Опорный конспект по информатике на казахском языке

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



«Информатика» пәнінен


Базалық конспектілер






Семей қаласы

Пәннің тақырыптық жоспары

№ п/п

Тарау мен тақырыптардың атаулары

Ішкі оқу формасының оқу уақытының саны (сағат)

Барлығы

Тәжірибел.тапс.

1

2

3

4

1 тарау. Информатика және ақпарат

Тақырып 1.1 Материалдық әлемдегі ақпарат

2

Тақырып 1.2 Информатика пәні және оның маңызы

2

Тақырып 1.3 Санау жүйесі.

2

Тарау бойынша барлығы:

6

2 тарау. Дербес компьютердің құрылғылары

Тақырып 2.1 Дербес компьютердің құрылғылары

2

Тақырып 2.2 Дербес компьютердің құрылғылары

2

Тарау бойынша барлығы:

2

2

3 тарау. WINDOWS амалдық жүйе

Тақырып 3.1 WINDOWS амалдық жүйелер. Файл мен бумалар

2

Тақырып 3.2 WINDOWS жүйесімен жұмыс істеу негіздері

2

Тақырып 3.3 WINDOWS жүйесімен жұмыс істеу

2

Тақырып 3.4 WINDOWS жүйесінің қалыпталған бағдарламалары

2

Тарау бойынша барлығы:

2

6

4 тарау. Мicrosoft Word текстік редакторы

Тақырып 4.1 Microsoft Word: жалпы мағлумат

2

Тақырып 4.2 Мәтінмен жұмыс істеу

2

Тақырып 4.3 Word Artпен жұмыс істеу

2

Тақырып 4.4 Формулалармен жұмыс істеу

2

Тақырып 4.5 Кесте мен диаграммалармен жұмыс істеу

2

Тақырып 4.6 Арнайы мәтінмен жұмыс істеу

2

Тарау бойынша барлығы:

4

8

5 тарау. Компьютерлік графика

Тақырып 5.1 Компьютерлік графика түрлері

2

Тақырып 5.2 Графикалық мәліметтерді келтіру

2

Тақырып 5.3 Paint графикалық редакторы

2

Тақырып 5.4 Анимация, мультипликация. Дыбыстық эффектілер.

2

Тақырып 5.5 Дыбыстық файл құру. Мультимедиялық бағдарламаларқұру технологиясы.

2

Тарау бойынша барлығы:

4

6

6 тарау. Презентация

Тақырып 6.1 Презентация компоненттері

2

Тақырып 6.2 Презентация құралдары. Power Point бағдарламасы.

2

Тақырып 6.3 Дизайн және үлгілер. Шебер. Слайд.

2

Тақырып 6.4 Презентацияны құру.

2

Тарау бойынша барлығы:

4

4

7 тарау. Microsoft Excel электрондық кесте

Тақырып 7.1 Microsoft Excel электрондық кестелерді құру

2

Тақырып 7.2 Электрондық кесте құру

2

Тақырып 7.3 Microsoft Excel: функция шебері

2

Тақырып 7.4 Microsoft Excel: диаграммамен график құру

2

Тақырып 7.5 Microsoft Excel: толтыру маркерлері

2

Тақырып 7.6. Microsoft Excel: кестелердің байланысы

2

Тема 7.7. Microsoft Excel: мәліметтер базасымен жұмыс істеу

2

Тарау бойынша барлығы:

2

12

8 тарау. Microsoft Access МББЖ

Тақырып 8.1. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік

2

Тақырып 8.2. Мәліметтер базасын жобалау

2

Тақырып 8.3. Microsoft Access-те мәліметтермен жұмыс

2

Тақырып 8.4. Microsoft Access сұраныспен жұмыс

2

Тема 8.5. Microsoft Access МББЖ-мен жұмыс

2

Тарау бойынша барлығы:

4

6

9 тарау. Компьютерлік желілер. Интернет

Тақырып 9.1 Интернет желісінің теоретикалық негіздері.

2

Тақырып 9.2 Локалды және глобалды желілер

2

Тақырып 9.3 Word Wide Web (WWW) негізгі түсініктер

2

Тақырып 9.4 WWW-да ақпаратты іздеу

2

Міндетті бақылау жұмысы

2

Сынақ

2

Тарау бойынша барлығы:

8

4

Пән бойынша барлығы

88

48









1 тарау. Информатика және ақпарат

Тақырып 1.1 Материалдық әлемдегі ақпарат

  1. Ақпарат және мәліметтер.

  2. Ақпараттың адекваттылығы.

  3. Ақпараттың адекваттық формалары.

  4. Ақпарат спасының көрсеткіштері.

1. Ақпарат және мәліметтер.

Ақпарат кең мағынада - бұл жалпы ғылыми түсінік, құрамына адамдар арасындағы мағлұматтар, тірі және өлі табиғат, адамдар және құрылғылардың арасындағы белгілердің алмасуы кіреді.

Әр түрлі ғылыми пәндерде және техниканың әр түрлі облыстарында ақпарат туралы әр түрлі түсініктер бар. Бірақ, ақпаратпен байланысты ғылым мен техниканың барлық салалары ақпараттың төрт қасиеті бар болуымен келіседі.

Ақпаратты құруға, жіберуге (сәйкесінше қабылдауға), сақтауға және өңдеуге болады. Бұдан ақпаратты былайша анықтауға болады:

Ақпарат - қоршаған ортадан қабылданатын (еңгізілген ақпарат), қоршаған ортаға берілетін (шығарылған ақпарат), немесе кейбір жүйеде сақталатын (ішкі ақпарат) мағлұматтар (мәліметтер) жиынтығы.

Информатика ақпаратты, біздің қоршаған әлемнің объекті ретінде және құбылыстар туралы көзқарасымызды өзгертетін өзара концептаулды байланысқан түсініктер, мәліметтер, мағлұматтар түрінде қарастырады. Информатикада ақпаратпен қатар мәліметтер түсінігі жиі қолданылады.

Мәліметтерді қандай-да бір себептен қолданылмайтын, бірақ сақталатын белгілер немесе жазылған бақылаулар түрінде қарастыруға болады. Бұл мәліметтерді бірнәрсе туралы анықталмағандықты азайту үшін қолдану мүмкіндігі туған жағдайда, мәліметтер ақпаратқа айналады. Сондықтан келесіні тұжырымдауға болады: ақпарат болып пайдаланылатын мәліметтер саналады.

2. Ақпараттың адекваттылығы

Ақпаратпен жұмыс істегенде әрқашанда ақпараттың көзі мен тұтынушы бар болады. Хабарды ақпарат көзінен оның тұтынушысына жіберуді қамтамасыз ететін жолдар мен процесстер ақпараттық коммуникациялар деп аталады.

Ақпараттың тұтынушысы үшін маңызды сипаттамасы болып оның адекваттылығы аталады..

Ақпараттың адекваттылығы-бұл түскен ақпарат көмегімен құралған нақты объектіге, процеске, құбылысқа және т.б. сәйкес келудің белгілі деңгейі.

Нақты өмірде ақпараттың толық адекваттылығына сүйенер жағдайдың болуы мүмкін емес. Әрқашанда анықталмағандықтың кейбір дәрежесі болады. Ақпараттың объектісінің нақты күйіне немесе процесіне, адекваттылығының дәрежесіне байланысты адам дұрыс шешім қабылдайды.

3. Ақпараттың адекваттық формалары

Ақпараттың адекваттылығы үш түрде өрнектеледі: семантикалық, синтаксистік, прагматикалық.

Синтаксистік адекваттылық.. Ол ақпараттың формальді-құрылымдық сипаттамаларын бейнелейді және оның мағыналық мазмұнына тимейді.

Семантикалық (мағыналық) адекваттылық. Бұл түрі объект бейнесінің объектің өзімен сәйкес келудің дәрежесін анықтайды. Семантикалық аспект ақпараттың мағыналық мазмұнын алдын ала болжайды.

Прагматикалық (тұтынушылық) адекваттылық..Ол ақпарат пен оның тұтынушысы арасындағы қатынасты, ақпараттың басқару мақсатына сәйкес келуін бейнелейді.


4. Ақпарат сапасының көрсеткіштері

Репрезентативті ақпараттық байланыстың дұрыс жинақталған қалыпта мақсаттық адекватты бейнесінің объектілі құрылымы. Репрезентативтің бұзылуы ақпаратты әр кез оның маңызды қателіктеріне әкеледі.

Ақпараттың мазмұндылығы семантикалық көлемді кескіндейді, бұл өнделетін мәліметтің сементикалық ақпараттың санының қатынасына тең, яғни С = Ic / Vд.

