• Преподавателю
  • Информатика
  • Зертханалық жұмыс АВС Pascal програмалау тілінің графикасында геомериялық фигураларды процедураларды пайдалану арқылы қозғалысқа келтіру

Зертханалық жұмыс АВС Pascal програмалау тілінің графикасында геомериялық фигураларды процедураларды пайдалану арқылы қозғалысқа келтіру

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: АВС Pascal програмалау тілінің графикасында геомериялық фигураларды процедураларды пайдалану арқылы қозғалысқа келтіру .

Дамытушылық: АВС Паскаль тілінде әртүрлі стильдер мен бояудың түрлерін пайдаланып, суреттердің программаларын процедуралар қолданып құруда оқушылардың білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен өткен тақырыптарды пайдаланып шығармашылық жұмыс жасау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, бейнелік

Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.

Пән аралық байланыс геометрия, ағылшын тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

II.Өткенді қайталау.

  1. Шеңбер қандай оператордың көмегімен салады?

  2. Төрт бұрыш қандай оператордың көмегімен құрылады?

  3. Нысандардың, геометриялық фигуралардың іштерін қалай бояйды?

  4. Қандай қайталау операторларын білесіңдер?

  5. Аймақты қалай бояйды?

  6. Нысандарды байланыстыру қалай іске асады?

  7. Қайталау операторын қолданғанда фигуралардың арасын қалай жиі қылады?

IIІ. Жаңа сабақтарды түсіндіру:

Ал енді шеңберді repeat қайталау операторының көмегімен салайық:

USES GraphABC;

VAR x:Integer;

BEGIN

x:=20;

repeat

Circle(x,100,10);

x:=x+10;

until x>800;

ReadLn;

END.

1.Енді Процедураны қолданып програманы түрлендірейік:

Ол негізі үш бөлімнен тұрады:

1.Сипаттау бөлімі

2.Функцияны баяндау

3.Функцияны шығару

2. Мысалы жаңағы шеңберді қозғалысқа келтіру үшін:

Program E_1;

uses graphABC;

var x:integer;

procedure kozgalys;

Begin

cls;

X:=20;

repeat

setbrushcolor(clred);

CIRCLE(X,100,10);

RedRaw;

x:=x+8;

until x>1000;

end;

begin

kozgalys;

RedRaw;

end.

Бұл программадағы:

CLS - экранды тазалау;

RedRaw - графикалық терезені қайта бояу үшін қолданылатын функция;

3.Бұл программаны әрі қарай түрлендірейік:

Program E_1;

uses graphABC;

var x:integer;

procedure kozgalys;

Begin

cls;

LockDrawing;

X:=20;

repeat

setbrushcolor(clred);

CIRCLE(X,100,10);

RedRaw;

ClearWindow(clwhite);

x:=x+4;

until x>1000;

end;

begin

kozgalys;

RedRaw;

end.

Мұндағы:

ClearWindow(clwhite) -қозғалыстағы фигураның артын ақ түске бояп отырады

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма: Шығармашалақ жұмыс орындау.

© 2010-2022