Урок на тему: Работа с графическим редактором

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ГРАФИКТІК ФАЙЛДАРДЫ ЕНДІРУ


Ильясова Аяжан Қуандыққызы

Екінші санатты информатика пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі


Сабақтың мақсаты:

а)бiлiмдiк: МS Power Point-та графиктік файлдарды ендіру және оның ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері туралы оқушыларға түсінік беру.

ә) дамытушылық: Қазіргі кезеңдегі ЭЕМ негіздері туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал жасау. Қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту.

б) тәрбиелiк: Ұқыптылық пен тиянақтылыққа және ізденімпаздық пен жан-жақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі (типі): Аралас

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі (орфография, грамматика), Математика (санау жүйелері), Орыс тілі (орфография, грамматика), Сызу (пішімдер).

Сабақтың көрнекілігі: ДЭЕМ, жүйелік дискілер, флешка, интерактивтік тақта, плакат, бүктеме, электрондық оқулық.

САБАҚ БАРЫСЫ:


  • Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин.

  • Студенттерді тексеру;

  • Құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеріп, жұмыс атмосферасын жасау;

  • Сабаққа кірісу;

  • Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

  • Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 3-5 мин.

  • MS Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • MS Power Point бағдарламасының терезе элементтері туралы түсінік.

  • Слайд дегеніміз не?

  • Дайын презентацияны қандай перне көмегімен көреміз?

  • Жаңа сабақты түсіндіру: 20-25 мин.

Ағымдағы cлайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек :

1) Вставка - Рисунок - қажетті графикалық бейнені таңдау - Вставить

Урок на тему: Работа с графическим редактором

Урок на тему: Работа с графическим редактором

2) Вставка - Картинка - қажетті графикалық бейнені таңдау

Урок на тему: Работа с графическим редактором

Урок на тему: Работа с графическим редакторомУрок на тему: Работа с графическим редактором

Урок на тему: Работа с графическим редактором

SmartArt бағдарламасының көмегімен дайын үлгі түрлерді таңдап, графикалық бейнелерді қоюымызға болады.

Урок на тему: Работа с графическим редактором


  • Студенттердің сұрақтарына жауап беру: 2-3 мин.

  • Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау: 3-6 мин.

СҰРАҚТАР:

  • MS Power Point слайдына бейнесі бар файлды енгізудің түрлері мен тәсілдері.

  • SmartArt қандай бағдарлама?

ТАПСЫРМА:

  • Компьютер жадындағы кез келген графикалық объектіні пайдаланып жарнама жасау.


  • Студенттер білімін бағалау: 3-5 мин.

Студенттерге бағаларын хабарлау.

  • Үй тапсырмасы: 1-2 мин.

Оқулықтан 54-бет және конспект бойынша МS Power Point-та графиктік файлдарды ендіру және оның ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері туралы оқып үйрену және студент портфолиосын PowerPoint бағдарламасының көмегімен жасап келу.

Оқытушы Ильясова А. К.

© 2010-2022