23. Web-сайтты жобалау, жариялау және алға жылжыту

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

23 .Web- сайтты жобалау,жариялау және алға жылжыту.

Сабақтың мақсаты :

  • Web- сайтпен жұмыс істеу кезеңдері туралы түсінік алу.

Оқушылар білуі тиіс: интернет жобаларымен жұмыс істеу кезеңдерін,сайт дизайнінің сипаттамасын,сайттың топологияларын, Web дизайннің ерекшелігін, сайтты жарнамалаудың және алға жылжытудың қағидаларын меңгеруі қажет.

Оқушылар үйренуі тиіс: web сайт құру мақсатын қалыптастыруды және оның сәйкес түрін, web парақтың құрылымын анықтауды, «Google сайттары» қызметінде сайтты тіркеуді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

  1. WWW, Web сайт деген не?

  2. Web сайттың құрушысы кім болуы мүмкін?

  3. Web сайтты құру кезеңдері қандай деп ойлайсыңдар?

  4. Қандай кәсіп иелері web сайт құрумен айналысады?

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сіз жұмысты сабақтың әр кезеңінде мәселенің өз шешімін ұсынатын топтарға (интернет жобаны жасаушы компанияларға) бөліп ұйымдастыра аласыз

  1. «Сүт» туристік фирмасының немесе өндірістік бірлестігінің сайтын құрудың мақсаты қандай? Оның тиімділігінің критерийі қандай болуы мүмкін?

  2. Қандай топологияны таңдау керек?

  3. Парақ қанша аймаққа бөлінеді және оларды қалай орналастыру керек?

  4. Web- сайттардың дайын шаблондарының артықшылығы мен кемшілігі.

  5. Қандай домен атын таңдау керек?

  6. Сайтты алға жылжытудың қандай тәсілін қолдану керек?

V Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға параграф мәтініндегі тәжірибелік тапсырманы орындауға мүмкіндік беріңіз.

VI Қорытындылау

Топтардың жұмысын бағалау.

VII Үй тапсырмасы

Оқу, бақылау сұрақтарына жауап беріп,тапсырмаларды орындау.



© 2010-2022