Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттей келе,  мектеп әкімшілігімен сұхбаттасу, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан сауалнама жүргізу нәтижесінде мектепке білім сапасын арттыру үшін бірталай өзгерістер енгізу қажет екендігін байқадым. Мектеп ұстаздарының көпшілігі оқыту мен оқу тәжірибесінде дәстүрлі білім беруге әрдайым бейім екендігі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының төмен екендігі, ал ата-аналардың мектепті дамыту жоспарына деген ықылассыздығы байқалды.   Мектеп мұғалімдері, о...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есмагамбетова Динара Ахметовна мұғалім портфолиосы С есебі

№2 топ 1 деңгей

Семей қаласы 30.05.2014 жыл


Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?


«Басқаларды үйрете жүріп,

біз өзіміз де үйренеміз»

Сенека Луций

Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттей келе, мектеп әкімшілігімен сұхбаттасу, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан сауалнама жүргізу нәтижесінде мектепке білім сапасын арттыру үшін бірталай өзгерістер енгізу қажет екендігін байқадым.

Мектеп ұстаздарының көпшілігі оқыту мен оқу тәжірибесінде дәстүрлі білім беруге әрдайым бейім екендігі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының төмен екендігі, ал ата-аналардың мектепті дамыту жоспарына деген ықылассыздығы байқалды.

Мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата - аналардан алынған сауалнама негізінде анықталған нақты проблемалар: мектеп мұғалімдері сабақты жүргізуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізбеуі, мұғалімдер мен оқушылар арасында сабақ соңында жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың болмауы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы, мұғалімдердің оқушылардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайтындығы, мектепте қалыптасқан жағдай оқуға қызығушылықты арттырмайтындығы анықталды.

Оқушылардың сабаққа уәжінің төмен екендігі, олардың ойлау дағдыларын, арттыру және білім алғысы келетіндердің ниетін ынталандыру үшін мұғалімдерді кері байланыс жасауға ықпал ету керектігі бірден байқалды. Осы жағдайды сараптай келе, мен мектеп мұғалімдері оқушыларды оқытуда оқуға деген ынталарын арттыру үшін жұмыс істеу қажет деп есептеймін.

Ол үшін мен келесі бағытта жұмыс істеуді жоспарладым: топтық жұмыс арқылы өзін өзі реттеу деңгейін көтеру, оқушылардың ішкі уәжін арттыру, жаңа әдіс-тәсілді іс-тәжірибеге енгізу үшін қолайлы жағдай жасау.

Мен өзгерістерді енгізу үрдісін басқару бойынша өз іс - әрекетімді ұйымдастыруды «Мұғалімге арналған нұсқаулыққа», мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмалар, Бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі ресурстарды басшылыққа ала отырып жоспарладым.

Барлық зерттеу жұмыстарын талдай келе «қазіргі уақытқа ғана емес, болашаққа бағытталуын» ескере отырып, нәтижесінде пайдалы, қолжетімді болатын өзгеріс енгізу қажеттілігін түсіне келе, мынадай зерттеу сұрағы туындады: топтық жұмыс оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгертуі қаншалықты мүмкін? Осыдан проблемалық тақырыпты анықтадым: «Оқытуда топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту».

Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 7 бет)

Мектебіме өзгеріс енгізу үшін ең алдымен даму жоспарына қандай өзгерістер енгізуіме болады деген оймен мектептің даму жоспарымен толық таныстым. Және «Нені жасаймын?», «Не үшін жасаймын?», «Қалай жасаймын?» деген сұрақтар мені ойландырды. Бұл мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін мектеп әкімшілігімен келісе отырып жоспар құрдым.

Мұғалімдердің жаңа технологияға деген біліктілігін, оқушылардың оқуға деген уәжін арттыру мақсатында мектептің дамыту жоспарына өзгерістер енгіздім.

Мектептің даму жоспарының тақырыбы: «Оқытуда топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту».

Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:

  • мұғалімдер әр сабақты қызық етіп өткізуге талпыныс жасайды, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Нәтиже және табыс критерийлері

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады

  • Оқу сапасы артады

Ынтымақтастық қарым-қатынас жағдайы қалыптасады:

  • Топтағы әр оқушы сабаққа белсене қатысады;

  • Пікір алмасады;

  • Бір-бірін тыңдап үйренеді;

  • Сенім артылады, жауапкершілік алады.

