План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия











А ш ы қ с а б а қ

Тақырыбы:

Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру









Информатика пәнінің мұғалімі:

Акимешева Кайниса Байгадилевна







Алматы қаласы, 2015

Сабақ №22.

Сыныбы: 6 Күні:________ Пән мұғалімі:_______________ Тексерген: _________________

Сабақтың тақырыбы

MS Word мәтіндік процессорында кестелер құру

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Оқушыларды кесте құруға, бағандар мен жолдарды қосып, алып тастауға және ұяшықтармен жұмыс жасауға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

Блум таксономиясы бойынша, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • - MS Word мәтіндік процессорында кесте құруды;

  • - кестеге жол мен бағандарды қоюды және алып тастауды;

  • - ұяшықтарды біріктіру мен бөлуді;

  • - дайын кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін білуі керек.

Ресурстар (дереккөздер)

  • Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Информатика 6 сынып

  • Сергей Симонович, Георгий Евсеев Занимательный компьютер

bilimdiler.kz, myxatai2006.narod.ru, ustaz.kz, kazakh.ru сайттары

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

MS Word мәтіндік процессорында кесте құру, кестедегі жол мен бағандардың орнын ауыстыруын, кестелерді толтыруды, дайын кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді.

Сабақтың кезеңдері

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) оқушыларға үстел үстінде тұрған түрлі-түсті парақтардан алып, бірдей түстер бойынша отырғызып 2 топқа бөлу;

2) сабақта оқушылардың бағалау парактарын, эмоционалдық жағдайын анықтау (күншуақ) тарату;

3) бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын оқушылармен бірге қою (кестенің күнделікті өмірде не үшін, қайда пайдаланатыны сұрау);

4) Блум таксаномиясының 6 кезеңі бойынша сабақ өтілетінін (оқушылардан Блум таксаномиясы туралы ойларын сұрау) айту.

2. Білу кезеңі. «Қайталау-оқу анасы» (2 топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы қайталау)


  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не? (кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, тұзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі) План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

  2. Microsoft Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңдар. (Office батырмасы, жылдам қол жеткізу батырмасы, тақырып жолы, меню жолы, жолақ, пішімдеу сызығы, айналдыру жолағы, қалып-күй жолы, масштаб)План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

  3. Жанама (контекстік) мәзір деген не?( Құжатпен жұмыс істеу үдерісінде мәтінді тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама (контекстік) мәзірді шақыруға болады. Жанама мәзірде бірнеше бұйрық орналасқан)

  4. Кегль деген не?(Қаріптің пункттерде берілген мөлшері)

  5. Пішімдеу сызғышы не үшін керек? (Пішімдеу сызғышы экранда бейнелеу үшін Түр→Көрсету немесе →жасыру→Сызғыш)

  6. Тізімнің түрлерін атаңдар? (Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады:маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі)

  7. Құжатты алдын ала қарау және басып шығару бұйрықтары қандай қызмет атқарады? (Құжатты алдын ала қарау және басып шығару бұйрықтары Office→Басып шығару бұйрықтарының мәзірінде орналасқан)

3. Түсіну кезеңі. «Жаңа білімді меңгерту»

Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Әдетте кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін пайдаланылады.

MS Word әртүрлі құрылымдағы - саны әртүрлі жолдар мен бағандардан, біріктірілген ұяшықтардан тұратын - кестелер тұрғызуға мүмкіндік береді. Кестелер ұяшықтарының шекаралары түрі (пунктирлі, біртұтас, қосақталған және т.б.), жуандығы және түсі әртүрлі қоршау сызықтарымен сызылуы мүмкін.

Кесте құру батырмасы жолақтың Кірістіру тіркеме парағында орналасқан. Осы батырманы басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояйды. План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Кестелерді кірістіру және салу

Жаңа кесте құру үшін Кірістіру => Кесте Кестені кірістіру бұйрығын пайдалануға болады. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.