Ақпараттың жеткіліктілігі дегеніміз, құрамды дұрыс шешу үшін минималды бірақ жеткілікті болуы.

Ақпараттың қолжетімділігі дегеніміз, оны алудың және қайта өңдеу үшін сәйкес процедураның орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ақпараттық жүйеде ақпарат қолданушыға қолжетім және ыңғайлы түрінде жасалынады. Бұл оның семантикалық формасының қолданушының тезаурусымен келісімі арқылы жеткізіледі.

Ақпараттың актуалділігі ақпараттың оның қолдану кезіндегі басқаруына құндылығының дәрежесінің сақталуымен анықталады және оның мінездемесінің динамикасының өзгеруінен, берілген ақпараттың пайда болғанынан бастап өткен уақыт интервалына байланысты.

Ақпараттың өзуақыттылығы дегеніміз есептің шығарылуына қойылған уақыты бойынша ақпараттың өзуақыттылы түсуі.

Ақпараттың дәлділігі ақпараттың объектін, процестің, құбылыстың және т.б. шынайы жағдайына ақпараттың жақындылығының дәрежесімен анықталады.

Ақпараттың дұрыстылығы оның қасиетінің шынайы объектілерінің қажетті дәлділігімен анықталады.

Ақпараттың қалыптылығы оның мүмкіншілігін керек дәлдікті бұзбай-ақ кіріс берілгендерге өзгерту жасауға кескіндейді.

Тақырып 1.2 Информатика пәні және оның маңызы

  1. Ақпараттық революциялардың ролі және мәні.

  2. Ақпараттық қоғамның түсінігі.

  3. Қоғамды ақпараттандыру процесі.

4. Информатиканың құрылымы, басты функциясы және есептері.

1. Ақпараттық революциялардың ролі және мәні

Цивилизацияның даму тарихында көптеген ақпараттық революциялар болды. Олар: қоғамдық қатынастарды түрлендіру барысында ақпаратты өңдеу сферасында көптеген түпкі өзгерістер енгізді. Мұндай түрлендіру нәтижесінде адамдар қоғамда жаңа сапаларға ие болды.

Бірінші революция жазудың пайда болуымен байланысты. Жазудың көмегімен білімді ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға мүмкіндік туды.

Екінші (XVI ғ. Ортасы) кітап басып шығарумен байланысты.

Үшінші (XIX ғ.соңы) электрлік құрылғылары телеграф, телефон, радионың пайда болуы, ақпаратты тез беруге және көп көлемде сақтауға мүмкіндік берді.

Төртінші (XX ғ 70 ж.) микропроцессордың және дербес компьютердің пайда болуымен байланысты.

Соңғы ақпараттық революция бірінші жоспарға жаңа бағыт - информациялық индустрияны енгізді. Ол жаңа технологиялық әдістер, технологиялармен байланысты. Қазіргі заманғы ақпарат жүйелері сол саладағы табыстарға сүйінеді.

Компьютерлық техникалардың және ақпараттық жүйелердің дамуы қоғамның дамуына, әр түрлі ақпарат алуға түрткі болды.

2. Ақпараттық қоғамның түсінігі.

Ғалымдар ақпараттық қоғамда компьютерлену процессі адамдардың жаңа ақпараттарды дер кезінде білуге мүмкіндік береді және ақпаратты өңдеуде жоғарғы деңгейдегі автоматизацияны пайдалануға мүмкіндік береді деп санайды. Бұл даму қоғамда материалдық бағыт емес, ақпараттық бағытта болуы керек. Ақпараттық қоғамда материалдық және технологиялық база, компьютерлық жүйе және компьютерлық техникалар әртүрлі типтегі базада болады.

Ақпараттық қоғам - бұл көбінесе жұмыс істеушілердің ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналысатын қоғам.

Көптеген ғалымдар ақпараттық қоғамға мынадай белгілер жатады:

  • Ақпараттық кризистің мәселелерін шешу, ақпараттық аштық пен ақпараттық лавина арасындағы келіспеушілік;

  • Басқа салаларға қарағанда ақпараттық приоритет қамтамасыз етілген;

  • Дамудың басты формасы ақпараттық экономика болады;

  • Берілген ақпараттарды жаңа тәсілмен өңдеу, сақтау, автоматтандыру болады;

  • Адамдық революцияда ақпараттық бірлік орнайды;

  • Әрбір адам информатика арқылы еркін ақпараттық ресурстарға кіре алады;

  • Қоғамды басқару және қоршаған ортаға әсер ету үшін әлеуметтік принциптер енгізіледі;

Ақпараттық қоғамның жақсы жағымен қатар жаман жақтары да болады:

  • Бүкіл әлемдік ақпарат жүйелерінің қоғамға әсер етуі;

  • Ақпараттық технологиялар адамның және ұйымның жеке өмірін бұзады;

  • Ақпараттың шын және сапалы екеніне күмән туады;

  • Көптеген адамдарға ақпараттық қоғамда биімделу оңай болмайды;


3. Қоғамды ақпараттандыру процесі

Қоғамды ақпараттандыру - бұл ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-технологиялық әдістерді құратын адамдар, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар үшін ақпараттық жүйелерді қолдану. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі заманның прогресі болып саналады.

4. Информатиканың құрылымы, басты функциясы және есептері

Информатика - бұл компьютерлердің және олардың қолданылу айналасымен арақатынасының көмегі арқылы ақпаратты түрлендіру процесстерімен байланысты адамзат шығармашылығының облысы.

Информатиканың құрылымы

Информатика кең мағынада адамзат шығармашылығының барлық сферасында басты әдіс компьютерлер көмегімен және байланыстың телекоммуникациялық әдісі арқылы ақпараттың қайта өңделуімен байланысты ғылымның, техниканың және өндірістің әр түрлі салаларының бірлігін білдіреді.

Информатиканы тар мағынада үш өзара байланысты бөліктен құралған деп елестетуге болады - техникалық әдістер (hardware), бағдарламалық әдістер (software), алгоритмдік әдістер (brainware).

Өз кезегінде, информатиканы толық сияқты, жеке бөліктерін де әр түрлі позициядан қарастырады(сурет 1): ұлттық шаруашылық саласы сияқты, фундаменталды ғылым сияқты, қолданбалы пән сияқты.

Опорный конспект по информатике на казахском языке



Сурет 1. Информатиканың ғылымның, қолданбалы пәнінің саласы сияқты құрылымы


Информатиканың есептері

Информатиканың негізгі функциясы ақпаратты түрлендірудің әдістері мен тәсілдерін өңдеуге және оларды ақпаратты қайта өңдеу технологиялық процесін ұйымдастыруда қолданылуға енгізілген.

Информатиканың есептері келесілерден тұрады:

  • Кез келген табиғаттағы ақпараттық процестерді;

  • ақпараттық процестерді зерттеу алынған қорытындылар қоймасында ақпаратты қайта өңдеудің жаңа технологиясын ойлап шығару және ақпараттық техниканы өңдеу;

  • компьютерлік техника мен технологияларды қоғамдық өмірдің барлық салаларында құру, енгізу және тиімді қолдануды қамтамасыз ету ғылыми және инженерлік мәселелерін шешу.

Информатика өзімен-өзі өмір сүрмейді, ол басқа облыстардағы мәселелерді шешу үшін жаңа ақпараттық техникалар мен технологияларды құру үшін шақырылған комплексті ғылыми- техникалық пән болады. Ол басқа облыстарға зерттеудің әдістері мен тәсілдерін ұсынады, тіпті процесстер мен құбылыстардың қалыптаспаулығынан сандық әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналатын жерлерде де. Информатикада компьютерлік техника арқасында мүмкін болған математикалық модельдеу және кескіндерді танып білу әдістерін, практикалық үлестірілуді бөліп көрсету керек. Информатика индустриясының комплексі ақпараттық қоғамда жетекші рол атқарады. Қоғамдағы бар үлкен ақпараттылыққа, тенденция заттық дәрежеде информатика прогресіне ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің бірлігі сияқты тәуелді.

Тақырып 1.3 Санау жүйесі.

Берілген санды көрсету үшін қолданылатын белгілер және ережелер жиыны санақ жүйесі деп аталады.

Санақ жүйелері тұрған орнына байланысты мағынасын өзгертетіндер (позициялықтар) және позициялық еместер болып екіге бөлінеді.

Позициялық сандық жүйеде цифрдың мағынасы оның орналасқан позициясына байланысты өзгереді. Мысалы, 555,5 қандай позицияда тұруына байланысты бұл санның мағынасы өзгеруде.