Орындалатын жұмыстар: Мектептің қазіргі деңгейін, сұраныстары мен қажеттіліктерін анықтау, мұғалімдерде сабаққа деген жаңаша көзқарас қалыптастыру және оқушылардың топпен жұмыс істеуін дағдыландыру.

Мектепті дамыту жоспарының мақсаты нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген.

Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады. Бұл ретте оқу көшбасшылары қолданатын тетіктер мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көмектеседі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 14 бет).

Оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту мақсатында топтық жұмыстың тиімділігі жайлы мектептің даму жоспарына енгізетін өзгерістерді жоспарлап, осыған байланысты жұмыстардың ретін белгіледім.

Ең алдымен бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін таныстыру мақсатында мектеп әкімшілігімен әңгімелесу. «Оқушылардың нәтижесіне мектеп басшылығының мұғалімдердің білім алып, дамуына ықпал етуі және бұл үдеріске тікелей қатысуы бәрінен де қатты ықпал ететіндігі көрсетеді» (Робинсон, 2009).

Әкімшілікпен кездесудің бірнеше себептері бар:

  • Біріншіден, мектептегі іс - тәжірибе кезеңінде жүргізілетін өзгерістер көптеген факторларға әсер етеді, оларды шешу үшін маған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және тәрбие жөніндегі орынбасары көмектесе алады;

  • Екіншіден, біздің мектебімізге оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін бірлесе анықтай аламыз;

  • Үшіншіден, мектепке өзгеріс енгізу үшін мұғалімдер, оқушылар мен ата - аналардан анкета алуды ұйымдастыру, коучинг, тәлімгерлік, Лессон стади жүргізу үшін уақытты белгілеп алу мүмкіндігі.

Бұл этапқа келетін болсақ, есеп құру кезеңіне дейін проблемалық тақырып анықталған, алдында атап көрсеткендей мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: «Оқытуда топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту».

Келесі кезеңде мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесу ұйымдастыру. ӘБ жетекшілері көмегімен оқытудағы жаңа әдістерді енгізу үшін өзіме ынталы топ құруға көп көмегі тиеді деп ойлаймын. Кәсіби диалогтың тақырыбын «Оқушылардың ішкі уәжін көтеру үшін не істеуіміз қажет» деп қоямын.

Менің жоспарымның келесі кезеңі шығармашылық топ құру жөніндегі әкімшілік кездесу болып табылады. Бұл кездесуде әкімшіліктен басқа ӘБ жетекшілері де қатысады, оларға 1 аптада жасалған мониторинг қорытындысымен таныстырамын, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан алынған сауалнама нәтижелерімен таныстырамын. Осы кездесуде өзімнің болашақ коучтерімді, тәлім алушымды анықтап, жұмыс істеу үшін коучинг тақырыптарын анықтап алуды жоспарлап отырмын.

Мектептің даму жоспарына енгізетін өзгерістің бірі - коучинг сабақтарын енгізу.

Сапалы коучинг алты кезеңнен тұратынын басты назарда ұстанамын:

  • аз сөйлеп көп тыңдау;

  • нақты сұрақ қою

  • әртүрлі жолдарды ұсыну;

  • дәлелдемелер қажет (сабақ жоспары);

  • ресурс беру;

  • дұрыс қатынас болуы.

Іс - тәжірибе кезеңіндегі жоспарыма төмендегі тақырыптарды жоспарладым: а) «Жаңа форматтағы ұстаз», ә) «Сын тұрғысынан ойлау», б) «Топтық жұмыста бағалаудың маңыздылығы», в) «Топтық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері».

«Жаңа форматтағы ұстаз» коучингісінің мақсаты: осы коучинг соңына дейін өз оқыту және оқу тәжірибелері туралы ойланады, оны өзгерту себептерін талқылайды. Берілген проблеманы әртүрлі жағынан қарастыру арқылы, мұғалімдер рефлексия ретінде келесі сұрақтарға жауап бере алады:

  • Мен үшін не маңызды? Не өзгерткім келеді? (құндылықтар)

  • Оқыту үдерісін қандай түрде көргім келеді? (көрегендік)

  • Өзгерістерді енгізу үшін не істей аламын? (стратегиялар)

«Сын тұрғысынан ойлау» коучингісінің мақсаты: Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

«Топтық жұмыста бағалаудың маңыздылығы» коучингісінің мақсаты: мұғалімдерге бағалаудың әртүрлі стратегияларымен таныстыру, бағалауды сабақ барысында тұрақты түрде қолдану керектігін біледі, оқыту кезінде бағалауды жүргізу бірінші маңызды іс-әрекет екендігін түсіндіру үшін, оқушыларды сабақ барысының барлық кезеңдерінде оқытып, дайындау қажеттігін түсінеді.