Кестелермен әрі қарай жұмыс істеу үдерісі барысында оңай жойылады және қосылады, сондықтан құру кезінде жолдар мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Егер сендер сурет салуды жақсы көрсеңдер, онда кестені жай қарындашпен салып, керек емес сызықтарды өшіргішпен (ластик) өшіруге де болады. Кестенің суретін сызу үшін жолақтың Кесте тіркеме парағында Қарындаш батырмасын қосады. Одан кейін тінтуірдің сілтемесі сендер графикалық процессорда тікбұрыштар салған сияқты кестелер салуға болатын қарындаштың түрін қабылдайды. Өшіргіш жолақтың Конструктор => Шекаралар сызу тіркеме парағында орналасқан. План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Кесте құру үшін бірінші немесе екінші тәсілді қолданған (кестенің суретін салу емес, оны қосу) ыңғайлы. Ал артық сызықтарды жоюды немесе олардың жаңаларын қосуды қа- рындашпен және өшіргішпен орындаған дұрыс. Әрине сендер тек бұйрықтарды немесе тек сурет салу режимін пайдалана аласыңдар. Кез келген программадағы сияқты, сендерге өздерін жақсы көретін тәсілді таңдауға болады.План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Экспресс-кестелер бұйрығы кестелердің дайын шаблондарын қосады. Бұл кестелер әрленіп қойған, тек мазмұнын өзгерту ғана жетіспейді.

Деректерді енгізу және кестелердің бойымен жылжу

Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері - сілтемелер комегімен жылжиды. Сонымен қатар ұяшықтан-ұяшыққа ауысу үшін Таb пернесі қолданылады. Бұл перне меңзерді кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Одан басқа, егер осы пернені меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқан кезде басатын бол-сақ, онда кестеге жаңа жол қосылады. Бұл функцияны көбіне кестені ұяшықтан-ұяшыққа Таb пернесі көмегімен жылжып отырып толтырғанда қолданады. Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Таb пернесін басады.План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Сергіту сәті. «Ойнайық та ойлайық!» (жұмбақтың шешуін табу)

План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)


4. Қолдану кезеңі. «Өзіңді өзің тексер!»

(деңгейлік тапсырмалар)








І. Міндетті деңгей

1. Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді кесте түрінде басып шығыңдар. Жолдарға сабақтардың нөмірін, ал багандарға дүйсенбіден сенбіге дейінгі апта күндерін орналастырыңдар.

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1.


2.


3.


4.


5.



  1. Кестені «Сабақ кестесі» деген атаумен сақтаңдар.

5. Талдау кезеңі. (деңгейлік тапсырмалар)

ІІ. Лайықты деңгей

1. Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын мынадай түрдегі кесте құрыңдар:

Аты-жөні

Телефоны

Мекен жайы

1.

2.

3.

4.

5

2. Кестені толтырыңдар.

3. Кестені «оқушылар» деген атаумен сақтаңдар.



ІІІ. Жоғары деңгей

Аты-жөні

Телефоны

Мекен жайы

E-mail

1.


2.


3.


4.


5.


6.


1. Құрылған кестеге E-mail бағанын, 6-шы қатарды қосыңдар.



2. Кестені сақтаңдар

6. Жинақтау кезеңі. «Адасқан сыңарлар»

План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)


7. Бағалау кезеңі. «сәйкестендіру тесті»



Бағалау парағыПлан урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)План урока по информатике на тему Microsoft Word мәтіндік процессорында кестелер құру (6 класс)

Оқушының аты-жөні: ______________________________________

І. Білу кезеңі. «Қайталау-оқу анасы»


ІІ. Түсіну кезеңі. «Жаңа білімді игерту»

ІІІ.Қолдану және ІV.Tалдау кезеңі. «Өзіңді өзің тексер!»

І деңгей-"3"

ІІ деңгей-"4"

ІІІдеңгей-"5"

V.Жинақтау кезеңі. «Адасқан сыңарлар»

VI.Бағалау кезеңі.

«Cәйкестендіру тесті»


Толық жауап берді

3

Толық меңгерді

3

ІІІ деңгейді меңгерді

3

Толық орындады

3

Толық сәйкестендіре алды

3

Жартылай жауап берді

2

Жартылай меңгерді

2

ІІ деңгейді меңгерді

2

Жартылай орындады

2

Жартылай сәйкестендіре алды

2

Жауап бере алмады

1

Меңгере алмады

1

І деңгейді меңгерді

1

Орындай алмады

1

Сәйкестендіре алмады

1

Қорытын-ды



Жиындық ұпай

13-15 ұпай: «5»-тік 5-9 ұпай: «3»-тік

10-12 ұпай: «4»-тік 0-4 ұпай: сабаққа зейін қой!!!

«Оқушы үні» авторы: Ж.Раддок

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз _______________________________________

Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды.


Күнделікке бағаларын қою

8.Үйге тапсырма


§22 оқу. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек.

Рефлекция

Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.


© 2010-2022