Позициялық емес сандар жүйесінде цифрдың тұрған орны оның мағынасын өзгертпейді. Мысалы, римдік сандық жүйелер. ХХХ санында Х- ондық санның белгісі және оның мағынасы тұрған орнына байланысты емес.

ЭЕМ- дерде тек позициялық сандық жүйе ғана қолданылады; себебі бұл жүйеде санды жазу басқа жүйеге қарағанда жинақы және есептеуге ыңғайлы.

Тарих бойынша ондық сандық жүйе ең көп тараған жүйе болса да, онымен қатар көптеген сандық жүйелер осы күнге дейін адам өмірінде қолданылып келеді. Мысалға, Майя халқы - жиырмалық, индейцтер- бестік- ондық, Европада революцияға дейін - он екілік (дюжина), ал Қытайда- бестік жүйелер қолданылады.

Негізінде кез келген сандық жүйе құруға болады. Сандық жүйенің негізі ретінде кез келген бүтін санды, мысалы, 2, 3, 8 және т.б. қабылдап, соларға сәйкес екілік, үштік, сегіздік және басқа да сандық жүйе құруға болады.

Позициялық сандық жүйеде кез келген негізге мынадай қағида дұрыс келеді: қарастырылып отырған разрядтағы бірліктер алдыңғы разрядтың бірліктерінен қанша есе көп екенін көрсететін сан, сол сандық жүйенің негізі болып есептелінеді. Сондықтан кез келген позициялық сандық жүйеде тұрған санды мынадай түрде жазуға болады:

Nq = knqn + kn-1qn-1 + …+ k1q1 + k0q0 + …,

Мұндағы Nq - q - сандық жүйеде тұрған сан;

q - жүйенің негізі;

n - разрядтың нөмері;

Кn - қарастырылып отырған разрядтың бірлік санына тең коэффициент.

Мысалы, 35,72 - саны үшін, бұл коэффициент осы санның бір- бірінен кейінгі цифрларының мәні, яғни 3, 5, 7, 2.

35,72(10) = 3*101 + 5*100 + 7*10-1 + 2*10-2

немесе

6745(10) = 6*103 + 7*102 +4*101 +5*100

Ондық сандық жүйеде ЭЕМ-де информацияны өңдеу ыңғайсыз, себебі есептеу машиналардың негізгі жұмысшы элементтері екі позицияда ғана болады: «Қосылған», «Айырылған» және т.б.

ЭЕМ- де мәліметтерді екілік жүйеде өңдеу өте ыңғайлы, себебі екілік жүйеде санның кез келген разряды тек және 1 өрнектеледі, ал мұндай цифрлардың физикалық моделін құру техникалық тұрғыдан қарағанда өте оңай. Техникада көптеген тетіктер екі тиянақты жағдайда болуы мүмкін. Мысалға, реле: контактылар қосылған - модель - 1, айырылған модель - 0.

Екілік сандық жүйенің негізін 1850ж. Ағылшын ғалымы, математик Дж. Буль ойлап тапқан. Бұл жүйе екі цифрмен 0 және 1 өрнектеледі. Бұл жүйенің түбірі 2.

100100 екілік санын мынадай түрде жазуға болады:

100100(2) = 1*25 + 0*24 + 0*23 +1*22 +0*21 +0*20.

Екінші буынға жататын ЭЕМ- дерде сегіздік сандық жүйе де қолданылады. Бұл сегіздік сандық жүйе, машинаға есепті программалауға дайындағанда, команданы жазу үшін және машинаға еңгізу үшін қолданылады.

Сегіздік сандық жүйеде тек 0- ден 7 дейінгі цифрлар қолданылады.

Әр түрлі позициялық сандық жүйеде сандарды жазу

Ондық

q= 10

Сегіздік

q= 8

Бестік

q= 5

Үштік

q= 3

Екілік

q= 2

0

0

0

0

1

1

1

1

1

01

2

2

2

2

10

3

3

3

10

11

4

4

4

11

100

5

5

10

12

101

6

6

11

20

110

7

7

12

21

111

8

10

13

22

1000

9

11

14

100

1001

10

12

20

101

1010

11

13

21

102

1011

12

14

22

111

1100

13

15

23

111

1101

14

16

24

112

1110

15

17

30

120

1111

2. Бір сандық жүйеден екінші жүйеге көшіру.

а) Бүтін санды көшіру ережесі. Ондық санды басқа сандық жүйеге көшіру үшін оны жаңа жүйенің түбіріне рет- ретімен бөліп, қалған қалдықтарды ақырғысымен қоса, алынған тәртібіне керісінше жазу керек.

Мысалы, 25 екілік сандық жүйеге көшір

25(10) = Х(2) -> 11001(2)

Опорный конспект по информатике на казахском языке


оқу рет

б) Бөлшек санды басқа жүйеге көшіру ережесі. Ол үшін санның бөлшегін жаңа жұйенің түбіріне көбейтеді. Көшіру процесі үтірден кейін қанша разрядқа дейін жүргізілу керек болса сонша разрядқа дейін жүргізіледі.

МОпорный конспект по информатике на казахском языкеысалы, 0,3125(10) ->Х(2) -> 0,0101(2)



в) Аралас бөлшек санды басқа жүйеге көшіру. Аралас бөлшек сандарды басқа жүйеге көшіру үшін ең бірінші бүтін санды, сонан кейін бөлшек санды, жоғарыдағы көрсетілген ереже бойынша жаңа жүйеге көшіреді де, содан кейін екеуін бірге жазады.

Мысалы, 25,5(10) ->Х(2) -> 11001,1(2)

3. Сегіздік және екілік жүйелердің арасындағы байланыс.

Тәжірибеде, программа құрған кезде (үшінші буынды машиналарға дейін) команданың нөмірін, санның адресін, операцияның кодын, алғашқы мәліметтерді және т.б. сегіздік жүйеде өрнектейді. Бірақ біз білеміз ЭЕМ- де қандай информация болмасын тек екілік жүйеде ғана жазылады. Сондықтан, ЭЕМ- де арнайы құрал арқылы «триад» кестесінің көмегімен ақпаратты сегіздік жүйеден екілік жүйеге ауыстырады. Үлкен сандарды екілік жүйеге ауыстыру өте үлкен есептеуді қажет етуіне байланысты, оларды бірінші сегіздік жүйеге, содан кейін «триад» кестесін қолданып екілік жүйеге ауыстырған жөн.

Екілік «триад»

Сегіздік

Екілік (триадалар)

0

000

1

001

2

010

3

011

4

100

5

101

6

110

7

111

Кез келген сегіздік жүйеде өрнектелген санды «триад» кестесін қолданып оңай екілік жүйеге көшіруге болады.

Мысалы, 245,37(8) ->Х(2)

Ауыстыру реті:

2 4 5 3 7

010 100 101 011 111

немесе

245,37(8) -> 10100 101, 011111(2)

Санды екілік жүйеден сегіздік жүйеге көшіру үшін, оны үш-үш цифрдан топ- топқа бөледі, әр бүтін санды топ- топқа бөлу үтірден солға қарай басталады да, ал бөлшек жағы үтірден оңға қарай жүреді.

Бірінші және ең ақырғы санды, үш цифрға толғанша нольмен толтырады да, әр үш цифрдағы топты сегіздік жүйенің цифрларына ауыстырады. Мысалы, 11011101,1011(2) -> Х(8)

011 011 101, 101 100

3 3 5 5 4

немесе

11011101,1011(2) ->335,54(8)

Осындай бірінен- біріне механикалық көшіру ретімен, клавиш (тетік) құрылғысы арқылы перфоратор сегіздік жүйеде жазылған бағдарламаны екілікке ауыстырып ЭЕМ- ге еңгізеді.

Екілік жүйедегі арифметикалық операциялар. ЭЕМ- де арифметикалық әрекеттер қалай жүргізіледі? Бұл сұраққа жауап беру үшін, екілік жүйеде арифметикалық операциялар қалай жүретінімен танысайық. Себебі ЭЕМ- де арифметикалық әрекеттер негізінде екілік жүйеде жүреді.

ЭЕМ жасалмай тұрып, 1850ж. ағылшын математигі Дж. Буль екілік алгебраны қарастырып шықты (Қазіргі кезде бұл алгебраны, математикалық логика деп атайды).