«Топтық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері» коучингісінің мақсаты: мұғалімдерді сабақтарында топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерту. Топтық жұмыс арқылы бірлескен және ұжымдық жұмыс құруды үйренеді.

Менің жоспарымның бұл пунктері орындауға қызықты болатын сиякты:

  • Біріншіден, менің коуч мұғалімім коучинг өткізу үшін жаңа әдіс - тәсілдерді меңгереді.

  • Екіншіден, әрдайым топта жұмыс істей отырып, мектептің күнделікті өміріне бірлескен және ұжымдық жұмыс әдісін енгізе алады.

  • Үшіншіден, жаңа талаптар мен жаңа стратегияларды білу міндетті түрде мектеп өзгерісіне алып келеді, ол дегеніміз оқушылардың жаңа білім алуы үшін ынталарын көтеруге ықпал жасайды.

  • Төртіншіден, коучингтерде АКТ - ның қолдануы, көрнекілік ретінде үлкен мәнге ие.

Коучингтердің әр кезеңінен кейін топтарды формативті бағалау жүргізіледі.

Мектептің даму жоспарына енгізетін келесі өзгерістердің бірі - тәлімгерлікті енгізу.

Тәлім алушыға топтық жұмыс кезінде оқушылар ынтымақтастықта жұмыс істеуге, бір - бірін тындауға, сыныптастарын және өзін - өзі бағалауға, өздеріне сыни көзбен қарауға үйренетіндігі жайлы кәсіби әңгіме жүргіземін.

Жұмысымды Тәжірибелі көмекшінің моделіне (Еган, 1998) негіздеймін:

  • Тәжірибені талдау;

  • Проблеманы анықтау;

  • Өзекті проблемаларға көңіл бөлу;

  • Күтілетін нәтижелерді анықтау;

  • Мақсат қою;

  • Мақсаттың тиімділігін және орындылығын анықтау;

  • Әрекеттерді талдау;

  • Тиісті стратегияны таңдау;

  • Іс - әрекет жоспарын әзірлеу;

Ендігі мақсат - тәлім алушымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес тәлім алушының сабақтарына жоспар бойынша қатысып, еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздестіру. Тәлім алушымен оқыту мен оқу тәжрибесіне өзгеріс енгізу үшін өзім білетін барлық әдіс - тәсілдермен бөлісуге тырысамын. Әрбір сөзіммен тәлім алушыны қолдап, жаңа идеялармен толықтырып, тиімді шешім қабылдауға тартуым қажет деп есептеймін.

Тәлім алушыммен жұмысты жалғастырып, мектептің дамуына үлесімізді қосамын деп ойлаймын.

Мұғалімдерді іс - әрекеттегі зертеу үрдісін оқу үрдісіне ықпалдастыру оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартуға бағыттау үшін Lesson Study-ді жоспарладым. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады.( Мұғалімге арналған нұсқаулық 47- бет).

Менің ойымша, Lesson study - дің тиімділігін, мұғалімдерге оқушылардың қалай ойлайтынына көбірек назар аударуға көмектесетіндігімен көруге болады. Мұғалімдерге Lesson study -ге қажетті деректерді жинау үшін оқушыларды мұқият тыңдау керек болады, ал мұның өзі де - тиімді жұмыс. Мұғалімдер сыныптағы оқушыларды тыңдау керектігін, олардың не айтатынын құрметтеу керектігін және сабақты жоспарлау кезінде осының бәрі маңызды екендігін түсінетін болса, Lesson study-дің мұғалімдердің оқу мен оқыту тәжірибесіне тигізетін үлесі өте зор болатын еді.

Осы тәсілдің тиімді екендігіне көз жеткізу үшін мектептегі тәжірибе кезінде өз мектебіме өзгерту енгізу барысында осы тәсілді пайдаланып көруді жөн көріп, мектепті дамыту жоспарының екінші аптасына кірістірдім.

