Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11сынып

20.10.2015ж

Пән мұғалімі:

Оқу ісінің меңгерушісі


Сабақ тақырыбы:

Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру

Жалпы мақсат пен міндеттері

Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу

Оқу нәтижесі:

Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

-Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді


Сілтеме

11 сынып оқулығы,қосымша әдебиеттер

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

АКТ - ны пайдалану

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге арналған сергіту жаттығулары), ДК, дәптер, оқулық,

Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру

Ұйымдастыру

Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

Компьюьерлік вирустар түрлерін білесіңдер?

Вирусқа қарсы программаларды ата?

Вирустан сақтану шаралары қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:


Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады

1. Растрлық кескін дегеніміз - түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
2. Векторлық графиканың ерекшеліктері:
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және
тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
3. Фрактальдық графиканың ерекшеліктері:
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .
4. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі:
Растрық графиканың артықшылығы: оның кез келген бөлігін өзгертуге, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға болады.Кемшілігі: Үлкейткенде оның көрінісі дөрекіленіп, керісінше кішірейткенде оның сапаасы нашарлап кетеді.
5. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі:
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы.

Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графика негізін кез келген жоғарғы білікті маман білуі керек.
Компьютерлер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар.
Түс ерекшелігіне қарай: қара-ақ және түрлі-түсті болып ажыратылады.
Қолдану бағыты:
1)Инженерлік графика;
2)Web-графика;
3)Ғылыми графика
4)Iскерлік графика
5)Конструкторлық графика
6)Иллюстрациялык көрнектi графика
7)Көркем және жарнамалық графика (Художественная графика) т.б
Компьютерлік графика:
1)Растрлық графика.
2)Векторлық графика.
3)Фрактальдық графика болып бөлінеді.
Растрлық графика.
Дисплей экранында жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған.
Растрлық кескіндер мозаика тәріздес
Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал.Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.
Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады
Векторлық:
Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т.б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Құндылығы:
Сапаны жоғалтпайды. Шексіз үлкейтуге болады.
Айырмашылықтары:
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте.
Векторлық графикада - сызық.
Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні
Фрактальды графика:
Математикалық есептеулерде негізделген. Кескіндердің негізгі элементі - математикалық формула. Фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді, ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар.

Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады.
Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe IUustrator, т/б .
Компьютерлік гафиканың пайдасы:
1)Графикалық примитивтерді (сызық,төртбұрыш т.б) салу.
2)Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3)Сурет салу, бояу.
4)Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5)Көркем хабарлама дайындау.
6)Сақтау. Редакциялау.

Сабақты бекіту сұрақтары

Расторлық графика дегеніміз не?

Векторлық графика дегеніміз не


Оқушы әрекеті

Сұрақтарға жауап береді

Үй тапсырмасы Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру тақырыбын оқу. Өз бетінше ғаламтордан қосымша мәлімет іздеу


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.







Пәні

Информатика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.

Жалпы мақсаты

  1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу

Оқу нәтижесі:

-Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

-Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді

-Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарда көмектеседі.

Туындайтын идеялар

І - топ Растрлық графика

ІІ - топ Векторлық графика

ІІІ- топ Фракталды графика

Сілтеме

Информатика 7 сынып «Мектеп» 2012,

қосымша әдебиеттер

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Сәлемдесу 3мин.

Амандасу сыныпты түгендеу,оқушыларды сабаққа әзірлеу

Жоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді

Сыныпты топқа бөлу 1 мин.

Оқушыларды топқа бөлу.Графикалық бағдарламамен

Әр түрлі графикалық бағдарлама бойынша топтастырады

Үй жұмысын тексеру

5 мин

Доп лақтыру ойынының элементі арқылы өткен материал бойынша сұрақ - жауап алу

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұраққа жауап береді

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

20 мин

Сыни тұрғыдан ойлау. «Ой толғау» әдісі арқылы «Компьютерлік графиканы» қалай түсінетіні туралы шағын эссе жазғызу

Блум таксономиясы 1-білім.Класстер.Тірек сөздер стратегиясы. Берілген тірек сөздің мағынасын ашу

Блум таксономиясы 2-Анаграмма. Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызу Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар!

В

П

Л

Ь

А

Д

Ж

Е

И

Е

Ч

К

Н

Т

К

К

С

О

Р

Е

Ү

Т

А

П

Т

Е

Г

С

О

Й

Н

Н

Н

Т

А

Р

А

Т

Ы

О

Ф

Л

Р

С

О

Й

Т

О

У

Б

Т

Р

Ф

О

Р

Оқушылар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

Берілген тірек сөздің мағынасын ашады

ПИКСЕЛЬ ТОЧКА ТҮС

ГРАФИКА ВЕКТОР ОЙЫН

РАСТР ФОТО ФОРМУЛА

РЕНТГЕН

Сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызады.

Деңгейлік тапсырмалар

10 мин

І. Міндетті деңгей (5 ұпай)
ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)

ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)

1 Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз!

2. Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз! Түстер палитрасын қолданыңыз!

Суретпен сипаттауларды яғни иллюстрацияларды қалыптастыру

Күрделі тапсырмалар:

Топ оқушылары өз деңгейлеріне қарап жұмыстар жасайды

(сурет салу арқылы)

Рефлексия 1 мин

Не білдім? Білгім келеді?Не білемін?

Оқушылар алған әсерлерін жазып,жабыстырады

Үй тапсырмасын түсіндіру 1 мин

Графика түрлері. Шығу тарихы туралы реферат жазу

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады

Бағалау 4 мин

Түсіндіре сараптай отырып бағалау

Барлық «ұпай» санын санап мұғалімге айтады

критерия

Айтылым

Термин сөздердің дұрыс айтылуына

Тексті оқып түсінік айта алуына

Термин сөздердің дұрыс айтылуына

Тексті оқып түсінік айта алуына

Өз пікірін қосып айта алуынаТермин сөздің дұрыс айтылуына

ережелерді дұрыс айта алуына,

Терминдердің, сөздің дұрыс айтылуына ережеге сай дұрыс айта алуына,

Тексті оқып түсінік айта алуына

Өз пікірін қосып айта алуына

Алған білімдерін шынайы өмірмен байланыстыра алуына

Оқылым

Термин сөздерді дұрыс айтылуына, естігенінен не түсінгенін айта алуына

Термин сөздерді дұрыс айтылуына, естігенінен не түсінгенін айта алуына

жаңа сөздерді, тексті түсіне отырып оқуына көңіл бөлу

Сөзді дұрыс айтылуына, естігенінен не түсінгенін айта алуына

тексті түсіне отырып оқуына көңіл бөлу, өздігінен пікір айтуға көңіл бөлу, мысалдар келтіруге

Жазылым

Практикалық жұмыстың дұрыс орындалуына

Сауатты жазуына

сауатты жазуына қағаз бетіне өз ойын жетік жеткізе алуына көңіл бөлу, ойын жеткізе білуге,

сауатты жазуына

қағаз бетіне өз ойын жетік жеткізе алуына көңіл бөлу

АКТ-ны дұрыс пайдалануға, тапсырманың ретімен орындалуына, жасалған жұмысын қорғай білуге

Тыңдалым

естігенінен не түсінгенін айта алуына,

естігенінен не түсінгенін айта алуына,

берілген тапсырманы ортындағанына (сұрақтарға жауап бере алуына)

естігенінен не түсінгенін айта алуына,

берілген тапсырманы ортындағанына (сұрақтарға жауап бере алуына)

Тыңдау арқылы диолог құра алу



© 2010-2022