Екілік жүйеде әр түрлі арифметикалық операцияларды орындау үшін мына ережелерді білу керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Санау жүйесі дегеніміз

2. Санау жүйесінің жіктелуі

3. Позициялық санау жүйесі

4. Позициялық емес санау жүйесі

5. Екілік санау жүйесі

6. Сегіздік санау жүйесі

7. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру ережесі

2 тарау. Дербес компьютердің құрылғылары

Тақырып 2.1 Дербес компьютердің құрылғылары

Дербес электронды есептеуіш машина (ДЭЕМ) біздің заманымыздағы, яғни ХХІ ғасырдағы негізгі қызметтік құрал болып табылады. ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған әрбір білімді адам бұл құрылғының тілін білуге тиіс. ДЭЕМ біздің қоғамдағы басты құрал. Жаңа заманның ағымымен, терминдік сөздердің шығуымен ДЭЕМ қазір көп жерлерде компьютер деп аталып жүр.

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты Информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығымен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурста (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын Информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003) шыққанын айту жеткілікті.

ХХ ғасырдағы индустриялық эрадан ХХІ ғасырдағы Информациялық эраға өту процесі осы ДЭЕМ көмегімен байланысты.

Крмпьютер ғылымының дамып, күнделікті болып жатқан өзгерістерінен компьтерлік тілдер, компьтерлік жүйелер, компьтерлік программалар мен аппараттық архитектурасы өзгеру үстінде.

Компьтердің маңыздылығымен ол тек белгілі бір кеңселерде ғана емес, ол мектептерде де, жоғары оқу орындарында, кеңсе-офистерде және тіпті үйлерде де көптеп кездеседі.

Компьютер көмегімен құжаттарды өңдеуге, сақтауға, ашуға, оқуға және қағаз бетіне шығару құрылғысы-принтермен шығарып, қажетімізге арнауға болады.

Сонымен қатар ДЭЕМ тек Информациялық сабақтардан ғана емес, шет тілдері, физика, математика және тағы басқа сабақтардан қолданылады.

Компьюютердің дамуымен байланысты көптеген күрделі мәселелерді оңай шешуге болады.Мысалы:интернет желісінің көмегімен және электрондық почта көмегімен тез арада керекті материалдарды іздеуге және келесі компьютермен жалғастыруға, шет елдермен қарым-қатынас құруға және тағы басқа мүмкіндіктерді орныдауға болады.

Компьютердің түрлері көп.Бұл туралы тарихқа шолу жасайық:

ХХ ғасырдың ортасында Информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілімен (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияны қарқынды белең алып дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болға ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарға орналасқан көлемді электрондық жабдықтар болды. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондықаспаптармен-транзистрлармен алмастырылып, компьютердің бұрынғы өнімділігін сақтағанмен, көлемі жүз есеге дейін кішірейген еді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини ЭЕМ-дер шыға бастады. (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан).Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан -БИС элементтерінен тұратын)шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанынын алғашқы белгісі болды.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьюерлер деп аталатын микрокомпьютерлер шықты.Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды.70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғанын мынадан көруге болады:тіпті оларды сусын шығаратын фирмаларда (Соса-Соlа) жасап шығара бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981жылы ІВМ фирамсы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

ІВМ фирмасының жасаған компьютерлерінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуін қарастырайық:

Аппараттық құралдарға аппараттық іс-әрекетті орындайтын; енгізу, шығару, сақтау және орталық процессор құрылғылары жатады.

Ал, программалық қамтамассыз ету үшін жүцйелік программалар, прогаммалау тілдері, операйиялық жүйе, МSДОS программаларын қолдануға болады.

Аппараттық және программалық қамтамасыз ету арқылы, әр адам өзіне керекті материалдарды, шешімсіз алгоритмдік пен логикалық және, т.б есептерді шешуге, компьютерді жүктеуге, екі компьютер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

ІВМ фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1) шығарылатын есепті, орындайтын жұмысты мақсат ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2) аппараттық жасақтама (Handware);

3) мәліметтер файлы;

4) компьютердің программалық жасақтамасы;

Компьютерлік жүйелер ұғымы немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны, машиналар, мәліметтер, программалар және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданылады.

ДЭЕМ-нің архитектурасы

Біз үлкен ЭЕМ немесе дербес компьютерді алсақ та олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамман тұрады:

1.Орталық процессор;

2)Енгізу құрылғысы;

3)Есте сақтау құрылғысы;

4)Шығару құрылғысы;

Орталық процессор барлық, есептеу және Информация өңдеу істерін орындайды.Бір интегралдық схемеден тұратын процессор микропроцессор деп аталады.Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемелер жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы Информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтизесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

ДЭЕМ-өте күрделі машина.Сонымен қатар адам көп ойланып шешетін есептерді, баспа құрылғысын, есте сақтау қабілеті соғұрлым жоғары.

Дербес компьютерді басқару кез келген адамның қолынан келе бермейді:Бұл жай қарағанда телевизорға ұқсас, бірақ шын мәнінде екеуінің айырмашылығы көп.Телевизорды қосу үшін бір батырмасын басу керек, ал дербес компьютерді қосу үшін көптеген батырмалардың көмегімен және негізгі құрылғылардың көмегімен қосуға болады.

Компьютердің құрылғылары қызметінің маңыздылығына байланысты екі түрге бөлінеді: негізгі құрылғы және қосымша(сыртқы) құрылғылар;

1.Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына мыналар жатады:

-Жүйелік блок;

-Монитор;

-Клавиатура;

2.Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына мыналар жатады:

-манипулятор «мышь»

-Принтер;

-Джойстик(қолтетік);

-Дыбыс күшейіткіш;

-Сканер (ізкескіш);

-СD-ROM;

-Стример;

-Графиксызғыш немесе плоттер;

-Цифрлық фотакамера;

-Модем;

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екігк бөлу қарастырылған:олар жүйелі блок және сыртқы құрылғылар;

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

- микропроцессор;

  • оперативті есте сақтау құрылғысы немеес жедел жады;

  • тұрақты есте сақтау құрылғысы;

  • қоректену блогы мен мәлімметті енгізу - шығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

- Информация енгізу құрылғылары;

- Информация шығару құрылғылары;

- Информация жинақтау құрылғылары.

ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелі блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір Информация жинақтауыш құрылғы кіреді.ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларлы қосу арқылы кеңейтуге болады.

Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), «тышқан» тәрізді тетік және сканер (ізкескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер(ұршық тәріздес қолтетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды. Мысалы автомматтандыруда қолдануға болады.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артуы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен (шнурлармен) өзара жалғастырылады.

2. Жүйелік блок.Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған.олар дректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.

Жүйелік блоктың ішін көру үшін оның артқы қақпағын ашу керек, оның конструкциясында жүйелік блоктың әр түрлі типтері үшін айырмашылықтар бар.Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында:компьютерді қосу, өшіру батырмасы, дискжетек, компак-дикскіден оқитын CD-ROM орналасқан. Кейбір жүйелік блоктардың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блоктың мынадай түрлері болады:үстелге қоятын (көлденең орналасқан), «еденге» немесе «мұнара» түрінде (тік орналасқан).

Мұнараға ұқсас жүйелік блок өз кезегінде бірнеше түрде болады;олар:мини-оны үстелдің шетіне қояды, миди-оны жеке үстел үстіне қояды, мұнара -оны еденге қояды.

Жүйелік блоктың ішінде алалық (жүйелік)плата (тауша), процессор, қоректену блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнеттауша, дыбыстаушасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.

Компьютердің артқы тақшасында кіру негізгі (манитордың пернетақтасының, маустың портарын) және қосымша құрылғылар (принтердің, модемнің, сканердің, микрафонның порттарын) қосатын порттардың ажыратып-қосқыштары бар.

Процессор-компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютер «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды.

Процессор құрылғысы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алатын мүмкіндігі бар.Компьютердің кез келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.

Іс жүзінде компьюьердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы-микропроцессор атқарады.Қазіргі кезде ең көп таралған процессор «пентиум» (Pentium) деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «пентиум» деп атаайды.Компьютердің негізгі сипаттамасының бірі-оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетін жиілікке байланысты.Жиілік жоғарлаған сайын, компьютерде жақсырау болады. Процессор жадыпен бірге жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

Процессордың негізі микропроцессор екені белгілі.Енді осыған тоқталайық:

Микропроцессор бір кристалда дайндалған (үлкен интегралдық схемалар-БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады.Оны әр түрлі логикалық функцияны орындайтын етіп, програмалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды ариметикалық құрылғы немеес енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады.Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

ІВМ тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (молдельдерінде) яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші-мегагерц-Мгц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр.Бұған дейін кең таралған модельдерге INTEL-8088 (~5Mгц), 80286 (~20Мгц), 80386 SX (~25Мгц), 80386 ДХ(~40Мгц), 80486 (~100 Мгц-ке дейін), Pentium (~75Мгц-тен жоғары) және Pentium-Pro ( ~200 Мгц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген.Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір моделге кіретін процессорлардың жиіліктері артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өте өседі.

