Сабақ жоспары Мәтіндік ақпаратты өңдеу

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау.
Пән аты: Информатика Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік ақпаратты өңдеу

Жалпы мақсаты: Оқушыларға WordPad редакторында мәтінді өңдеу

ережесі туралы мәлімет беру.

1.WordPad редакторында мәтінді өңдеу ережесі туралы мәлімет беру.
2.Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.
3.Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже

- WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы білетін болады.
- Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.
- Өзгенің пікірімен санасады.


Негізгі идеялар Мәтінмен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, тырнақшалары, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.
Тапсырмалар

Топтық жұмыс « Ақпарат алу»
Жеке жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері»

1.2. Топқа бөлу. ( «W-O-R-D-Pa-d», «М-Ә-ТІ-Н-ДІ-К», «Р-Е-Д-А-К-Т-О-Р» әріптердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді) (3 минут)
І топ «WordPad», ІІ топ: «Мәтіндік», ІІІ топ: «Редактор» болып оқушылар топтарға бөлінеді.

Әр топта 7 оқушы, екі әріп «КР» Блум технологиясы бойынша бақылаушы болады.

ІІ. Үй тапсырмасы: «Кластер әдісі» сұрақ -жауап арқылы (7 минут)
WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

Әр топ флипчарт бойынша жұмыс істейді, флипчартты үнемдеп үйренеді.

IІІ.Топпен жұмыс: Жаңа сабақ: «Ақпарат алу». (Постер әдісі) (8 минут)
Топтар оқулықтағы мәтінмен және компьютер арқылы электронды оқулықтан мәлімет жинақтайды, флипчартқа жазады.
І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»
ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту»

ІІІ топ: «WordPad батырмасы» туралы танысып шығады.
Топта 6 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бағалаушы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топтар да өз жұмыстарын қорғап шығады.

Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)

Бағалау критерийлері

Сабақ жоспары Мәтіндік ақпаратты өңдеу

ІV. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы - кәдімгі.(обычный)

В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)

С-деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер. (Оқушылар қате жазылған мәтіндердің қатесіп тауып жазады)
Өзін-өзі бағалау (бағдаршам арқылы) (1 минут)

VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)
«Блум таксономиясы»
Білу WordPad қандай редактор?
Түсіну WordPad -тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?
Қолдану WordPad мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?
1. Жолақ
2. Сызғыш
3. Жай-күй жолы
4. WordPad батырмасы
5. Жылдам қолжеткізу тақтасы

Қалған үшеуін өздерің жазыңдар (анализ, синтез, бағалау)

VII. Үйге тапсырма

§20. Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. (158-161 бет)
WordPad пен PAINT-тың айырмашылығын салыстырыңыз?
Бүгінгі сабақтан алған әсерім (эссе жазу)
VIІI. Кері байланыс. Рефлексия. (2минут)

Маған ұнады Қиындау болды Тілегім

Сабақ жоспары Мәтіндік ақпаратты өңдеу

© 2010-2022