретін пластид (хромопласттар)

ІІ топ

Құрттарды зерттейтін ғылым саласы (гельминтология)

Жануарлар дүниесі нешеге бөлінеді? Оларды ата. (көпжасушалы, біржасушалы)



VІІ кезең Ой толғаныс «Тірек белгілер» (мәтін беріледі, мәтінді оқып, конспектілейді. Конспектіде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек, тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен бейнелеу)

І топ

Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты, аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі-тыйым сөздер: «Көкті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б

ІІ топ

Биология ғылымдарының адам үшін маңызы зор. Мысалы, микробиологияның дамуы медицина, дәрі-дәрмек, тамақ, ауыл шаруашылығы өндірістерінде елеулі табыстарға жеткізіп отырғаны айқын. Биологияның экология саласы табиғатты қорғаудың аса қажеттілігінен туындады. Мысалы: қазір туындап жатқан ауыз су мәселесі, судың жетіспеушілігінен ғана емес, су қорын дұрыс пайдаланбаудан, ластаудан, орман-тоғайларды кесуден болып отыр. Бәріміздің ортақ үйіміз - Жерді, оның мәні мен сәні табиғатын сақтап, қорғау парызымыз.

Қорытынды ұпай сандарын есептеу. Оқушыларды марапаттау.


© 2010-2022