Презентацияға объектілерді кірістіру (8-сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентацияға объектілерді кірістіру (8-сынып)

№1 жалпы орта мектебі





Тақырыбы: «Презентацияға объектілерді кірістіру»



8 «Б» сыныбы

Информатика пәнінің мұғалімі: Манашова А.Қ



2014-2015 оқу жылы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді: _____________

Күні: 24.01.2015 ж

Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Презентацияға объектілерді кірістіру

Сілтемелер, дереккөздер

Оқулық 8- сынып «Информатика» Е.В.Шевчук,Н.С.Кольева

Жалпы мақсаты

Оқушыларға Power point-та презентацияға графикалық объектілерді кірістіруді үйрету

Оқыту нәтижелері

Оқушыларға Power point-та презентацияға графикалық объектілерді кірістіруді үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, Жұптық жұмыс, «Конверт сұрақ» әдісі, «Джигсо» әдісі, «Сөйлемді толықтыр»

Көренкіліктер, қажетті ресурстар

Кеспе қағаздар, флипчарт, маркер, мәтіндер

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындау.

Өткен сабаққа шолу (8 мин)

«Конверт сұрақ» әдісі бойынша конвертте 6 сұрақтан сұрақтар беріледі.

1.Power point бағдарламасын іске қосу? 2.Презентация дегеніміз не? 3. Power point-та слайд деп нені атайды? 4.Презентацияға фон қою қай командалар арқылы іске асады? 5. Power point бағдарламасының терезе элементтерін ата? 6.Слайдқа мәтінді қалай түсіреміз?

Оқушылар өткен сабақ бойынша конверттегі бір оқушы сұрақтарды оқиды,басқа оқушылар оған жауапты стикерге жауап жазады.

Жаңа сабақ (15 мин)

Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Берілген тапсырманы талқылап болғаннан кейін, постерге түсіруге нұсқау беру.

Оқушылар өз білгендерінше жауап береді және берілген тапсырма бойынша өз ойларын постерге түсіреді. Топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын қорғайды

Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15 мин)

Кеспе қағаздарын таратып беру. Жеке жұмыс ретінде компьютермен деңгейлік тапсырмалар беру.

1-тапсырма: Слайдқа дайын кескіндерді енгізіп, кескіннің ішіне мәтін теру. 2.Суреттер жинағынан бірнеше сурет орналастыру арқылы берілген тақырыптарды бейнелеу. 3-тапсырма: SmartArt суретін пайдаланып, сызбаны енгізу.

Кеспе қағаздарын жеке жұмыс ретінде компьютерде практикалық тапсырма орындайды.

Қорытындылау (3 мин)

«Сөйлемді толықтыр» әдісі арқылы оқушыларға мәтін таратып беру.

SmartArt суреттерін слайдқа кірістіру үшін ....-.... .... әрекеттерін орындаймыз.

.... ..... .... командаларын орындау арқылы суреттер жинағынан слайдқа сурет кірістіруге болады.

Мәзір қатарынан Вставка - фигуры командалары арқылы слайдқа .... ..... орналастырамыз.

Дайын кескіннің ішіне мәтінді енгізу үшін .... ..... орындау жеткілікі.

Кері байланыс «Бес бармақ»

Өзін - өзі бағалау

Оқушылар сабақ барысында өтілген тақырып бойынша берілген мәтіндерді толықтырып,жауаптарын жазады.

Үйге тапсырма беру (2 мин)

Тақырыпты оқып келу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады







© 2010-2022