Поурочный план по информатике на тему Компьютердің қосымша құрылғылары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:





Күні





Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.

Оқушылар білуі тиіс: Көп тараған қосымша құрылғылардың (дыбыстық бағандар, микрофон, принтер, сканер, модем) қызметін және олардың сипаттамаларын, «ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы» түсінігін.

Оқушылар үйренуі тиіс: Құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын.

Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа қатысты жасалған презентация

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білім меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ү. Бекіту.

Ү. Үй тапсырмасы.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Компьютердің негізгі құрылғыларының, жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын, пернетақта бөліктерінің суреттерін презентация арқылы көрсетіп, оқушылардан олардың аттары мен не үшін пайдаланылатыны сұралады. Сөзжұмбақ құрастырып келген оқушылар болса, басқа оқушыларға шешу тапсырылады. Ребустардың жауабын дәптерлерінен тексеріп шығу.

ІІІ. Тақырыпқа қатысты жасалған презентация арқылы Компьютердің қосымша құрылғылары тақырыбы түсіндіріледі.

Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың ішіне де, сыртына да қосуға болады. Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыстық бағандар, микрофон, принтер, сканер, модем және т.б. жатады. Әр құрылғының міндетін оқушылардың жауабын толықтыру арқылы түсіндіремін. Принтер - ақпаратты компьютермен қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді. Басып шығару жылдамдығы жоғары, ал басылған парақтың өзіндің құны төмен болғандықтан лазерлік принтерлерді әртүрлі ұйымдарда пайдаланады. Сканер - мәтіндік және графикалық ақпаратты( суретті, сызбаларды) қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Көпфункционалдық құрылғылар(КФҚ) - бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир. Бұл құрылғының ерекшелігі компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға болады. Ақпарат тасығыштар: қатты диск(винчестер), жұмсақ диск(дискета), лазерлік дискілер(CD,DVD), флеш-жады. Тасығыштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде - сандық форматта сақталады. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші - олардың сыйымдылығы. Сыйымдылық - тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері. Қатты диск(винчестер) -үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы. Қазіргі ДК үшін дайындалатын қатты дискілердің сыйымдылығы Терабайттарға жетті. Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан - ол компьютердің сыртқы жады болып табылады.

Флеш-жадыларға ақпаратты өп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан -жылға артып келеді. Флеш-жадылар флеш-карта түрінде барлық сандық құрылғыларда - фотоаппараттарда, видеокамераларда, ұялы телефондарда кеңінен қолданылады.

Ү. Тақырыпты бекіту үшін Өзіңді тексер! - Тест жұмысын орындатып, оқушыларды бағалаймын.

Тест жауаптары №5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

D

B

D

A

B

B

C

B

D


Ү. №7 параграфтың мазмұнын түсініп оқу және бақылау сұрақтарына жауап беруге дайындалу.



Өзіңді тексер!

  1. Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы:

A) Сканер

B) Принтер

C) Монитор

D) Пернетақта

  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?

A) Сканер

B) Пернетақта

C) Тышқан

D) Принтер

3. Дыбыстық ақпаратты шығару шін не қажет?

A) Монитор

B) Колонкалар

C) Сканер

D) Микрофон

  1. Артығын көрсетіңдер?

A) Сканер

B) Тышқан

C) Пернетақта

D) Процессор

5. Микрофон, сканер, тышқан қатарын төменде көрсетілгенсөздердің бірімен аяқтаңдар:

A) Пернетақта

B) Жүйелік блокта

C) Дыбыс құлақтығы

D) Монитор

6. Винчестер дегеніміз:

А) Жұмсақ диск (дискета)

B) Қатты диск

C) Лазерлік диск

D) Флешка

  1. Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі еңң үлкен?

А) Жұмсақ диск (дискета)

B) Қатты диск

C) Лазерлік диск

D) Флешка

8. Принтер қандай құрылғы?

А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын

B) Графикалық ақпаратты енгізетін

C) Ақпаратты қағазға басып шығаратын

D) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын

9. Орындалатын кезде программа қайда сақталады?

А) Видеожадыда

B) Жеделжадыда

C) Қатты дискіде

D) ТСҚ-да

10. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) Қатты диск

B) Лазерлік дискілер

C) Флеш-жады

D) Процессор


© 2010-2022