Разработка Сындарлы оқытудың басты мақсаты

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орынбасарова Нурзила Болатхановна

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

№18 А.Қосанұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)

Информатика пәнінің мұғалімі


Сындарлы оқытудың мақсаты.


Әлемдік білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты мәселе болып отыр.

Білім беру мекемелерінің басты міндеті- ғылым мен ақпараттық коммуникативтік технология күшейген заманда адамның қабілетін, ақыл-ой мүмкіндігін, талантын, өзіндік шешім қабылдай алатын тұлғаны жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу, пікір- көзқарастарын нақтылап, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.

Сындарлы оқыту теориясындағы жеті модульдердің бірі- «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету». Оқушылар сабақты қалай оқу керектігін меңгереді, өз пікірін айтады, ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.

Дәстүрлі білім беру негізінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде бағыттаушы болып табылады. Мен өзім ағылшын тілі пәні мұғалімі болғандықтан оқушылардың сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу мәнеріне көп көңіл бөлемін. Осы мақсатта сабағымда сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалогты пайдаланамын.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйреніп, жаңа көзқарас пайда болды. Сабақта топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында «оқушы мен мұғалім » арасында диалогты тиімді ұйымдастыру, оқушыларды қызықтырып, сабаққа ынталандырып, ынтымақтастықпен бірін-бірі тыңдап, құрметтеуге үйретуді қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Топтық жұмыста оқушылар бірі сұрақ қойып, бірі жауап беріп, оқушы бойындағы сенімсіздік жойылып, ынта-жігерімен бірін-бірі үйретеді. Сабақ барысында оқушыға шынайы қолдау көрсетіп, марапаттап отырса, ол да мұғалімге сондай қарым-қатынас жасайды. Оқытуда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек.

Жалпы білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына жету үшін оқыту үдерісін жоспарлап, оқушыларды бағалауды басты назарда ұстанады. Сабақта балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Оқушы нені үйренгенін, нені үйрену керек екенін өздері шеше алады. Бағалау кестесі арқылы өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алады және алдағы уақытта білімін қалай дамыту керектігін білетін болады.

Сындарлы оқыту теориясы жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылса, тәрбиелі, білімді, рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастар өсіп шығады. Сол себепті әрбір мұғалім жаңа әдісті меңгеру тиіс деп ойлаймын.

© 2010-2022