Сабақ тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : Бекітемін ----------------------------------------------

Оқу ісінің меңгерушісі

Сабақ тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, номерлу және парақ параметрлерін баптау туралы түсінік беру
2. Дамытушылық мақсаты: Осы тақырып бойынша алған төориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану
3. Тәрбиелік мақсаты: компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу
Сабақ түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: теориялық, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, таратпа материалдар, карточкалар,электрондық оқулық
Пәнаралық байланыс: математика,қазақ әдебиеті,тарих
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Жаңа сабақты түсіндіру
Практикалық жұмыс
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Сабақ мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Көшіру және орын ауыстыру операцияларында қолданылатын әдістерді атаңдар?
3. Алмасу буфері дегеніміз не?
4. Алмасу буфері қандай жағдайда қлолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Құжаттың сыртқы түрін жақсарту әрі оның ішкі мағынасын ұғынықты қылу үшін Word - та тізімдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы құрал бар. Тізімдердің екі негізгі тұрпатын пайдалануға болады.
• Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией)
• Белглеуі бар тзім (списки с пометками)
Тізімді нөмір жаңа элементті енгізукезінде автоматты түрде түзетіледі. Тізімдерді сұрыптаудың мүмкіндіктері болады. Пішім мәзіріндегі Тізім командасын орындау арқылы Сұхбат терезесі ашылады. Қажетті тізімнің белгілеуі бар (с пометками) тізім үшін - Маркерленген (Маркированный) нөмірленуі бар (с нумерацией) тізім үшін - Нөмірленген (Нумерованный) немесе күрделі нөмірлеуі бар (со сложной нумерацией) тізім үшін - Көпдеңгейлі (Многоуровневый) беттерді активтендіріңіз.
Парақ параметрлері
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі , Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.
1. «БЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІ» диалогтік терезесі бойынша қызметтік мүмкіндіктерін атаңыз:
ІV.компьютермен жұмыс.

Кітаптағы деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар парақ параметрлерін баптауды, маркирленген және нөмірленген тізімдер құруды.маркерлерді таңдау және оларды өзгертудің болатынын іс жүзінде көреді.
Тапсырмаларды орында (жеке берілгін).

V.Үйге тапсырма беру . Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

15 ақпан Кеңес одағының ауған жерінен шығарылған күніне арналған кешке шақыратын қонақтарға шақыру билетін жасау.Қонақтар тізімін жасау. Информатика оқулығынан 60-61 бет





© 2010-2022