Қайталау операторлары: for операторы

Білімділік – Қайталау операторлары: for операторымен таныстыру.Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмеккөрсете білу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу,сабаққа деген қызығушылықтарын ояту
Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: 7 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 9

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторлары: for операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Қайталау операторлары: for операторымен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Қар лақтыру» әдісі бойынша оқушылардан өткен сабақтан алған білімдері сұралады. Оқушылар үйден дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кейбір есептерде бір әрекет аргументтердің әртүрлі мәндері бойынша бірнеше рет қайталанады. Мұндай есептерді шешу үшін қайталану немесе циклдік операторлар қолданылады. Циклдік операторлардың 3 түрі болады: арифметикалық, шартты алдын-ала тексеретін, шартты соңынан тексеретін. Белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып орындалса оны цикл дейді. Қайталану саны бүтін санмен беріледі.

FOR операторы. Егер есепте қайталану саны алдын-ала белгілі болса, FOR операторы қолданылады. FOR операторын - параметрлі цикл деп атайды. Есептегі орындалатын әрекеттер цикл ішінде параметрлердің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бір деген қадаммен өзгереді. Жалпы жазылу түрі:

FOR<айнымалы>:=m1 To m2 Do <оператор>;

<айнымалы> үшін m1-ден m2-ге дейін орындау <оператор>;

Параметрлі қайталану циклінің 2 түрі болады:

  1. FOR- TO параметрлі цикл операторы

  2. FOR- DOWNTO параметрлі цикл операторы

Мысал:

Есеп: 1-ден n-ға дейінгі сандардың қосындысын есептейтін программа құрыңдар.

Program esep1;

Var I, s, n: integer;

Begin

S:=0;

Writeln ('butin sandi engiz');

Read(n);

For i:=1 to n do

Begin

S:=s+1;

Write ('kosindi s=', s);

End.

IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program san;

Var i: integer;

Begin

Wtiteln (' 1- den 100- ge dein butin san');

Writeln;

For i:=1 to 100 do

Write (i:4);

End.

30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('30-dan 10-ga deingi jup san');

For i:=30 downto 10 do

If I mod 2=0 then

Writeln (i);

End.

1- ден 100 -ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.

Program tak and jup

Var I, s, s1: integer;

S:=0; S1:= 0;

For i:=1 to 100 do

Begin

If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;

Writeln (' s=', s, ' , ' , 's1= ', s1);

End;

End.

5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var I, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+I;

Writeln ('s = ', s);

End.

Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.

Program austir:

Var s:string:

k:byte:

begin

readln(s):

for k:=l to length (s) do

s[K]: =Upcase (s[k]);

writeln(s):

end.

V.Бекіту

Жасаған жұмыстары негізінде сұрақтар қою

VІ.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІІ.Үй жұмысы

3.7 - тақырыпты оқып, мазмұндау.



© 2010-2022