Сызықты, тармақталған, циклдік алгоритмдерді программалау (9 класс)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып:

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Сызықты, тармақталған, циклдік алгоритмдерді программалау

Білімділігі: сызықты, тармақталған, циклдік алгоритмдерді программалау туралы толық түсінік беру;

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, есептер шығару.

Оқыту формалары: жеке, топтық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.

Program kosindi;

Var a, b, x integer;

Begin

Write ('a, b-сандарын енгіз');

Readln(a, b);

X:=a+b;

Writeln('x =',x);

End.

Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.

Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.

№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр.

Program max;

Var a, b, max: integer;

Begin

Readln (a,b);

If a>b then max:= a else max:=b;

Writeln (' max= ' , max);

End.

Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын

программа құру керек.

Program kyn;

Var kyn: integer ;

Begin

Write (' kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: ' );

Readln (kyn);

Case kyn of

1: writeln ( ' duisenbi');

2: writeln ( 'seisenbi');

3: writeln ( ' sarsenbi');

4: writeln ( ' beisenbi');

5: writeln ( ' juma');

6: writeln ( 'senbi');

7: writeln ( ' jeksenbi');

Else writeln ( ' 1… 7 araligindagi sandardi engizinder');

End

End.

Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады.

Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT операторлары.

Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.

Program eseptey;

Var x, y : real ;

Begin X:=-1;

While x<=2 Do

Begin Y:=3*x+1

Writeln (' x=',x , ' ' , 'y=' , y) ;

X: = x+0.5;

End;

End..

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Сызықты алгоритм дегеніміз не?

  2. Тармақталу алгоритмның түрлері қандай?

  3. Программа әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?

  4. Программа қандай оператормен басталады?

V. Үйге тапсырма: Сызықты, тармақталған, циклдік алгоритмдерді программалау

(Мазмұндау).



© 2010-2022