- Преподавателю
- Информатика
- Модель және модельдеу тақырына арналған ашық сабақ. ТМЖС
Модель және модельдеу тақырына арналған ашық сабақ. ТМЖС
Раздел | Информатика |
Класс | 6 класс |
Тип | Презентации |
Автор | Белгібай А.С. |
Дата | 26.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 6-сынып.
Тақырыбы: Модель және модельдеу.
Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар.
Мақсаты: Жеке жұмыс істеу арқылы алгоритм ұғымы туралы бұрынғы алған білімдерін қайталайды; модель кезендерін, түрлерін және модельдек, оның жіктелуімен танысады, модель түрлерін біліп, компьютерде модельдеуді біледі. Ой- өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, компьютерлік тіл мәдениетін дамытады.
Күтілетін нәтиже: модель, модельдеу дегеніміз не екенін, модельдеудің негізгі кезеңдерін, сипаттамасын, , модельдерге мысал келтіруді біледі. Нысан моделін анықтауды бірден білу дағдыларын дамытады. Топта және жеке белсенді жұмыс істейді ,ой - пікірін ашық жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Қолданылатын әдістер: топтық, жеке,«Түрлі-түсті фигуралар» шаттық шеңбер, «Шыгдық және жалған» әдісі, «Ой қозғау» әдісі, постер дайындау, 5 сұрақ» әдісі, «ақпараттық диктант», « негізгі бір сөз » рефлексиясы.
Керекті құрал-жабдықтар: Компьютер, ИКТ, постерге арналған қағаздар, маркерлер стикерлер, бағалау парақтары, флипчарт, презентация
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Амандасу.Оқушыларды түрлі фигураларды таңдау арқылы жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу.
Интерактивті тақтада шеңбер, зигзаг, тең бұрышты төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш фигуралары көрсетіледі. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне ұнаған бір фигураны көрсеткен соң нәтижесі келесі слайдтарда көрсетіледі.
Шеңбер - Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Зигзаг - Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын-сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
Тең бұрышты төртбұрыш - Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш - Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам.
Тік төртбұрыш - Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгеремелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
Үй жұмысын: «Шындық па, жалған ба» әдісі бойынша
1. Алгоритмнің берілу формаларын: сөздік, графикалық, алгоритмдік, программалау тілі.
2. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңыздар. Соңы, енгізу, басы, шығару.
3. Алгоритм түрлерін атаңыздар. Графикалық, сызықтық, циклдік.
4. Алгоритм басы және соңы элилипспен (сопақша шеңбермен) белгіленеді.
5. Алгоритм іс-әрекеті бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалатын алгоритм түрі циклдік.
6. Іс -әрекет ромб фигурасында жазылады.
Оқушы әрекеті
Оқушыларды жасырын фигураларда жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу.
Оқушылар интербелсенді тақтадағы фигуралардағы жауаптарды көреді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
1.шындық
2. шындық.
3. жалған тармақталған, циклдік, сызықтық.
4. шындық
5. жалған сызықтық
6. жалған. тіктөртбұрыш
Уақыт
4 мин
Модуль
ОмОЖТ
А кезеңі Білу
Түсіну
-
Мұғалім «Ой қозғау» әдісі бойынша ИБТ-да ««ЕХРО-2017» қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі. youtube.com/watch?v=fq7Wq4xgAQA»атты шағын видео ролик ұсынады, видео не туралы екенін сұрайды. Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа шығады, сабақтың мақсатын айтқызады.
Оқушылар видеоны көріп болған соң жауап береді, тақырыпқа шығып, мақсат қояды.
2 мин
АКТ
СТО
Мұғалім мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысуға тапсырма береді..
Мәтінмен әр оқушы жеке-жеке танысып болған соң. оқушылар топпен бірлесіп жұмыс істейді.
5 мин
ОЖЕСОжО
ОБжК
В кезеңі Қолдану
Талдау
Оқушылар ортаға шығып, ақпаратты постер арқылы қорғауды ұсынады.«5 сұрақ» әдісі бойынша. Бір -бірлеріне сұрақ қойғызады.
1-тапсырма:.«Модельдер сыры»
Шарты: Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар.
-
Глобус
-
Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
-
Адам қаңқасының макеті
-
математикалық теңдеу
-
Шыңғыс хан жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
-
Қуыршақ
-
Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)
-
Автобус қозғалысының кестесі
-
Паровоз ойыншығы
-
Метроның сызбасы
-
Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы
-
Чарльз Бэббидж суреті
Материалдық модельдер 1,3, 2, 6, 7, 9,10
Ақпараттық модельдер 4, 5, 8, 11, 12 ,13
Мұғалім «Күн шарқырайды» сергіту сәтін өткізеді.
2-тапсырма: Модель құру.
Постерге ақпаратты салады. (топтық жұмыс) Формативті бағалау (шапалақтау)
Оқушылардан топпен шығып,постерді қорғайды.
Оқушылар флипчартта көрсетілген «Модель сырларын» екі бағытқа бөледі.
Оқушылар сергіту сәтін орындайды.
Оқушылар өздері таңдаған кез-келген нысанның моделін құрады.
8 мин
4 мин
2 мин
5 мин
ОҮБжОБ
АКТ,ТжДБО
С кезеңі Жинақтау
Бағалау
Ақпараттық диктант.
-
. . . . . . . . . - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
-
Модельдеу - объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . . (макетін) құру.
-
Ақпарат жиындығы және сыртқы әлемммен өзара байланысы болып табылатын модел түрі-...........
-
. . . . . . . . . . . - деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады.
-
Динамикалық модель - ................. өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді.
Рефлексия:
Сөздің өзін пайдаланбастан бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін
түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Бағалау парағы:
№
Оқушылардың аты-жөні
Үй жұмысы
Постер
Тапсырмалар
Қорытынды бағалау
Оқушылар флипчартта түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу.
-
Моделдеу- нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
-
Модельдеу - объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
-
Ақпарат жиындығы және сыртқы әлемммен өзара байланысы болып табылатын модел түрі-ақпараттық.
-
Компьютерлік - деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады.
-
Динамикалық модель - уақыттын өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді.
Әр бір негізгі сөзге оқушылар анықтама береді.
4 мин
6 мин
3 мин
ОмОЖТ
Үй тапсырмасы
Модель және модельдеу оқу, мазмұны. Тақырыптқа байланысты тест құрастыру.
2 мин