• Преподавателю
  • Информатика
  • Доклад по теме: Оқушылардың ынтымақтастық жұмыстарын арттыра отырып, білімді жетілдіру жолдарын қарастыру

Доклад по теме: Оқушылардың ынтымақтастық жұмыстарын арттыра отырып, білімді жетілдіру жолдарын қарастыру

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекахметова Мадина Сұлтанахметқызы

"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, математика және информатика пәндері мұғалімі

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Ескендіров көшесі, 46 үй

Байланыс телефондары: ұялы телефон 87013490333

Е-mail: [email protected]

Мақала тақырыбы: "Оқушылардың ынтымақтастық жұмыстарын арттыра отырып, білімді жетілдіру жолдарын қарастыру"











ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН АРТТЫРА ОТЫРЫП, БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ


Бекахметова Мадина Сұлтанахметқызы


"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетісай қаласы


Елбасымыз «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсына отырып, ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екендігін атап көрсетті. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Ол үшін оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екендігі атап көрсетілді.

Білім - қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу - қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.

Кембирдж тәсілдеріне негізделген мұғалімнің білімін жетілдіру бағдарламасы бүгінгі таңда әлемді алаңдатып отырған "оқушыға дайын білім" беру емес, өздігінен білім алуына бағыт болатынын мен педагогикалық тәжірибем барысында түсіндім. Әлемдік деп отырған себебім, тез өзгеріп жатқан заманға баланың араласа алу қабілетін дамыту маңыздылығы бүкіл әлемдік проблема болып отыр деп айтар едім. Ол үшін ең алдымен, мен ұстаз ретінде өзім де өздігімнен білім жетілдіру қабілетімді, тәжірибемді әрқашан жетілдіріп, дамытуым керек.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және де екіншісі - ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес: "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?". Бұл еңбек ету процесімнің мәніне айналатын мәселе екенін түсіндім.

Қазіргі оқыту үрдісінде бұрын дайын дүниені беретін мұғалімнің рөлі өзгереді, ол тек өздігінен ізденіп, шешімді де өздері қабылдайтын оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болады.

Осы тұрғыдан мен шығармашылық жұмысыма "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" модулі бойынша "Оқушылардың ынтымақтастық жұмыстарын арттыра отырып, білімді жетілдіру жолдарын қарастыру" тақырыбын таңдадым. Тақырыпты таңдауға түрткі болған мәселе дәстүрлі мұғалімнің іс-әрекетінің өзгерісі үлкен жетістіктерге жетелейді деген ой сенімділігімді арттырды.

Ж.Пиаженің айтуынша "Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қарым-қатынаста ғана болады".

Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым - қатынаста ғана дамиды, тек қарым - қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу деген сөз. Оқу оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы Н.Сандерстің кестесі бойынша бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Топтық және жұптық жұмыстың тиімділігі 90% екендігі белгілі. Осы негіздемелерді талқылай келе Иммануил Канттың "Адам әрқашан да мақсат болып, ешқашан құрал болмауы керек" өмірлік қағидасын есіме алдым. Өзіме шығармашылық жұмысым бойынша "Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруларына ықпал ету" деп мақсат қойдым.

Оқушылардың математика және информатика сабақтарында танымдық қабілеттерін арттыруда топтық жұмысты қалай ұйымдастыру тиімді?

Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдыларды қалыптастыра отырып оқушыларға тақырыпты өз бетінше меңгеру іс-әрекетін қалыптастырғым келді. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Сондықтан топтық жұмыс арқылы жазбаша және ауызша әңгімелесу қарым - қатынасын, өзін - өзін таныту және басқаларды қолдау дағдысын қалыптастыру маңызды. Себебі, сыныпта әр түрлі деңгейдегі, психологиялық тұрғыдан алсақ темпераменттегі оқушылар оқиды. Жоғары деңгейлі оқушылардың көшбасшылық, дарындылық қасиетін дамыта отырып, сыныптастарын қолдау және өзін - өзі танытуға мүмкіндік жасадым. Ал, төменгі деңгейдегі оқушылардың көшбасшылыққа және нәтижелі білімге құштарлықтарын арттыру арқылы сыныпта танымдық, ынтымақтастық және жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырғым келді.

