Интеллектуалды сайыс атты сыныптан тыс шара

Раздел Информатика
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Интеллектуалды сайыс

Сайыстың мақсаты: Пәндерді күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету, алған теориялық білімдерін қолдана білуге, өз бетімен шешім қабылдай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.

Сайыс барысы: Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Бүгін сіздер әр түрлі пәндердің жұмбақты да тылсым әлемімен танысасыздар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты да тартымды екеніне куә боласыздар.

Бәріңіз маған қараңдар!

Сайысымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Интеллектуалды сайыста

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық.

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға,

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.

(Ортаға сайыскерлер шығады.)

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

1. ___________________________________

2. ___________________________________

3. ___________________________________

4. ___________________________________

Сайыс шарты: Интеллектуалды сайысына 9-11 сынып оқушылары бақ сынасады. Сайыс 5-кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

2-кезең. «Кім жылдам?» (пән бойынша сұрақтар)

3-кезең. «Кім жүйрік?» (логикалық сұрақтар)

4-кезең. «Ғажайып бестік»

5-кезең. «Тұлғалар»

1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Демеймін заман сөздері,

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді, - дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз. (Әр оқушы өздерінің таныстыруларын айтады)

2-кезең. «Кім жылдам?»

2-кезеңде сұрақтар берілген, оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпаймен есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)

2-сұрақ. Құс жолы қандай пішінде болады? (шиыршық)

3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)

4-сұрақ. Үшбұрыштың қабырғаларының қосындысы не деп аталады? (периметр)

5-сұрақ. Ең кіші планета ? (Меркурий)

6-сұрақ. Жылдамдықтың формуласы қандай? (v=s/t)

7-сұрақ. Ми бағанасы нелерден тұрады? (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми)

8-сұрақ. "Оянған өлке" романының авторы. (Ғ. Мүсірепов)

9-сұрақ. И.П.Павлов рефлекстерді неше топқа бөлді және қалай аталады?(екіге: шартты және шартсыз рефлекс)

10-сұрақ. Бетпе-бет кездесіп, пікірлесіп ой бөлісу. (Ауызекі сөйлеу стилі)

11-сұрақ. Шыңғысхан ұлысы неше қанатқа бөлінді? (оң қанат, сол қанат, орталық)

12-сұрақ. 1991 жылы 2-қазанда қандай жағдай болды? (Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты)

13-сұрақ. Ескі қытай "Кюши" деп аталатын тайпа. (Қыпшақ)

14-сұрақ. Пунктуация дегеніміз не? (Тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы)

15-сұрақ. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі (Озон )

16-сұрақ. Азамат соғысы - ол: (мемлекет ішінде билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы)

17-сұрақ. Синоним дегеніміз не? (айтылуы, естілуі әр басқа, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер)

18-сұрақ. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпаларды ата. (сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, сарматтар)

3-кезең. «Кім жүйрік?» (логикалық сұрақтар)

1.Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?

Жауабы: 120 тырна

2.Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

Жауабы: 20

3.Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы осы жолды күніне екі шақырым жүріп, бір шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?

Жауабы: 9 күнде

4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?

Жауабы: дорбасымен бірге алады.


5.Қорада тауықтар және сиырлар бар: олардың аяқтарымен мүйіздерінің саны -100. Сонда қорада қанша тауық және қанша сиыр болғаны?

Жауабы: 8 тауық 14 сиыр

6.Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

Жауабы: Барлық айда

7. Анасы 50жаста, ал қызы 28жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе кіші болды?

Жауабы: 6жыл

4-кезең. «Ғажайып бестік»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бес ойыншы қатысады. Алдыңғы кезеңде жиналған ұпай үшінші кезеңде де сақталады. Үшінші кезеңде мектеп бағдарламасына сай 5 пәннен сұрақтар қойылады.

Интеллектуалды сайыс атты сыныптан тыс шара


Биология

10. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны (46)

20. Мидың қан тамырлары тарылса (Бас айналады)

30. Лейкоциттер түзілетін жер (Көк бауырда, жілік кемігінде, лимфа түйінінде)

40. Ең алғаш жасушаны ашқан ғалым ( Р.Гук)

Химия

10. Тұздар деген не?(Металл атомынан және Қышқыл қалдығынан тұратын зат )

20. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі немен өлшенеді? (Процент)

30. Сумен әрекеттесіп қышқыл түзетін оксид. (Қышқылдық оксид)

40. Атомдардың өзіне электрон тарту қасиетін не дейміз? (Электр терістілік)

География

10. Егер темір қорытындысына көміртектің мөлшері 2%-тен 6%-ке дейін болса, онда ондай қорытпаны ... деп атайды. (Шойын )

20. Мыстың никельді қорытпасы (Мельхиор )

30. Шағын литражды қозғалтқыштар зауыты қайда орналасқан? (Петропавлда )

40. Трансқазақстан теміржолының мақсаты (Қарағанды көмірі мен мыс өнеркәсібінің дамуы)

Физика

10. Жазық айнадағы кескін әрқашанда қалай түседі? (Тура )

20. Ток күшінің бірлігі не деп аталады? (Ампер )

30. Атақты физика Поповтың есімі (Александр)

40. Тізбектегі ток күшін реттеу үшін не қолданылады? (Реостат )

Информатика

10. Алгоритм дегеніміз не?(Бұл сандардың түрлендіру тәсілі мен оған қолданылатын амалдар ережесі)

20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым. (Блез Паскаль)

30. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)

40. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

5-кезең. «Кім алғыр?»

Бұл кезеңде қатысушылар мына тұлғалар жөнінде білген мағлұматтарын айтады: Ф.Оңғарсынова, Ә.Кекілбаев, Н.Назарбаев

Қорытынды: Алған ұпай сандары бойынша жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып- дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!






© 2010-2022