Программалау еліне саяхат сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Программалау еліне саяхат»    Сабақтың мақсаты: білімділік:Оқушыларға мәселені шешу процесінің негізгі мәнісі алгоритм құру екенін көрсету.                                                     Паскаль программалау тілінде программа құруға үйрену.Сызықтық ,тармақталған , қайталану командаларды қолданып программалауға үйрету, орындауға икемдеу.                                       дамытушылық:Теорияны практикада қолдануды  және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өзбетінше ДК ж...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Программалау еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты: білімділік:Оқушыларға мәселені шешу процесінің негізгі мәнісі алгоритм құру екенін көрсету.

Паскаль программалау тілінде программа құруға үйрену.Сызықтық ,тармақталған , қайталану командаларды қолданып программалауға үйрету, орындауға икемдеу.

дамытушылық:Теорияны практикада қолдануды және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өзбетінше ДК жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

тәрбиелік:Пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ, топтастыру.

Сабақта қолданылатын құрылғылар: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, тест жұмысы.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз.Өмір деген алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады.Ал кейбір шарт орындалуына байланысты тармақтар бойынша жүруі мүмкін ,не болмаса қайталана орындалуы мүмкін.Бүгінгі сабағымызда осындай мәселелерді шеше алатындай алгоритм және программа құруға үйренеміз. Бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ .(яғни өткен тақырыптарымызды қайталап шығу)

Жайық өзенінің алыстағы "Паскаль" жағалауында экологиялық апат болған екен. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз

Көңіл күйлеріңіз қалай?/тамаша,жақсы,жабырқау/

2.Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритм қасиеттерін атаңыз?

3.Тармақту командасының программалау тілі қалай жазылады?

4.Блок-схема не үшін қажет ? Алгоритм қалай кескінделеді?

5.Ең қарапайым Паскаль тілі қалай жазылады?

3Жорық жолы» -саяхатымызды бастаймыз

a) «Есте сақтау» елі. /интерактивті тақтада жазады, тексереді/

Сыныпты ек топка бөлу:1.Алгоритм

2.Программа

бПрограммалау еліне саяхат сабақ жоспары) «Сиқырлы есептер» елі.

ДК.Тапсырма 1.

1.Алгоримтің жазыңыз

2.Блок схема тұрғызыңыз

3Программалау еліне саяхат сабақ жоспары.Паскаль тілінде программа құрыңыз

ДК.Тапсырма 2. ׀sin600-2׀+

Программасын құрыңыз.

Тапсырма 3. Жаяу адам құрлықта 1 км/сағ ,тауда 2 км/сағ,

тау етегінде 3 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Кеткен уақыттары t1,t2,t3.Жүрген жолдарын есептеу үшін алгоримтін құрыңыз?

Алгоритмің жазыңыз.

Тапсырма 4. З л және 8 л екі құмыра бар.Өзеннен бөшкеге 7 л су құюға бола ма?

Алгоритм жазыңыз?

ДК.Тапсыпма 5. Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер олардың екеуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, бәрі тең деп жазу керек. Программа құрыңыз.

в) «Демалыс сәті»-әуенмен

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жасаңыз

г) «Ойлау»-елі

ДК.Тапсырма 6. Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c жєне d, e, f берілген. Қай үшбұрыштың ауданы үлкен екенін аңықтау қажет.

ДК.Тапсырма 7. P натурал сан болғанда, a p өрнегін есептейтін программа құрыңдар (программаны while do, for to do операторларының әрқайсысын пайдаланып, шығаруға тырысыңдар)

Тапсырма 8. ДК Excel редакторында өткенді ұмытпаc үшін тест жұмысын орындаңыз.

д) «Қорытынды»-елі.

Оқушыларды бағалау(топтардың ДК шығарған есептерін қарау- экранда бағалауды көрсету және тест бағасын қою)

Программа бойынша көп тапсырма орындаған және тест бес алған топ алда болады.

«Паскаль жағалауы»- келдік біз құтқардық .Білім, достық, өзара көмек арқасында солай ма балалар?

Үйге: 35-55 беттер арасындағы тақырыптарды қайталап оқу , 59 бет №6,7 тапсырмаларды орындау .(Орындау үшін түсіндіріп жіберу)

Қосымша тапсырма: (уақыт қалса)

Тоғыз тиынның біреуі жалған, яғни салмағы жеңілдеу.Тасы жоқ таразымен екі рет тарту арқылы жалған тиынды қалай табамыз.

Алгоритмін жазыңыз.











© 2010-2022