Векторлық және растрлық графиктерді құру

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі.

Сабақтың мақсаты: Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша компьютерлік графиканы жіктеуді үйрену, графикамен жұмыс істеу программалары жіктелуінің ұстанымдары туралы түсінік қалыптастыру

Білімділік: Компьютерлік графиканың анықтамасын, компьютерлік графика түрлерінің атауын, графикалық файлдың пішімі, графикалық редакторларды қандай пішімдер қолдайтының.

Дамытушылық: Ұсынылған кескіннен графика түрін анықтауды, әртүрлі компьютерлік графика түрлерінің пайдалану саласынан мысалдар келтіруді, көрсетілген графикалық пішімнің файлмен қандай программада жұмыс істеу керектігін анықтауды.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, компьютерлер, оқулық, тақта, бор

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Психологиялық ахуал орнату

  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Кескінді қолмен және компьютермен салу үдерістерінің негізгі айырмашылықтары қандай?

2) Компьютерлік кескіндерді қай жерде кездестірдіңдер?

3) «Компьютерлік графика» түсінігінің анықтамасын беріңдер.

4) Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?

5) Қандай салаларда растрлық графика пайдаланылады?

6) Қандай графикалық редакторларды білесіңдер? Оларда қандай графика түрі өңделеді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Графикалық редакторлар, компьютерлік кескін сияқты растрлық, векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді.

Суретті сақтаған кезде, белгілі бір графикалық пішімде файл жасалады. Графикалық файлдың пішімі - графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі. Компьютерлік графика - программалық және аппаратық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы. Компьютерлік графикасыз веб-парақшаларды, компьютер ойының, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес. Айтылып кеткендей жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық. Растрлық кескіндер пиксельдерден тұратының білеміз. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады.

Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналған. Олардың көмегімен коллаждарды, фотомонтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б.функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндердің растрлық кескіндерден айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды. Өнімдерді көркемдеуге векторлық графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).

Фракталды графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула болып табылады. Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды мысалы: қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады.

Графикалық файлдардың пішімін оларда сақталған ақпарат түрлері бойынша жүйелеуге болады. Мысалы,

  • Растрлық пішімдер - TIFF,GIF,BMP,JPEG;

  • Векторлық пішімдер - SVG, EPS,WMF;

  • Аралас пішімдер - EPS, PDF.

BMP

Microsoft компаниясы жасаған. Сығымдауды қолданбай, файлдар көп орын алады.

GIF

CompuServerInc корпорациясы жасаған. Сығымдауды қолданады. Бұл пішімге экспорттаған кезде түс беру сапасын жоғалтады. Пішімнің айырмашылығы - бір файлдың ішінде бірнеше кескінді сақтауға мүмкіндіктің болуы.

JPEG

Пішімнің аты жасаушы компанияның аталымынан құралған - Joint Photographik Experts Group. Төмен сығымдаумен жоғары сапа беретіндіктен, фотосуреттерді, соларға ұқсас кескіндерді сақтауға арналған. JPEG пішімді файлдар .jpg, .jpeg, .jfif, .jpe кеңейтуді қабылдайды.

Сығымдау дегеніміз - мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту. Ол үлкен көлемді мәліметтерді желі арқылы жіберу кезінде ыңғайлы.

IV. Қорытындылау

Оқушыларға тәжірибелік жұмыстарды орындату кезінде, жан-жақты талқылап жауаптарын бағалау.

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау




© 2010-2022