Есептеу техникасыныңдаму тарихы. Компьютердің буындары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы.

Электронды- есептеуіш машиналардың кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің даму кезеңдерімен таныстыру.

Білімділік: ЭЕМ буындары және олардың сипаттамасын , дербес компьютерлердің даму кезеңдерін , әр буын компьютерлерінің өзіндік тарихы туралы дүниетанымын кеңеуту.

Дамытушылық: ЭЕМ-нің әр буынына мысалдар келтіріп, сипаттамасын білуіне ықпал жасау.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерлік сауаттылыққа , ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Психологиялық ахуал орнату

  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша қарточкамен жұмыс жасата отырып, жаңа тақырыпқа жетелеу сұрақтарын қойып, оқушылардың қызығушылығын ояту

  1. Қандай есептеу құрылғыларын білесіндер ?

  2. Алғашқыда қандай құрылғыларды компьютерлер деп атаған?

  3. Тұңғыш электрондық компьютерқалай аталған?

ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерді ойлап шығарғанға дейін де адамдар есептеу құрылғыларының көптеген түрлерін жасаған. Мысалы, шамамен б.д.д. 3000жыл бұрын алғашқы санау құралдары пайда бола бастады. Ол кәдімгі шот (өздерің білетін шығарсыңдар) 7 суретте көрсетілген. Осы шотты кейінгі біздің заманымызға дейін қолданатын. Шотта қосу және алу амалдарын орындау ыңғайлы болатын.1973 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық арифмометр ойлап шығарды. Арифмометр 1820 жылдан бастап шығарылды және ХХ ғасырдың 60жылдарына дейін қолданылып келді.

Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істей алатын машина жасауға Чарльз Бейббидж 1833 жылы кірісті. Өз құрылғысын ол аналитикалық машина деп атады және ол бес құрылғыдан тұрды:

  1. Арифметикалық құрылғы

  2. Есте сақтау құрылңысы

  3. Басқару құрылғысы

  4. Енгізу құрылғысы

  5. Басып шығару құрылғысы.

Чарльз Бейббидждың осы машинасына 1843 жылы алғашқы программасы жазылды. Оны ағылшын графинясы Ада Лавлейс жазды. 1890ж халық санағын жылдамдату үшін американдық Г.Холлерит табулятор құрды және 1924ж осы табулятор негізінде ІВМ фирмасы құрылды.

Электр есептеуіш машиналары қазіргі компьютерлердің ата-тегі болып табылады және техниканың даму буындарына бөлінеді:

  • ЭЕМ І буыны (1946-1958ж) - электрондық лампалар қолданылды.

  • ЭЕМ ІІ буыны (1958-1964ж) - жартылайөткізгіш транзисторлар қолданылды.

  • ЭЕМ ІІІ буыны (1964-1972ж) - интегралдық сызбаларға негізделген

  • ЭЕМ ІV буыны - бұл компьютерлік техниканың бүгінгі, 1970ж кейін жасалған буыны үлкен интегралдық сызбалар (ҮИС) алғаш қолданыла бастады.

  • ЭЕМ V буыны - ол жақын болашақтың машинасы.

IV. Қорытындылау

Өтілген тақырыпты бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қойып олардың жауаптарын толықтыру

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау


© 2010-2022