Сабақ жоспары Программа ұғымы және оның құрылымы 9-сынып

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 сабақ

Сыныбы _9__Күні_______________Мұғалімі___________

Сабақтың тақырыбы: Программа ұғымы және оның құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторларын оқып үйреніп, программа құру.

Білімділік:

  1. Программа ұғымы және оның құрылымы, Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу операторлары туралы түсінік бере отырып программа құруға үйрену;

  2. Паскаль тілінің таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып программа құруға үйрену;

Дамытушылық:

  1. Материалды оқып үйренуде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

  2. Өз ойын білдіре алу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  1. Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту.

  2. Оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ (жаңа материалды оқып үйрену және бекіту).

Сабақтың түрі: Дәптерде және компьютерде практикалық жұмыс.

Оқыту әдісі: Көрнекі -түсіндірмелі, практикалық .

Оқыту үлгісі: жеке дара- ұжыммен.

Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Дидактикалық материал. Интерактивті тақта.

Оқушылар білуі тиіс:

  1. Қандай алгоритм тармақталу деп аталады?;

  2. Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу операторларын;

  3. Паскаль тілінің таңдау операторларын;

  4. Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторларын қолданып программа құру;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  1. Тармақталу операторына программа құру;

  2. Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу операторларын қолданып программа

құру;

  1. Goto, halt операторларына программа құру;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.

  1. Өткен матералды қайталау

  2. Оқушылардың алдында сабақтың мақсатын қою

  3. Жаңа сабақты түсіндіру. Компьютермен жұмыс.

  4. Сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

  • Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады? Олар неше топқа бөлінеді?

  • Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?

  • Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?

  • Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?

  • Шартты оператордың қандай түрлері бар?

  • ІҒ операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?

  • Case операторының жалпы жазылу түрі кандай?




Компьютермен жұмыс.

№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр

program max1;

var a, b, max: integer;

Begin

readln(a, b);

if (a>b) then max:=a else max:=b;

writeln('max=' ,max);

end.

№2. Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.

program max2;

var a, b, c, x, max: integer;

Begin

readln(a, b, c);

if (a>b) then x:=a else x:=b;

if (x>c) then max:=x else max:=c;

writeln('max=' ,max);

end.

№3. Екі санның кішісін табатын программа құру керек.

program min3;

var a, b, min: integer;

Begin

readln(a, b);

if (a then min:=a else min:=b;

writeln('min=' ,min);

end.

№4. үш санның кішісін табатын программа құру керек.

program min;

var a, b, c, x, min: integer;

Begin

readln(a, b, c);

if (a then x:=a else x:=b;

if (x then min:=x else min:=c;

writeln('min=' ,min);

end.

№5. Үш кесіндінің a, b, c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.

Program e5;

var a, b, c: integer;

p1, p, s: real;

Begin

readln(a, b, c);

if (a+b>c) then p1:= a+b+c;

p:= (a+b+c)/2;

s:= sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

writeln('p1=' ,p1:5:2);

writeln('s=' ,s:5:2);

End.

№6. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.

Program e6;

var x: integer;

Begin

Writeln('adam jasin engiz');

readln(x);

if (x<=6) then writeln('ali mektepke barmagan') else

if (x>6) and (x<=17) then writeln('mektep okushisi') else

if (x>17) and (x<=58) then writeln('jumisshi') else

writeln('zeinetker');

End.

7. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

Program e7;

Var x, y: real;

Begin

writeln('x, y-?');

readln(x, y);

if abs(x)> abs(y) then x:= x/5;

writeln(x:5:2, y:5:2);

readln;

End.

8. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің "бақытты" нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алдыңғы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.

Program e8;

var x, y, z, r, k, t, s, n: integer;

Begin

readln(x, y, z, r, k, t);

s:=x+y+z;

n:=r+k+t;

if s=n then writeln('bakitti nomer') else writeln('bakitti nomer emes');

End.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Шартты оператордың қандай түрлері бар?

  • IF операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?

  • CASE операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Writeln('s=' ,s:5:2); операторындағы 5 және 2 цифрлары нені білдіреді?

  • Қандай жағдайда программада IF операторы екі рет қолданылады?

Үй тапсырмасы: 89-90 бет, 12, 13 жаттығулар.


Тексерген_____________


© 2010-2022