Бұл істі Lesson Study тәсілін іске асыру барысын мына қадамдар арқылы жүзеге асырамын:

  • Lesson Study тобын құрып, өзара келісе отырып, жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін құрамын;

  • Сабақты зерттеудің басты идеяларын анықтап алып, нені және кімді оқытуды анықтаймын;

  • Қай сыныпты зерттеу керек екенін және неге осы сыныпты зерттеуге алу керектігін анықтаймын;

  • Зерттелетін оқушылардың бұның алдындағы сабақтарда өтілген материалдарды қалай меңгеріп жүргенін басты назарға алу арқылы талдау жүргіземін;

  • Зерттеу сабағы өтілгеннен кейін талдау жасай отырып, оқушылармен сұхбат жүргізіп, тиімділігін талдаймын; lessonstudy.co.uk/

Осы іс-әрекеттегі зерттеуімді іске асыру мақсатында өзгерістерді енгізу үшін мектеп әкімшілігі мен деңгейлік бағдарлама бойынша оқып келген III деңгей мұғалімімен, бірлестік жетекшілерімен және мұғалімдермен біріге отырып, ынталы топ құрдым, мұғалімдер қоғамдастыққа мүше болуға қуана келісті.

Қоғамдастық мүшелері етіп коуч мұғалім 3 деңгей бойынша сертификатталған ағылшын пәнінің мұғалімі Бақытнұр, тәлім алушым ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі Айгүл, Лессон стади жүргізудегі мұғалімдердің тобына физика пәнінің мұғалімі Назира, математика пәнінің мұғалімі Уасиля, І санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ляззат алдым.

Өзімнің ынталы тобыммен даму жоспарының басымдықтарын, тиімді бағыттарын анықтау барысында шешім қабылдау үшін бірлесе отырып топ жұмысын жасаймын.

Мектептің даму жоспарына енгізілген іс-шараларды іске асыру үшін желілік қоғамдастыққа құрып, оған мұғалімдерді жұмылдыруды жөн көрдім. Желілік қоғамдастықтың мақсаты қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолын бірлесіп отырып қарастыру, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу, оқушыларды оқытуда жеті модуль әдістерін қолданудағы жетістіктер мен кедергілерге тоқталу, өзара сенімге негізделген қарым - қатынас арқылы пікір алмасу, көмек көрсетуді жоспарлап отырмын.

Мектепке өзгеріс енгізу үшін алдымен мұғалім өзі өзгеруі керек. Осы орайда американдық ғалым С.Бичтің пікірі маған өте ұнады. Оның «әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз өзгеруіңіз қажет» деген пікірі менің ойыма сай келіп және алға ұмтылуға себепші болды.

Мүмкін жоспарымды іске асыру кезінде кедергілер туындауы мүмкін:

  • Әріптестерімнің уақытының жетіспеуі;

  • Lesson Study жүргізу кезінде сабақ кестесінің сәйкес келмеуі;

Мүмкін кейбір әріптестердің жаңашылдыққа ұмтылғысы келмеуі де болуы мүмкін. Бірақ мен өз іс - әрекеттеріммен өзімнің әріптестерімді қызықтыра аламын деген ойдамын. Оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді қолданып сабақтар жүргізіліп, қызықты коучингтер өткізіледі.

Тәжірибе кезеңінде жүргізілген өзгерістер мектептің қажеттіліктеріне сай жоспарланды және менің жоспарым іске асырылады деп есептеймін. Әрбір мұғалім оқытуда жаңа тәсілдерді және топтық жұмысты енгізе отырып, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерте алатынына сенімдімін. Ол үшін оларға коучинг мен тәлімгерлік арқылы қолдау көрсетіледі. Аталған іс-шараларға белгіленген уақыт оңтайлы және шынайы. Сонымен қатар, бұл жоспар жалғасын табатыны сөзсіз. Мектепті дамыту үшін жасалған жоспар оқыту мен оқу тәжірибесін өзгерістер енгізуде өз үлесін қосады деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей, екінші басылым, ДББҰ, 2014

  2. ЭЫДҰ-ның «Мектеп көшбасшылығы» құжатынан үзінділер.

  3. Апталық таратпа материалдардан үзінділер.

  4. lessonstudy.co.uk/



Қосымша АМен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?



Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?







































Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

© 2010-2022