Енгізу және шығару операторлары

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Енгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыЕнгізу және шығару операторларыСАБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«____» ____________2014 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 7 «А» _______, 7«Ә»______ ,7 «Б»_______, 7 «В»_________

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау. Енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушыларды стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

6. Компьтермен жұмыс

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғшқысы мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі - сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.

Міндеттерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімі болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.

блок

Программа тақырыбы

Программа құрылымның диаграммасы

Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:

1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);

2. белгілерді (label) сипаттау:

3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

5. айнымалыларды (var) сипаттау;

6. процедураларды (procedure) сипаттау;

7. функцияларды (function) сипаттау;

Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.

Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.

Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;...., атау n =мәні;

Мысалы, const рі =3.14; е =2.7; a = `bol`; max = 1000;

Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.

Пішімі: var айнымалы атауларының

тізімі: тип:

Мысалы: var af, m, n: integer;

h, sg: real;

d, ch: char;

kd, b: boolean;

Операторлар бөлімі

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.

Операторлардың жалпы жазылу түрі:

Вegin

1-оператор;

2-оператор;

....................;

n-1- оператор;

n-оператор

end.

Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.

Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.

Құрама операторлар біренше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

Операторлар

Функция мен процедураларды анықтау операторлары

Басқару операторы

Енгізу-шығару операторы

Меншіктеу операторы

Операторлардың жіктелуі

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар

мәнін есептейді.

2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды

Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.

Көшу операторы. Көу немесе шартсызкөшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:

GOTO <белгі >;

мұндағы <белгі > - LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.

Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы

түрі.

READ(al, a2,…,an);

READLN(al, a2,……,an);

READLN;

Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE

операторы қолданылады.

WRITE (al, a2,…,an);

WRITELN(al, a2,……,an)

1-мысал. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a, b, x integer;

Begin

Write ('a, b-сандарын енгіз');

Readln(a, b);

X:=a+b;

Writeln('x =',x);

End.

2-мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

Program bolindi;

Var a, b, x:real;

Begin

Write ('a, b-сандарын енгіз');

Readln(a, b);

X:=a/b;

Writeln('x=',x);

End.

Компьютермен жұмыс

Тақтаға жазылған 1-2 мысалды және кітаптың 70-72 беттеріндегі программасы құрылған дайын мысалдарды компьютерде Паскаль программасында теріп, тексеріп, нәтижесін көру.

Сабақты бекіту сұрақтары

Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

Көшу операторы не үшін қажет?

Меншіктеу операторының форматы.

Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?

Енгізу операторының жалпы форматы қандай?

Шығару операторының жалпы форматы қандай?

Үйге тапсырма: 3.1 - 3.4. тақырыптарды оқу, 73 бет, 4-жаттығу.


© 2010-2022