Открытый урок по информатике на тему Жиым

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талғар ауданы Открытый урок по информатике на тему Жиым

Тұздыбастау ауылы

№13 орта мектептің

информатика пәні

мұғалімі

Каримова Тұрған

Сатымханқызы

Сыныбы 9 классМерзімі 10.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: §12. Массивтер. (Жиымдар).

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жиымдар тақырыбы бойынша түсінік беру, алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіре отырып, теориялық білімін практикада ұштастыру.

Білімділігі: Оқушылардың массив жайлы жалпы білімін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адалдыққа, дүниетанымдыққа, жауапкершілікке, жүйелікке, ауыз біршілікке және әдептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін көтеру, тапқырлыққа, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға компьютер алдында еркін, өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі практикалық сабақ

Сабақтың өту барысы.

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Практикалық жұмыс.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.

I. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Тест жұмысы (компьютерде орындау).

2. Сәйкестендіру тесті.

  1. Бүтін тип INTEGER

  2. Нақты тип REAL

  3. Логикалық BOOLEAN

  4. Символдық CHAR

  5. Х-тің квадраты sgr(x)

  6. Х-тің квадрат түбірі sgrt(x)

  7. Аргументтің абсолюттік шамасы abs(x)

  8. Және (логикалық көбейту) операциясы And

  9. Немесе (логикалық қосу) операциясы Or

  10. Емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы Not

II. Жаңа сабақты түсіндіру: "Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)".

Жиым дегеніміз - бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі. Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да, программаның орындалу барысында өзгермейді. Олардың реттік номері индекс деп аталады. Жиым элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, жиымдық т.б) тип бола алады.

i

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А[i]

2

3.5

-7.11

0

91

-75

0

0.05

8.8

-9.81

А[1]= 2; А[4]= 0 ; А[6]= -75

Бірөлшемді жиым. Мысал ретінде көп суырмалары бар шкафты қарастырайық

Шкаф - бұл жиым Суырма номерлері - индекс Суырма ішіндегі заттар - жиым элементтері

Сандар тізбегі.....

Паскал тіліндегі жиымдар. Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді …) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).

Бірөлшемді жиымды Паскальда былай сипатталады:

< массив аты > : array [1..n] of <элемент типі>

Мұндағы: < массив аты > - жиым (кесте) атауы, 1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, <элемент типі>-integer, real немесе string…болатын элемент типі, array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскальдың қызметші сөзі

Айнымалылар бөлімінде сипаттау үлгісі:

Var массив аты: array [массив индексінің аралығы] of элемент типі; (array-массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.

Мысалы: var А: array [1..10] of integer; С: array [0..6] of сhar; B:array [5..-5] of real; Мұндағы : А массив аты, 10 элементі барын[1..10] өлшемін ,

элементтерінің бүтін сандық шама екенін көреміз. Сол сияқты С массивінде 7 элемент бар, олар таңбалар, Ал В массивінде 11 элемент бар, олар нақты сандар

А жиымы элементтерін пернетақтадан енгізу үшін:

Var A : array [1..10] of integer ; I : byte ; {жиым индексі} Begin For i:=1 to 10 do Readln (a[i]);

End.

А жиымы элементтерін экранға шығару үшін:

Var

A: array [1..10] of integer;

I : byte ; {жиым индексі}

Begin

For i :=1 to 10 do

Write ('a[', i ,']=',a[i]);

end.

ІІІ.Практикалық тапсырма.

1.Жиым элементтерінің қосындысын шығар.

Бірөлшемді:

Program m1;

Var a:array[1..7] of integer;

S,i:integer;

Begin s:=0;

For i:=1 to 7 do

Readln(a[i]);

Begin

For i:=1 to 7 do

S:=s+a[i];

End;

Writeln('Жиым элементтерінің қосындысы s=',S);

Readln;

End.

2.Бірөлшемді жиым элементтерінің ең үлкенін анықтау.

Program esep1;

var a:array [1..10] of integer;

max,i:integer;

begin

for i:=1 to 10 do

read(a[i]);

max:=a[1];

for i:=2 to 10 do

if max < a[i] then max:=a[i];

writeln('ең үлкен элементі =',max);

end.

3.Бірөлшемді жиым элементтерінің ең кішісін анықтау.

Program esep1;

var a:array [1..10] of integer;

min,i:integer;

begin

for i:=1 to 10 do

read(a[i]);

min:=a[1];

for i:=2 to 10 do

if min>a[i] then min:=a[i];

writeln('ең кіші элементі =',min);

end.

IV.Сабақты бекіту:

1.Жиым деп нені айтады? (бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі)

2.Жиымды сипаттау үшін қандай сөз тіркесі қолданылады? (array, of)

3.Индекс дегеніміз? (жиымдағы элементтің реттік саны)

4.Бір жолдан тұратын кесте? (бірөлшемді жиым)

5.Жиым элеметтеріне қандай амал қолданамыз? (тең,тең емес,меншіктеу)

Бұл сұрақтар «Ғажайып алаңы» ойын түрінде беріледі.

V.Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма. §12.Массив (Жиымдар) оқып келу.

Есеп. В. 10 элементтен тұратын бүтін сандар массивінің оң элементтерінің

арифметикалық ортасын табыңдар.


© 2010-2022