Power Point (8 сынып)

Тақырыбы: Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға презентациялар туралы мәлімет беру, программа интерфейсімен таныстыру; Дамытушылық: Оқушыларды Power Point бағдарламасымен жұмыс істеуге дағдыландыру, логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі:  Көрнекілігі:   презентация, қима қағаздар, интерактивті тақта, электрондық оқулық Сабақ жоспары: 1. ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: 17

Сыныбы: 8 «В»

Күні:13.01.15

Тақырыбы: Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға презентациялар туралы мәлімет беру, программа интерфейсімен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушыларды Power Point бағдарламасымен жұмыс істеуге дағдыландыру, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі:

Көрнекілігі: презентация, қима қағаздар, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын бекіту;

  3. Жаңа сабақ;

  4. Практикалық жұмыс;

  5. Жаңа сабақты бекіту;

  6. Бағалау;

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә)Назарларын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын бекіту:

MS Word -та құжат құрудың негізгі сатыларын жазыңдар

Power Point (8 сынып)

Power Point (8 сынып)Power Point (8 сынып)Power Point (8 сынып)Power Point (8 сынып)слайд

---------------------------------------------------------------------------

Power Point (8 сынып)көрме


3.Жаңа сабақ.

Көрме - бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірліген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме.

Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Енді PowerPoint программасымен қалай жұмыс атқарамыз, соған тоқталайық.

  • 1. Программаны іске қосу.

  • 2. Слайдты безендіру

  • 3. Слайдтарды қосу

  • 4. Слайдтарды ауыстыру

  • 5. Слайдты немесе барлық презентацияны көру

  • 6. Графиктік бейнелерді слайдқа енгізу

  • 7. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу

  • 8. Презентацияны сақтау

Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:

  • 1. «Пуск» батырмасын шертіңіз

  • 2. Контекстік менюден «Программы» таңдаңыз

  • 3. «Программы» менюінен «Microsoft PowerPoint» таңдаңыз.

  • 4. Мауыстың сол жақ батырмасын шертіңіз.

  • 5. Программаның беті іске қосылады.

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар. Слайдтарды безендіру үшін арнайы қалыптарды (шаблон) пайдалануға болады.

Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз

«ПІШІМ» (Формат)  «СЛАЙДТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ» (Оформление слайда).

Безендіруді қалай қолданамыз?

  • Басты менюдегі «Формат» батырмасын шерт

  • «Применить оформление» командасын тағайындаңыз

  • «Дизайны презентаций» ішінен керектісін таңдаңыз

  • Терезенің оң жақ шетіндегі үлгіге қарап таңда

  • «Применить» батырмасын шертіңіз

Слайдтарды қосу.

Презентацияға слайдтарды қосу үшін (екінші, үшінші немесе слайдтар арасына слайдты кірістіру керек болса) мына «режим сортировщика слайда» кнопкасы арқылы слайдтарды сұрыптау режиміне кіріңіз, бұл батырма терезенің сол жақ шетінде, немесе менюдегі «Вид» «Сортировщик слайдов»

Енді керекті жерге мауысты апарып шертеңіз жеткілікті. Сол жерде сіздің курсивіңіз вертикальды сызық түрінде көрсетіліп тұрады.

Менюдегі «Вставка» «Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті

Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.

Слайдтарды ауыстыру.

  • Менюдегі «Показ слайдов» «Переход слайда» таңдаңыз

  • Керекті эффектілерді таңдап слайдтарға ауысуды танда

  • «Продвижение» деген жерге жалауша орнатыңыз

Слайдты немесе барлық презентацияларды көру.

  • Құрастырылған слайдтарды көрудің екі түрлі тәсілі бар, бұлардың бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

  • 1. терезенің сол жағында орналасқан бұл батырма, ерекшеленіп тұрған слайдтан бастап көрсете бастайды.

  1. Менюдегі «Показ слайдов» «Показ», батырмасын таңдасаңыз бұл бірінші слайдтан бастап көрсете бастайды.

Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу

Графиктік бейнелер Word текстік редактордегідей орнатылады:

1. Менюдегі «Вставка»  «Рисунок».

2. Әрі қарай керекті бөлімді көрсетесіз графиктік бейнені қайдан алатыныңызды «Картинки»-дан ба, жоқ «Из файла» ма соны көрсетесіз.

Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

  • Слайдтарға музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар.

  • Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.

Презентацияға дыбыстарды енгізу

  • Слайдтқа дыбысты енгізу үшін менюдегі «Вставка» «Фильм и звук» таңдаңыз

  • Менюдегі «Фильм и звук»-дің ішіндегі «звуки из файла» немес «звуки из файла». (Файлдағы дыбыс) командалары «Microsoft Clip Gallery», сұқбат терезесінің ішінде орналасқан.

  • «Microsoft Clip Gallery» сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады.

  • «Вставка», «Фильм и звук», «Звук из файла» батырмасын шерт

  • Ашылған сұқбат терезеден «Звук» керекті файлды таңдап, шертіңіз. Керекті дыбысты дұрыс таңдағаныңызды тексеру үшін «Воспроизвести» батырмасын шертіңіз.

  • Егер бәрі дұрыс болса «Вставить» батырмасын шертіңіз.

Енді дыбыстарды баптайық...

Дыбыстық слайдтар мынадай түрде болады

Бұны слайдтың көрінбейтін жеріне орналастырыңыз.

Екі рет шертіп қайтадан шығаруымызға болады.

Менюдегі «Показ слайдов»  «Настройка анимации»

Тыңдау параметрлерін орнатамыз;

Мысалы:

«Показ слайдов» «Настройка анимации»  закладка «Время»  «Анимация»  «Включить»  «По щелчку»  «Ok»

Презентацияны сақтау.

  • Егер Сіз көрмені (презентация) әзірлеуді аяқтап, оны көрсетуге дайын болсаңыз: Жарайсын! Презентацияны құрастырып біттіңіз енді оны сақтау керек . Ол үшін: Басты менюдегі «Файл» «Сохранить как» және «Имя файла» деген жерге презентацияның атын жазыңыз, ал «Папка» жолына Файл тізімінен PowerPoint көрсету жолағын таңдап аламыз.

  • Одан кейін Сіздің қалтаңызда Көрме атаулы екі файл пайда болады.

4.Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

1.Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

_____________________________________________________

2.PowerPoint терезесінің элементтерін атап шық

Power Point (8 сынып)

ІІ деңгей

1. 3 баған мен 5 жолдан тұратын кесте құру.

2. Слайдтағы кестедегі берілгендер қатарын дұрысына толтыр.

Компьютердің құрылғылары

Программа

Стандартталған программалар

WORD

Қатқыл диск

POWER POINT

Операциялық жүйе

WORDPAD

Сканер, принтер

EXSEL

Модем, монитор, процессор

PAINT

Блокнот,

Пернетақта, колонка

Калькулятор

ІІІ деңгей

  1. Тақырыптардың бірін таңдап, 3 слайдтан тұратын презентациясы құр:

  • Астана-бас қала.

  • Менің жанұям, достарым, сыныбым.

  • Табиғатты қорғау міндетіміз!

2. Нысанды автофигураның көмегімен сал

Power Point (8 сынып)




5. Жаңа сабақты бекіту

Power Point (8 сынып)

Power Point (8 сынып)

6. Бағалау

7.Үйге тапсырма: "Тәуелсіз елім" тақырыбында презентация жасау


© 2010-2022