INTEL 8088, 80286, 80386, тәрізді бұрын шыққан микропроцессорларда аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turво режимі) жабдықталады.

Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Loptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, манитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок перне тақтаның астында, ал манитор перне тақтаның қақпағы түрінде жасалған.

Бақылау сұрақтары:

  1. ДЭЕМ буындары

  2. ДК дегеніміз не?

  3. Монитор

  4. Жүйелік блок

  5. ДК негізгі құрылғылары

  6. ДК қосымша құрылғылары

3 тарау. WINDOWS амалдық жүйе

Тақырып 3.1 WINDOWS амалдық жүйелер. Файл мен бумалар

Операциялық жүйе - компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

  2. Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

3.2. ОЖ-ның жіктелуі

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:

Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);

Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны);

ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);

Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);

Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.

Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:

  1. IBM фирмасы үшін OS/2;

  2. Microsoft фирмасы үшін Windows;

  3. Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

3.3. Windows операциялық жүйелері

IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:

  • 32-разрядтілі архитехтурасы;

  • Көп есептілігі және көп қолданушылығы;

  • Графикалық қолданушы интерфейсі;

  • Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;

  • Виртуальды жадты қолдану;

  • Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;

  • Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;

  • Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;

  • Интернет глобальды желімен интеграциясы;

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:

  • Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;

  • Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;

  • Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;

  • Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;

  • Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;

Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:

  • Файлды ашу;

  • Файлды сақтау;

  • Файлды қиып алу;

  • Файлды көшіру;

  • Дискіден файлды өшіру;

  • Файлдың атын өзгерту;

  • Файл үшін жарлық құру;

Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума - объектілерді сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.

Жарлық - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.

Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.

Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.

Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар деп аталады.

Интерфейс - құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы интерфейсі деп аталады.

Графикалық қолданушы интерфейсі - адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.

Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі - бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе - экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.

Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.

Мәлімет алмасу - бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.

Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні "алып бару" және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен "алып бару" әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады.

Алмасу буфері - жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен "алып бару" әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:

  • Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);

  • Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді.

Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады:

  • Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;

  • Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады;

  • Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;

  • Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.

Стандартты қосымшалар дегеніміз - дискіні тазалау, дискіні тексеру, дискіні дефрагментациялау, дискімен жұмыс жасау мастері және т.б.

Бақылау сұрақтары

1. Операциялық жүйе

2. ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

3. Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді.

4. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:

5. Файл

6. Plag and Play технологиясы

7. Бума

8. Жарлық

9. Интерфейс

10.Мәлімет алмасу

11.Алмасу буфері

4 тарау. Мicrosoft Word текстік редакторы

Тақырып 4.1 Microsoft Word: жалпы мағлұмат

Опорный конспект по информатике на казахском языке

MS Word терезесіне шолу

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Құжат терезесі мынандай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы-онда терезені басқару батырмалары Опорный конспект по информатике на казахском языке және құжаттың атауы Опорный конспект по информатике на казахском языке орналасады.

  • Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес командалар тобынан құраладыОпорный конспект по информатике на казахском языке

  • Стандартты құралдар үстелі -жаңа, сақтау, ашу, басып шығару, көшіру, қоюОпорный конспект по информатике на казахском языке

  • Пішімдеу құралдар үстелі - мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын белгілеуге арналған Опорный конспект по информатике на казахском языке

  • Сызғыш - құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Опорный конспект по информатике на казахском языке

  • Тапсырмалар аймағы - пайдаланушы таңдау бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тпсырмаларын көрсетеді.

  • Айналдыру сызығы - құжат ішінде қозғалып жүріуге мүмкіндік береді.

  • Күй жолағы- құжаттыңағымдағы бетінің нөмерін, бөлім нөмерін, беттер санын көрсетеді. Опорный конспект по информатике на казахском языке

Текстiк құжаттар редакторы - офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор - MS Word болып табылады. MS Word - текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол - текстік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алады.

Word редакторының мүмкіндіктері:

  • Текстті шекаралары бойынша автоматты түрде түзету;

  • Автоматты түрде сөздерді тасымалдау;

  • Сөздердің дұрыс жазылуын тексеру;

  • Белгілі бір орнатылған уақыт аралығында текстті сақтау;

  • Санаулы минуттарда іс қағаздарын, резюме, автобиография, факс және т.б. көптеген құжаттарды құруға мүмкіндік беретін шаблондардың болуы;

  • Берілген сөз немесе текст фрагментін іздеу, оны көрсетілген фрагментпен ауыстыру;

  • Ішкі буфер арқылы жою, көшіру мүмкіндіктері;

  • Тексттке автоматты түрде құрылған күнін, уақытын, жазған адамның атын және т.б. қосуға болады;

  • Макрокомандалардың көмегімен текстке мәліметтер қорын немесе графика обьектілерін, *.wav форматындағы музыкалық модульдерді қосуға болады.

Текстік құжатты құру.

Тестік редакторлар жазу машинкаларына қарағанда тексті көркемдеудің көптеген мүмкіндіктеріне ие. Ішкі тақырыптарды, абзацтарды, жолдар арасындағы үлкейтілген аралықтарды, шрифт түрлерін, астын сызуды т.б. қолдану текст мазмұнының әсерлілігін арттырады. Дегенмен бір құжатта әр түрлі гарнитур шрифтерін көп қолданбаған дұрыс, себебі ол текст мазмұнын қабылдауды қиындатады. Бір мезгілде 2-3 шрифтен артық қолданбаған жөн. Мәтіндегі маңызды бөліктерді көрсету үшін әр түрлі түстерді қолдануға болады. Егер текст ақ-қара принтерде шығарылатын болса, кейбір түстер баспаға шығару кезінде қоңыр түс беріп, текстті оқуды қиындататынын есте ұстау керек. Тексті бөлу үшін рамкаларды қолдануға болады. MS Word құжат құрумен бір мезгілде орфографиялық тексеруді жүзеге асырады және қате терiлген сөздер болса, таныс емес сөздердің астын толқынды қызыл сызықпен сызып шығады. Грамматикалық тексеру дұрыс қойылмаған тыныс белгілерін, сөздердегі үйлесімсіздік және басқа қателерді анықтайды.

Тексті теру.

Тексті енгізудің екі режимі бар - қою және ауыстыру. Режимдерді ауыстырып қосу Insert пернесінің көмегімен жүзеге асырылады. Backspase пернесі курсордың сол жағындағы қате символды өшіреді, ал Delete пернесі курсор тұрған позициядағы символды өшіреді, оң жақтағы қалған символдар солға жылжиды. Енгізілетін символ қою режимінде автоматты түрде жолды жылжытады немесе ауыстыру режимінде символды алмастырады. Ағымдағы жолдың соңына жеткен кезде курсор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Enter пернесі абзацтың соңына жеткен кезде басылады.

Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары

Редакциялаудың негізгі операцияларына келесі әрекеттер жатады:

  • Текст фрагментін қосу;

  • Текст фрагментін жою;

  • Текст фрагментін жылжыту;

  • Текст фрагментін көшіру;

  • Іздеу және контекстік ауыстыру.

Фрагментті қолданушы көрсеткен текстің бір бөлігі деп түсінеміз. Ерекшелеу тышқанның немесе клавиатураның көмегімен жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. MS Word

2. Word редакторының мүмкіндіктері:

3. Текстік құжатты құру.

4. Тексті теру.

5. Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары

6. Құжат терезесінің элементтерін ата және сипатта

5 тарау. Компьютерлік графика

Тақырып 5.1 Компьютерлік графика түрлері

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік графика

2.Растрлық графика

3.пиксельдер

4.Векторлық кескіндер

5.Фракталды графика

Тақырып 5.4 Анимация, мультипликация. Дыбыстық эффектілер.

Анимация қозғалмайтын, өлі объектіден қозғалыс иллюзиясын құратын технология.

