Информатика пәні бойынша сабақ 5 сынып тақырыбы Графикалық редактор

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы   Білімділік мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуді, сурет салуды,   мәтін енгізу, түсін өзгерту,жолдарын үйрету. Оқушыларды сурет салудың   негізгі әдістерімен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушы өз еркімен ойланып сурет салуға дағдыландыру. Өзін - өзі бағалай білуге үйрету. Тәрбиелік мақсаты:   Кез келген тапсырманы жауапкершілікпен  орындай білуге, тиянақты әрі   ұқыптылықпен уақытты үнемді       пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілі...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі





ТИнформатика пәні бойынша сабақ 5 сынып тақырыбы Графикалық редакторақырыбы:








Өткізген: Баян Уалиева




2015 жыл


Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы

Білімділік мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуді, сурет салуды, мәтін енгізу, түсін өзгерту,жолдарын үйрету. Оқушыларды сурет салудың негізгі әдістерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушы өз еркімен ойланып сурет салуға дағдыландыру. Өзін - өзі бағалай білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Кез келген тапсырманы жауапкершілікпен

орындай білуге, тиянақты әрі ұқыптылықпен уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, жеке карточкалар,

интерактивті тақта. Тест Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, практикалық,

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылар санын және олардың оқу-құралдарын түгендеу.

2. «Менің бүгінгі бағам» бетшесін оқушыларға тарату.

3. Топқа бөлу.

ІІ. Психологиялық дайындық

Оқушылардың көңіл күйін анықтау

ІІІ. Бас қатырғыш

Сандар арқылы жасырын әріптерді теру арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.

Информатика пәні бойынша сабақ 5 сынып тақырыбы Графикалық редактор



(4,3), (5,4), (1,3), (6,2), (12,3), (1,1), (1,3), (2,1), (8,1), (8,3),

(5,4), (6,3), (5,3), (1,3), (1,1), (4,2), (5,1), (5,4)

Бүгінгі сабақтың тақырыбы Paint графикалық редакторы

ІҮ. Информатикалық коллаж

Балалар Paint графикалық редакторының терезесін құрастыру.

І топ Әмірлер тақтасымен таныстырады.

ІІ топ Құрал-саймандар және олардың атқаратын қызметін таныстырады.

Ү. Практикалық жұмыс

Оқушылар бүгін қандай күн? Бүгін М.Мақатаевтың туған күні. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келді. Мұқағали он жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.

Олай болса, М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңінде не бейнеленген елестетіп сурет саламыз.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: "Отан!" - деп сыбырлаған.

Жаным менің

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен . . .

ҮІ. Зерттеу жұмысы

Қазақстанның суретшілері

Атырау облысының суретшілері

Құрманғазы ауданының суретшілері

ҮІІ. Сергіту сәті

ҮІІІ. Тест

ІХ. Рефлекция

Х. Үйге тапсырма Үй жиһаздарының суретін салып келу

ХІ. Бағалау



© 2010-2022