УРОК ПО ИНФОРМАТИКИ ЖАРНАМА ЖАСАУ ЖОБАСЫ

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәні бойынша сабақ жоспары

Сыныбы

6 «А»

Сабақтың тақырыбы

Жарнама жасау жобасы

Сабақтың мақсаты

Corel Draw бағдарламасында меңгерген білімді өмірде қолдана білу

Күтілетін нәтиже

-оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады;

-Corel Draw бағдарламасында алған білімін өмірінде қолдана біледі;

-Келешекте пән бойынша алған білімін тиімді пайдалануды үйренеді.

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; АКТ; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуды басқару және көшбасшылық

Ресурстар

Интернет, видео роликтер, слайдтар

Керекті жабдықтар

Компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

(3 минут)

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Тренинг өткізу. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Үй тапсырмасы:

Оқушылар шығармашылығынан «көрме» ұйымдастыру

Ой қозғау:


Жарнамалық видео роликтер көрсету

Сұрақтар:

-бұл видео роликтің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?

-жарнаманы қандай жолмен халыққа жеткізуге болады?

-нарықтық қоғамда жарнаманың атқаратын рөлі қандай?

осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын оқушылардың түсініктері арқылы ашу.

Негізгі бөлім

Компьютермен практикалық жұмыс

(4 минут)


Мұғалім:

Ендеше, балалар жарнама жасап көрейік. Әркім өз қиялдарыңызбен.

Мысалы, жеке кәсіпкер болдыңыздар делік, сол кезде өз өнімдеріңізге қалай жарнама жасар едіңіздер. Әркім өз тауарына жарнама жасаулары керек. Үздік жарнамалар сайысы өтеді. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

Сабақты бағалаудың критериін оқушыларға таныстырып өту

Сергіту сәті

Көз, қол, аяқтарға арналған жаттығулар

Жоба қорғау

Жасаған жарнамаларын қорғайды.

Бағалау

ОҮБ немесе формативті бағалаудың бағдаршам әдісін қолдану. (оқушылар бірін-бірі бағалау) ОБ немесе суммативті бағалау (мұғалім)

Құрметті мұғалімдер бүгінгі көрген жарнамалардан қай жарнаманы үздік деп санайсыздар?

Үйге тапсырма беру

Жасаған жарнамаңызға қанша қаражат керек екенін есептеп келіңіздер.

Кері байланыс

Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып рефлекция паршасына ілу.


© 2010-2022