ЕҢ көп тараған түрі- мультипликация, салынған суреттердің сериясынан тұрады. Барлық келесі суреттерде фигура әр түрлі қозғалыста болады. Суреттің бөліктері кадрлап фотоға түсіріледі, одан кейін экранға проектіленеді. Дыбысты анимацияда секундына 24 кадр, ал дыбыссызында секундына 16 кадр. Анимацияның мақсаты-шынайы өмірде болмайтын қозғалыстар мен эффектілер. Мысал үшін: кейіпкерлер ауада жүреді, оларды бірнеше бөлікке бөліп тастасаң да өздерін қайта құрасырады.

(multiplicatio латынша - көбейту, үлкею, өсу) мультипликация - қозғалмалы және қозғалыссыз табиғаттың түрлi объекттерінің формасының өзгерiсiнiң және қозғалатын суреттер, қозғалыстың бос қиялдарының алуының техникалық әдiстерi.

Кино және телефильмдердiң кейiпкерлер немесе сахналары жеке алғанда. Мультипликациялық техниканың арқасында кинематограф және көркем фильмдер пайда болды.

Адам қабылдауына байланысты 1 секунда 18 кадр қозғалысы болуы керек.

(animation француз - жандану) анимация - мультипликацияның батыстық атауы: кино өнерiнiң түрi және оның (мультфильм ) шығармасы

  • Компьютер анимациясы - объекттердiң формасы немесе қимыл фазалары бар кадрлар, бiртiндеп суреттердiң көрсетуi алдын ала дайын тұрған график түрiнде файлдардың (слайд) бiртiндеп көрсетiлуі , сонымен бiрге қозғалыстың компьютер арқылы өзгеруі.

анимация - жансыз заттарға жан бітіреді, оларды әр түрлі қозғалысқа түсіреді. Жансыз заттарға адамныңәртүрлі фантазияларын қолдануға мүмкіндік береді.

Мультипликация мен анимация - өнердің бір түрі, мультипликация технологиясын туынды эленменті ретінде қолданады.


  • Мультипликация, анимация - суреттер жинағы, толық мультпликациялық қойылым немесе оның фрагменті.

  • Мультипликациялық фильм, мультфильм - мультипликациялық өнердің біткен туындысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Мультипликация

2.Анимация

3.Кадр

4.Компьютерлік анимация

6 тарау. Презентация

Тақырып 6.1 Презентация компоненттері

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Power Point бағдарламасын ашу

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Бақылау сұрақтары:

1. Power Point

2. Слайд дегеніміз не?

3. Презентация дегеніміз не?

4. Презентацияның кеңейтілуі

Тақырып 6.2 Презентация құралдары. Power Point бағдарламасы.

PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші рет ашқан кезде пайдаланушылық тілдесудің өзгергенін көресіз. Терезенің жоғарғы бөлігінде PowerPoint пәрмендеріне арналған жаңа құрылым орналасқан. Бұл құрылым қажетті мүмкіндіктерді табуға және пайдалануға, сонымен қатар, өте тартымды көрмелер жасауға көмектеседі.

Алға ұмтылып, жаңа PowerPoint бағдарламасын пайдалануды бастаңыз. Ненің және неліктен өзгергенін көріңіз. Содан кейін әдеттегіше әрекеттеріңізді істеп көрмемен жұмыс істеңіз. Кері оралғыңыз келмейтін болады.

Курс туралы толық мәлімет алу үшін осы бетті оқып шығыңыз, одан кейін бастау үшін

PowerPoint терезесінің жоғары жағы елеулі өзгерістерге ең көп ұшыраған аймақ болып табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер мен құралдар тақталарының орына бұл жерде топтарға реттелген көптеген өте көрнекі пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады.

Бұл таспа деп аталады және ол - көрмелерді жасауға арналған басқару орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды алып, құлымдарының толық мәліметтерін қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай болады.

PowerPoint 2007 бағдарламасының пернелер тіркесімдері, жылдам қатынау тақтасы және тағы басқалар сияқты басқа жайттары туралы көбірек мәліметтерді тауып алыңыз.

Сонымен, үйреншікті пәрмендер жүйесін не мақсатпен өзгерттік? Себебі, біз сіздің қалай жұмыс істейтініңізді біліп алдық. PowerPoint бағдарламасын пайдаланатын адамдар нақты бір пәрмендерді ұнатып, сол пәрмендерді қайта қайта пайдаланады.

Осыны сипаттап, қолдау үшін, біз сол пәрмендерді барынша танымал, ең бірінші көрінетін етіп жасадық. Мақсатымыз оларды көрсетілмейтін мәзірлерден немесе құралдар тақталарынан іздеп жүрмеу үшін көрнекі етіп жасау және сақтау болып табылады.

Таспаның бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп пайдаланылатын пәрмендер жинағы және Басты қойынды деп аталады. Түймешіктер түрінде көрсетілетін осы пәрмендер ең жиі қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді пішімдеу мен орналастыру және мәтінді табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды қолдайды.

Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың әрқайсысы көрмені жасау барысында орындалатын жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы түймешіктер логикалық топтарға бөлінген. Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер өлшемдері бойынша ең үлкендері болады. Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда сұралған, бірақ табылмаған жаңа пәрмендер енді көзге көрінетіндей етіп жасалған.

Таспа бірнеше қойындылардан жасалады. Басты қойындылары:

«Кірістіру» қойындысы Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық элементтер - кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме бар.

«Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді теңшеңіз.

«Қимылдану» қойындысы Барлық қимылдану әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу енді әлдеқайда оңай.

«Слайдтарды көрсету» қойындысы Бастау үшін түсті қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай дайындық элементтері.

«Сараптау» қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында кіріңіз.

«Көрініс» қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде үйлестіріңіз.

Қажет етілетін қойындылар

Таспада жұмыс істегенде пайда болып және жасырылып отыратын бірегей түсті қойындыларға назар аударыңыз. Олардың қатарына суреттер мен сызбалар сияқты элементтерге арналған арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша мәліметтер кейінірек беріледі.

1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі таспада көрсетілген.

2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша түймешігін басыңыз.

3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген. Слайдта алдын ала қарап алу үшін меңзерді кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану үшін нұқыңыз.

PowerPoint бағдарламасында кескіндер мәнерлері немесе WordArt түрлері немесе қимылдану әсерлері сияқты кез келген элементің көптеген таңдауы болса, таңдаудың бірнешеуі таспада көрсетіледі. Таңдаулардың толық жиынтығын көру үшін, суретте көрсетілгендей Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.

Алдын ала қарап шығуды көрсету Тінтуір меңзерін жиынтықтағы нобайға апарғанда (көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану әсері қолданылғанда қандай көрініске ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз, болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті басқа нобайға апарып, қолданғыңыз келетіннің бірін нұқыңыз.

1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз, мысалы, осы жерде суреттелген Қаріп тобын, бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз.

2. Таңдауға болатын көптеген параметрлері бар тілқатысу терезесі ашылады.

Бұл жерде топқа сыйғызуға болатын қосымша пәрмендер мен параметрлер әлде қайда көп болатындығы анық. Тек ең көп пайдаланылатын пәрмендер ғана көрсетілген. Егер сирек қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз келсе, топтың төменгі бұрышында көрсетілетін қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша параметрлерді ашып береді.

Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында қаріп түрлері мен өлшемдері, қалыңдығы, көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі пішімдеу түймешіктерін табуға болады.

Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет етілсе, мысалы, жол үстілік, Қаріп тілқатысу терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні нұқыңыз.

Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды қажет ететін слайдпен жұмыс істегенде көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін толтырғышын нұқығаныңызда көрсеткі Басты қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге қатысты пәрмендері бар әр топта шығарылады.

Кеңес: Таспаны кішірейту Егер терезеде қосымша жұмыс кеңістігі қажет етілсе, таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен оған қол жеткізуге болады. Бұны жаттығу сеансында орындап көре аласыз.

Көрмемен жұмыс істеп отырғанда негізгі немесе қайталанбалы болып табылатын кейбір әрекеттер орындалады және бұл кезде үрдістің жеке бөлігінде файлды сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті болдырмау сияқты әрекеттерді орындау қажет етілмейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бағдарлама интерфейсі

  2. Бағдарламаны ашу жолдары

  3. Бағдарламаның сақталуы

  4. Слайдтарды көрсету түсінігі

  5. Презентация түсінігі

7 тарау. Microsoft Excel электрондық кесте

Тақырып 7.1 Microsoft Excel электрондық кестелерді құру

  1. MS Excel ортасының интерфейсі.

  2. Excel дің басқару құрылғылары.

  3. MS Excel де деректер ұйымдастырылуы.

  4. MS Excel дегі мәліметтер типтері.

1. MS Excel ортасының интерфейсі

Excel дің негізгі терезесі 6 суретте схема түрінде көрсетілген және келесі компоненттерінен тұрады: Тақырып жолы, жүйенің негізгі басты менюі, басқару панелі, формулар жолы, жұмыс алабы. Калып күй қатары.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

сурет. MS Excel экраны.

