5 сыныпқа сабақ жоспары Суретті баспаға дайындау

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Е.

Сабақтың тақырыбы:

Суретті баспаға дайындау. Суретті басу

Сілтеме

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана: «Арман-ПВ» 2014 жыл

Мақсаты:

  • Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалану және орындаған жұмыстарын баспаға басуды ұйымдастыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту

  • Алған білім, білік, дағдыларын өмірде және басқа пәндерде қолдана білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

  • Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады;

  • Сурет салудың тиімді әдістерін біледі;

  • Дайын сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады;

  • Суретті қарап шығу әдісін біледі;

  • Бет параметрлері терзесі арқылы баптауды біледі;

  • Баспаға басуды ұйымдастыра алады;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ, парктикалық

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, интернет материалдары, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс -тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Блум таксономиясы, жуан-жіңішке сұрақтар, Т кестесі стратегиясы, практикалық тапсырмалар, ББҮ түртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді беттеріңізден үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.

- Оқушыларды топқа бөлу («1-ден 5-ке дейін санау» арқылы), топ ережесін басшылыққа алу;

«Білу» теориясы

ІІ. Ой қозғау

Еркін тақрыпта салып келген суреттерін тексеру

Суреттері бойынша сұрақтар қою. Мысалы:

  1. Қай құралды қолдандың?

  2. Қандай фигуралар бар?

  3. Қалай боядың?

  4. Үзіндіні қалай көбейттің?

  5. Үзіндіге қалай бұру әрекетін қолдандың? т.б.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

«Түсіну» теориясы

Қызығушылықты ояту

  • Біздің күнделікті оқитын оқулықтар, кітаптар, газет-журналдар қайдан шығады?

  • Редакторда суретті баспаға шығара аламазба? Қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтар бойынша өз ой-пікірлерін айтады, бір-бірінің пікірін толықтырады


Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндіру, суретті алдын ала қарап шығу,баспаға беру әдістерін көрсету

«Ақпараттарды баспаға шығарудың қандай қажеттілігі бар?»

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

Өз ойларын топта талқылайды, талдайды, өз ой-пікірлерін айтады

«Қолдану» теориясы

Практикалық тапсырмалар

Берілген тақырыптарда компьютерде сурет салу (редактордыңбарлық мүмкіндіктерін қатыстыру)

«Ауылымның қыс мезгіліндегі көрінісі»

«Жаңа жыл келді, алақай!»

«Аққала жасап, ойнаймыз»

«Аяз ата сыйлығы»


Өз қалаған тақырыбы бойынша сурет салады

Салған суреттерін баспаға шығару


Оқушылар компьютерде салған суреттерін баспаға береді

Сергіту сәті.

«Галереяға саяхат». Салған суреттерін арнайы тақтаға іліп, сыныптастарының суреттерін тамашалайды, галереяға саяхат жасайды



«Талдау» теориясы


Т кестесі стратегиясы


Бейнелеу сабағында салынған сурет сапалы

Редакторда салынған сурет сапалы

Артықшылығы



Кемшілігі



Оқушылар қарама-қарсы пікірлерді салыстырады, талдайды, талқылайды, ойларын айтып, кестені толтырады

«Жинақтау» теориясы

V. Ойтолғаныс

«Paint редакторының мүмкіндігін көбейту үшін тағы қандай басқа амалдар қосар едің?»

Ойларын ауызша жеткізеді, бірін-бірі толықтырады

«Бағалау» теориясы

«Маған Paint редакторы ұнайды, себебі ...» 2-3 сөйлемнен тұратын шағын эссе жазу

Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады.

  • - Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады - 1 балл;

  • Сурет салудың тиімді әдістерін біледі - 1 балл;

  • Дайын сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады - 1балл;

  • Суретті қарап шығу әдісін біледі - 1балл;

  • Бет параметрлері терезесі арқылы баптауды біледі - 1балл;

  • Баспаға басуды ұйымдастыра алады - 1балл;

  • Жиыны 6 балл.

алдағы сабақтардағы бағалары ескеріп, біріктіріліп жиынтық бағалау, яғни тарау бойынша қорытынды баға қойылады.

Ой қорыту мақсатында қысқа ғана эссе жазып, оқиды

Берілген критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ басшысы бағалайды

1-3 балл - «2»

4 балл - «3»

5 балл - «4»

6 балл - «5»

Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§17. Суретті баспаға дайындау. Суретті басу

Тарау бойынша өткенді қайталау



© 2010-2022