5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 сабақ

Сыныбы11 а(І топ) күні 02.10 Мұғалімі__________________ тексерген ____________/________

Тақырыбы: §5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

Мақсаты: Оқушылардың операциялық жүйелер және стандарты программалар туралы білімін қалыптастыру.

Білімділік - Оқушыларды операциялық жүйе және стандартты программалармен таныстыру.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, оқулық.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі :

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау.

Компьютердің программалық жасақтамалары дегеніміз не?

Жүйелік программалар?

Қолданбалы программалар?

Драйверлер деген не?

Интерфейс деген не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Программаны орнату:

  • Программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, Интернет желісі арқылы н/е жергілікті желі арқылы алынады. 5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

  • Авто іске қосуәдетте дискі жетекке қондырушы дискіні қойғанда орындалады. Егер бұл орындалмаса, ішіндегі дискіні ашып, ондағы setup.exe немесе install.exe файлын тауып, программаны іске қосудан кейінгі ШЕБЕРДІҢ нұсқауымен әрекет етеміз.

Программаны жою:

  • Программалардың көпшілігі ІСКЕ ҚОСУ мәзірінде орналасады, онда прорграмманы жою жарлығы бар(19-сурет). 5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

  • Program files бумасында орналасады. Бұл бумадан жоятын программаны тауып алып, оны жоя аламыз.

  • WINDOWS ОЖ-де программаны орнату, іске қосу, қалпына келтіру және өшіріп тастау әрекеттері БАСҚАРУ ПАНЕЛІ арқылы да жүзеге асырылады.

Іске қосубасқару панеліпрограмманы өшіру бұйрығын орындау. Программа мен компоненттер тізімі шығады(20-сурет).

5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

Программаны орнатып немесе жойғаннан кейін, міндетті түрде

компьютерді қайта жүктеу қажет.

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады.

Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.

ОЖ-ні орнату алдында минималды жүйелі талаптарға ДК-нің мінездемелерінің сәйкестігіне көз жеткізу қажет. Мысалы, 1-кестеде(43-бет) WINDOWS 7 ОЖ-нің талабына сәйкес келетін ДК-нің компонеттері келтірілген.

ОЖ жоқ компьютерге орнату дискісінен WINDOWS 7 ОЖ-сін орнату үдерісі:

5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

  • Орнату дискісі арқылы компьютерді қосу;

  • Лицензиялық келісіммен танысып, келісу;

  • ОЖ орнатылатын бөлімді көрсету;

  • Нұсқау бойынша әрекет ету.

Егер орнату басталмаса, бұл жаңдайда BIOS бапатуын өзгерту керек. Ғ11, Delete пернелерін басу арқылы BIOS баптауына өтуге болады.1-ші қондырғы ретінде BIOS-та DVD-диск жетегін таңдайу қажет.

Әрі қарай проблемалық жағдайларды болдырмас үшін мына шараларды орындау қажет. 2-кесте-44 бет.

Ақауларды жою әдістері:5 Программаны жою және орнату. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру

1.Іске қосудағы ақаулар- жүктелу барысында Ғ8 батырмасын басып жүктеудің ерекше нұсқасын таңдау қажет. 3-кесте.

Жүйені баптау-бұл ОЖ-ні іске қосқан уақытта ақауларды анықтайтын программа. Ол үшін келесі әрекетті орындаңдар: Іске қосубасқару жүйе конфигурациясы 21-сурет, 46 бет.

2. Жүйенің ақыры жұмыс істегені келесі себептерден болуы мүмкін: автоматты жүктелу барысында программалардың көптігі, қуатты үнемдеу режімі қосылғанда т.б.

Іске қосубасқару панеліақауларды жою бұйрығын таңдап, жүйе және қауіпсіздік бөлімінде ақауларды ІЗДЕУ ПУНКТін табыңдар, нұсқаулық бойынша әрекет жасаңдар. 22-сурет.

3. көмегі тиетін әрекеттер: қолданылмайтын программаларды жою, дискіні дегфрагментациялау, тазалау және әсерлерді жою, вирусқа қарсы тексеру, жадты кеңейту.

Жүйені қалпына келтіру.

Жүйені қалпына келтіру-ОЖ-нің ақауларын алдын алу әдістерінің бірі болып табылады. Құжаттардың, мәліметтердің жоғалуына жол бермейді.

ІV. Бекіту.

  1. КТЖ, 49-51 беттер.

  2. Тест жұмысы, 51-52 беттер.

  3. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.

V. Үйге тапсырма. §5-оқу, кестелерді жаттап, есте сақтау., 49-беттегі 10-11 тапсырма.

VІ. Қорытынды.







© 2010-2022