Формулар жолы 2 суретте көрсетілген компоненттерінен тұрады:

Опорный конспект по информатике на казахском языке

сурет. Формулар жолы

2. Excel дің басқару құрылғылары

Excel де берілгендермен басқаруы төрт тәсілмен жүзеге асырылады: меню бойынша, пиктограммалар көмегімен, бекітілген пернелер көмегімен және тышқан арқылы. Жүйенің интерфейсінің негізгі элементтеріне қысқыша шолуы:

  • Басты (немесе оралықты) менюі Excelдің барлық функцияларын жүзеге асырылады. Менюды Alt, немесе F10, немесе тышан арқылы шақыруға болады.

  • Пиктограммалар (экрандық батырмалар) графикалық формада пайдаланушыға қажет ең маңызды функцияларын бейнеленеді.

  • Пернелік комбинациялары деректерді өңдеу кейбір құрылғыларға жетілдіруды жасайды. Пенрнелердің әрекеті кестенің ағымды режимнен тәуелді.

  • Тышқан тетігі деректерді басқару ең оперативті құрылғысы.

3. MS Excel де деректер ұйымдастырылуы

Кітап - Excelдегі деректердің ең үлкен бірлігі және Excel файлының синонимі. Ондай файлдардың аттарының кеңейтілуі XLS.

Жұмыс парағы (немесе жай парағы) пайдаланушының жұмыс алабын ұйымдастырылады. Excel кітабында парақтарының саны 255 дейін болады (кілісім шарты бойынша парақтардың саны үш). Басқа парақтарда орналасқан деректерді (және басқа файлдарда да орналасқан деректерді) бір - бірімен байланыстыруға болады.

Жол. Жол жолдың номермен адрессациялайды, мысалы 25

Баған. Бұл элемент әріппен белгіленеді, мысалы D.

Ұяшық. Кестенің деректердің элементарлы бірлігі болады.ұяшыққа оның адресі бойынша сілтемені жасауға болады, ұяшықтын адресі екі компоненттен тұрады бағанның әріптік нөмері және жолдың сандық нөмері, мысалы D25.

Ұяшықтар блогы (ұяшықтардың тіктөртбұрышты блогы). Кестедегі ұяшықтар блогы қос нүкте арқылы сол жақ жоғары және оң жақ төмен ұяшықтардың адрестерімен белгіленеді, мысалы D4:F20. Кез келген блокқа және кезкелген ұяшыққа да ат беру мүмкін.

4. MS Excel-дегі мәліметтер типтері

Сандық деректер - бұл сандардан және арнайы символдардан + - Е е () % / тұратын деректері.

Мәтіндік деректер - бұл басқа типтегі емес деректер. Бір ұяшыққа 32000 дейін таңбаларды енгізу мүмкін. Мәтіндік деректер сандар да болу мүмкін, егер олардың алдында апостроф таңбасы енгізгелген болса, мысалы '4223. Осындай деректер арифметикалық өрнектердің операцияларға қатыспайды.

Уақыт және мерзім. Қатан болсақ Уақыт және мерзім деген типі Excel де жоқ. Уақыт пен мерзімді ұсыну үшін уақыт пен мерзім форматта бейнеленейтін жай сандар қолданылады. Санның бүтін бөлігі күндер, айлар және жылдарға сәйкес келеді, ал бөлшек бөлігі - сағаттарға, минуттар және секундтарға.

Excel дегі негізгі уақыт мерзімі - бір күн. Әр бір күнде 1 ден бастап реттік нөмері бар, 1 ге 1900 жылдың 1 қантар (Excel дегі уақыт пен мерзімдердің бастапқысы) мерзімі сәйкес келеді.

Мысалы, 1998 жылдың 1 қантар мерзімі - 35796 саны түрінде сақталады, өйткені 1900 жылдың 1 қантардан сондай күндер саны өтті.

Мерзімді енгізгенде жылдың соғы екі цифрын енгізуге болады. Онда олар қандай диаппазона жатса солай келесі түрде анықталады:

00-29 - 2000ж бастап 2029ж дейін; 30 - 99 - 1930ж 1999ж дейін.

Уақыт - бұл күн санында болса бөлшек бөлігі. Бір күнде 24 сағат, сондықтан бір сағатқа 1/24 саны сәйкес келеді, 12 сағат 0,5 және т.с.с.

Секундтармен минуталарды енгізгенде қос нүктені пайдалану керек, мысалы ұяшыққа 6: енгізсек, онда ұяшықта 6:00 саны шығады (яғни 6 сағат 0 минут). Уақытты мерзіммен бірге де енгізуге болады, олар арасында бос орын енгізіп тастау керек, мысалы 7.2.98 6:12:40 енгізгенде бұл 7 ақпан 1998ж. 6 сағат 12 минут 40 секундқа сәйкес болады.

Қисындық деректер екі мәнінен АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН біреуді қабылдайды. Олар кейбір жағдайдың бар болуын жоқтығын тексеріледі және кейбір функциялардың аргументтері болады. Көптеген жағдайларда олардың орындарында сәйкесінше 1 мен 0 цифрларын пайдалануға болады;

Массивтер деректердің типі болмайды, бірақ өзімен кезкелген типті константалар немесе Excel дің ұяшықтар жыинтығын ұйымдастырылады. Массивтер үстінде математикалық операцияларды және салыстыру операцияларды жүргізуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1MS Excel ортасының интерфейсі

2.Кітап

3.Жұмыс парағы

4.Жол.

5.Баған.

6.Ұяшық.

7.Ұяшықтар блогы

8.Сандық деректер

9.Мәтіндік деректер

8 тарау. Microsoft Access МББЖ

Тақырып 8.1. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік

Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары.

МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

  • нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

  • әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

  • ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

  • техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді МБ-н құруға мүмкіндік береді.

Тақырып 8.2. Мәліметтер базасын жобалау

Мәліметтер базасының объектілері

Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.

Кестелер. Бұл кез келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде бірнуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес.

Сұраныс.Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрынан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестеледе қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Жаңадан қолданушылар сұраныстың ролін аса терең түсінбейді, өткені сол операцияларды кестеменде жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез - келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді.

Сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кесмен жұмыс істегенде біз қатты дискімен жұмыс істейміз, оған кез - келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері - оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе мәліметтер басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.

Қалыптар Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, алқалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада - ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Қалыптардың көмегімен мәліметтеді экранға бейнелеп беруге борлады. Сұраныстың көмегімен де экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу арнаулы безендіру құралдарын қолдану қожет.

Есептер.Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттанына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері Microsoft Access 2003 - те ғана жүзеге асырылған Бұл - WEB - бетте орналастырыалатын және қолданушыға сол WEB - беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша обьекті. Жеке өзін алсақ бұл обьект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базсын жіберілген WEB - бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды.Осы компоненттерді қолдана отырып WEB - тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.

Макрастар мен модульдер.Бұл категориядағы обьектілер осы мәліметтер базасые басқару жүйесімен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау аққылы жаңа функциялады құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МББЖ - нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады.Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер базасының объектілері

  2. кесте

  3. сұраныс

  4. Қалыптар

  5. Есептер

  6. Беттер.

  7. Макростар мен модульдер

9 тарау. Компьютерлік желілер. Интернет

Тақырып 9.1 Интернет желісінің теоретикалық негіздері.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Бақылау сұрақтары:

1. Интернет

2. веб-сайт

3. Провайдер

4. Интернет желісіне қалай қосылуға болады.

Тақырып 9.2 Локалды және глобалды желілер

Жалпы компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауға арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға , қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мұмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

- желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жаңа техналогиялар көмегімен жергілікті желіні орнату жылдам және қандай топологида негізделіп құрсақта өзеркімізде.

Топология - бұл желілік конфигурация, желілік элементтердің (компьютерлардың ) бір - бірімен қосылу тәсілі. Компьютерларды жергілікті желіде қосылудың көп қолданылатын 3 түрі :

1.жұлдызша

2.жалпы шиналы

3. шеңбер

Жұлдызша типті қосылу - әрбір компютер арнайы желілік адаптер арқылы жеке кабельмен орталық біріктіргіш құрылғыға қосылады. Керек жағдайда жұлдыз топологиясымен қосылған бірнеше компьютерлік желілерді біріктіругеде болады

Жұлдызша типті қосылудың артықшылығы:Жұлдызша типті қосылғанда желідегі ақауларды жеңіл табамыз.