Сыныпта оқушылардың танымдық қабілеттерінің артуына ықпал ету де жас ерекшеліктері тұрғысынан зейінді қалыптастыру жолдарымен таныстым.

Әр сабағымда оқушыларды түрлі әдістермен топқа бөліп отырамын. Атап айтсам, жеміс түрлері арқылы, қағаз қиындылары бойынша, тәттілер көмегімен, түстер, смайликтер, гүлдер, компьютер құралдары арқылы, тақырыпқа байланысты терминдермен, оқу құралдары арқылы бірнеше әдістер көмегімен топтау бойынша ұйымдастырдым.

Нәтижесінде осы әдіс арқылы оқушылардың мінез - құлықтары мен қызығушылықтарын анықтай отырып, оларды топтық жұмыста келіспеушіліктер болдырмау үшін және ортақ іс - әрекетте белсенділіктерін арттыру мақсатында ынтымақтастыра топтастырдым.

Сабақты қорытындылау бөлімінде оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін ассоциация жасап, постер қорғайды. Постерді қорғауда сабақта орындалған тапсырмалар мен алған әсерлері туралы нақты дәлелдер келтіріп, негіздейді.

Сабақты қорытындылау бөлімінде смайликтермен бөлінген тақтада оқушылар өз әсерлерін стикерлерге жазып жеткізді. Оқушылар сабақтың мазмұнын негіздеп, әдістердің ұнағандығын, сабақта өз белсенділігінің артқанын, қызығушылығы пайда болғанын жеткізіп алған әсерлерімен бөліскен. Бұл әрекет арқылы мен оқушыларға топтық жұмыстың ұнағандағын, сабақты меңгергендіктерін байқадым.

Топтық жұмыста әрекеттесудің негізгі бір құралы әңгімелесу әдісін пайдалана отырып, оқушыларымның ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыруды қаладым. Ол үшін ортақ әңгімеге тартатын сұрақтар, ашық сұрақтар, топтық әңгіме жүргізуге ықпал жасайтын тапсырмаларды сабақтарыма ендірдім. Бұл туралы Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда "салауатты" келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады деген сөзінен ұқтым. Сол себептен сабақты жаңа тақырыппен байланыстыруда ашық сұрақтар ұйымдастырдым.

Іс-тәжірибем барысында шығарған нәтижем топтық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру арқылы оқыту сапасын жақсартуға болатынын түсіндім.

Мен топтық жұмыс жүргізудегі күтілетін нәтижеме қол жеткіздім. Оқушыларымның топтық жұмыста бітімге, келісімге келгендігін анкета жүргізу арқылы анықтадым. Оларға жүргізілген анкета нәтижесінде топтық жұмыс ұнайтынын анықтадым.

Алдыма қойған міндеттерім бойынша екінші күтілетін нәтижем оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыру болды. Оқушылардың белсенділіктерінің артқанын кері байланыс жасау арқылы анықтадым.

Топтық бірлескен сабақтарда бәсекелестік атмосферасы туындайды, ол оқушылардың өз жұмыстарының нәтижелі болып шығуына қызығушылықтарын арттырады. Ұжымдық жұмыс алдымен талдау мен бағалау, сосын өзара талдау мен өзара бағалау, одан кейін өзіндік талдау мен өзіндік бағалау дағдыларына ынталандырады.

Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында екенін біле отырып, болашақ тәжірибемде іске асыруға атсалысамын. Сыныпты ынтымақтастыққа ұйымдастыра отырып, оқушылармен топтық жұмыс жүргізудің маңыздылығы неде екендігін ұғындым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.17 қаңтар 2014 ж

2. А.Әлімов. Жоғары оқу орындарфнда интербелсенді әдістерді пайдалану.

Алматы, 2009 ж

3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

© 2010-2022