Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларға беттің параметрлерін баптау, құжатты басып шығару туралы түсінік беру

Дамытушылық - Осы тақырып бойынша алған төориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану

Тәрбиелік - компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: теориялық, практикалық

Көрнекілігі: ДК, презентация

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Негізгі ұғымдарды қайталау

ІІІ Жаңа сабақ

Құжат өлшемдері, ернеулері

Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.




Мәтіндік құжаттың қатесін тексеру

Мәтіндік процессор құжаттың грамматикасы мен орфографиясын автоматты түрде тексеру мүмкіндігін тудырады. (орыс, ағылшын т.б. тілдерде осындай мүмкіндік бар ). Дұрыс енгізілмеген немесе белгісіз сөздердің асты қызыл толқынды сызықпен сызылады. Синтаксистік қателері бар фрагменттердің асты жасыл сызықпен сызылады.

Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін F7 басу керек.

Құжатты басып шығару өлшемдерін баптау

Құжат құрудың соңғы қадамы оның қағаздағы көшірмесін алу болып табылады. Ол үшін «Office» батырмасы - Басып шығару бұйрықтар блогы жауап береді. Құжатты басып шығару кезеңдерін қарастырайық, оның алғашқыларының бірі Алдын ала қарау бұйрығы.

IV Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс

2-тапсырма Электронды оқулықпен жұмыс

V Сергіту сәті

« Жұмбақ шешу»

1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы(тышқан)

5. Қағазға тойматын құрылғы (принтер)

6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

VІ Сабақты қорындылау

Үйге тапсырма §21, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы

VІІ Оқушыларды бағалау

Рефлексия

Түрлі түсті стикер тарату. Сабақ туралы өзінің рефлексивті ойлауын хат арқылы жазады.

Үйге тапсырма: интернет желісінен мәлімет іздеу



© 2010-2022