Жұлдызша типті қосылудың кемшіліктері:Бұл қосылу әрдайым қолайлы емес, өйткені орталық біріктіргіш құрылғығы яғни басты компьюте істен шықса желі жұмысын тоқтатады.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Жалпы шинала типті қосылу - Барлық компьютерлер желідегі бір кабельге қосылады,бұл кабельді барлық жұжыс істеп тұрған кезекпен қолданады. Бұндай типті қосылуда бір жеке компьютерден жіберілген ақпарат желідегі қалған компьютерлардің барлығына беріледі.

Жалпы шинала типті қосылудың артықщылықтары:жалпы шина топологиясында жеке бір компьютердің істен шығып қалуы барлық желінің тоқтауына әкеп соқпайды.

Жалпы шинала типті қосылудың кемшіліктері : кабельдің үзілгенін табу күрделі. Сондықтан барлық желінің жұмысы бұзылады.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Шеңбер типті қосылу - мәліметтер бір компьютердан екіншісіне беріледі .Егер мәлімет басқа компьютерге арналған болса онда мәлімет шеңбер бойымен керекті компьютерге жеткізіледі.

Шеңбер типті қосылудың артықшылықтары: күштердің балансировкасы, кабельдің ыңғайлы құрылуы.

Шеңбер типті қосылудың кемшіліктері: барлық желінің тартымдылығы физикалық шектеледі.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Ethernet технологиясында қазіргі күнде ең көп таралған жұлдызша типті топология, ол эксплуатациялауға ыңғайлы және қазіргі кездегі желілердің талаптарына сәйкескеледі. Компьютерлік желіде нықталған топологияны қолдансақта,құрал жабдықтарды экономдау немесе басқа себептермен кейде оған кейбір жаңа технологияларды қолданамыз.

Локальді ақпараттық желі бұл берілген ақпаратты сақтауға және таратуға өңдеуге арналған желі. Бүгінгі күнде локальді есептегіш желісіз офистердің жұмысын елестету қиын. (ЛВС, LAN- Local Area Network) офис сайттарынсыз ешбір фирма жұмыс істей алмайды. Локальді ақпаратты есептегіш желінің функцианалды тағайындалуы - бұл кеңістік ақпарттық ұйымның жасалуы.

ЛВС ына жұмыстарды қамтиды:

  • өте жылдам, көп дәрежелі коммунакацияны

  • Желі ресуртстарын бақылау және шек қою

  • Локальді желі құқрылғыларына ену (принтер, сканер)

  • Интернет желісіне ену.

Осы кезеңде ауқымды және қуаты жоғары іске желі технолгиясы әр түрлі ауқымды және қуаты жоғары ақпарат желілерін іске асыра алады.Бұл әр түрлі ақпарат тарату тәсілдеріне байланысты - витопария, октоволоконный және бөләнген радиоканалмен.

Опорный конспект по информатике на казахском языке

Бақылау сұрақтары:

1.Желі дегеніміз не?

2. Желінің қандай түрлерін білесіңдер?

3. желіге қосылудың түрлерін ата

4. Ақпарат таратуға байланысты желілер неше түрге бөлінеді?

Тақырып 9.3 Word Wide Web (WWW) негізгі түсініктер

World Wide Web дегеніміз - гипермәтінді желілік ақпараттық жүйе. Интернет және интранет желілерінің осы сервисіне ерекше тоқталу керек, өйткені оның негізіне қаланған идеялар желілер үшін ғана емес, барлық дерлік жетекші фирмалардың офистік өнімдері (Microsoft Office 97 көрнекі мысал бола алады), операциялық жүйелер және көптеген басқа бағдарламалық өнімдер үшін ерекше рөл атқарады.

World Wide Web қазіргі заманғы ақпаратқа шығу технологияларының бірін-гипермедияны іске асырады. Бұл технологияның базалық түсінігінің бірі гипербайланыс немесе гиперсілтеме болып табылады.

Гипербайланыс пайдаланушыға менюі, жұмыс орны, басқару және ақпарат байланысы элементтері Help - жүйесі және басқа жүйелер бойынша жақсы таныс гипермәтіндік сілтемеден тәуір жақтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, гипербайланыс - «не нәрсеге де» және «қайда да», яғни жүйенің кез келген нүктесіндегі кез келген файлға немесе бағдарламаға сілтеме. Екіншіден, гипербайланыс «иерархиялық қосылу», «басқару», «бағыну» сияқты «ауырлатылған» қатынастардан таза. Сондықтан ол ақпарат жүйесінде байланыстың тізбекті, иерархиялық, көлденең, ал жалпы жағдайда неғұрлым табиғи желілік түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ресурстардың «әлемдік өрмекші торы» деген атынан-ақ көрініп тұр. Үшіншіден, қазіргі өнімдерде гипербайланыс оңай және айқын орнатылады, бұл да оның байланыстың басқа түрлерінен артықшылығы.

Web - серверлерін Интернеттің ауқымды желісінде пайдалану мультимедиа пішімінде ақпарат алмасудың кең мүмкіндіктерін ашады. Бұл өз кезегінде өнімді жарнамалап, нарықты зерттеуге, техникалық қолдауды жүзеге асыруға, сондай-ақ басқа да көптеген міндеттерді тиімді шешуге мұрындық болады.

Гиперсілтеме және мультимедиа мүмкіндіктері түріндегі өзара байланыс кәсіпорындардың ақпараттық құрылымының шегінде бірқатар артышылықтар береді. Интернет технологияларын жергілікті қажеттіліктер үшін пайдалану «интранет» деген атқа ие болды. Бұл - кеңселік файл серверімен жай ғана жұмыс емес, дербес компьютер мен телекоммуникацияларды неғұрлым тиімді пайдалану. Мұның үстіне, жақын болашақта ұжымдық жұмыспен қамтамасыз ету міндетін интанет орындайды деген пікір бар.

Интернеттен ақпарат іздеу

Интернеттің ауқымды ақпараттық жүйесінің пайда болуы мен дамуы, оны ұйымдастырудың ерекше технологиясы арнайы бағдарламалар - броузерлер жасау қажеттілігін тудырды. Бұл бағдарламалар Интернет стандарттары бойынша жүзеге асырылған желілерде жұмыс істеуге бейімделген. Олар Бүкіләлемдік «өрмекші торының» (World Wide Web WWW) - Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. Бұл тарауда WWW-мен жұмыс кезінде Microsoft Internet Explorer (MIE немесе IE) броузерін пайдаланудың негізгі принциптері баяндалады.

World Wide Web жөніндегі негізгі мәліметтер

World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Web-құжатты іздеу және оған шығу арнайы нұсқағыш (идентификатор) - URL бойынша орындалады. Стандартты URL ақпараттың хаттамын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және соған шығудың жолын белгілейтін үш бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншықтар сатумен айналысатын URL құрылымы мынадай болып келеді:

htpp//serwise.dicital.com/tdb/vtdbear.htm

Хаттама

Компьютердің аты

Қапшықтың аты

Файлдың аты

URL-ді көрсету арқылы пайдаланушы қажетті файлды нақты белгілейді.

Web-құжатты қарау үшін арнайы бағдарламалық қолдау керек.

Жоғарыда аталып өтілгендей, WWW-ді көруге арналған қосымша Web-броузер деп аталады.

Қазіргі кезде Интернет ресурстарымен жұмыс істеп, операциялық жүйенің міндеттерін атқаратын Web-броузерлер жасау жоспарланған. Сөйтіп, пайдаланушы тікелей жұмыс орнына Web-беттер таңбашасын орнату мүмкіндігін алды. Мұның үстіне, қажетті бетте өзгеріс болған жағдайда, Internet Explorer хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады. Бұл-биржа мәліметтерін , валюта курстарын және басқа оперативті ақпараттың Web-беттерін қараудың ыңғайлы құралы. Windows осы версиясында Жұмыс орны Activ Desktor (Активті жұмыс орны) деп аталады және онда жаңа Outlook диспетчері болады, ол өз кезегінде Web-элементтер мен дәстүрлі ақпараттың табиғи бірігуін қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. World Wide Web дегеніміз?

2. Интернеттен ақпарат іздеу?

3. Интернеттен ақпаратты іздеу шарттары?

4. URL адресі дегенміз не?

5.Қапшық дегенміз не?



© 2010-2022