Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу.Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу.Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу.Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу.Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу.


Пәні: Информатика Бекітемін_________________

Күні:

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы: Фигуралар салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға фигуралар салу туралы түсінік беріп, одан әрі білімін жетілдіру.

Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың информатикалық тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Түсіндірмелі, жеке оқушымен жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, бейне проектор,оқулықтар, таратпа

Пәнаралық байланыс: Математика,Бейнелеу

Пайдаланылатын әдебиеттер: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов«Информатика»кітабы. М.Қ. Байжұманов «Информатика» оқулығы, Б. Бөрібаев. Г.Мадиярова « Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқулығы.

"Информатика негіздері" журналдары,

Сабақты өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұжымдық әрекет;

  2. Санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

  3. Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

  4. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру

Inkscape векторлық графикасының редакторы туралы түсініктерін сұрау.

Осы тақырып бойынша жинақтаған мәліметтерін тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Шарик лақтыру» ойыны бойынша оқушылар бір - біріне жақсы тілектер білдіріп жаңа сабақты бастайық!

Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрледі орнатып, контур құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады.

Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш параллелепипедтерді салуға арналған.

Эллипс эллипстердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.

Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.

Спираль спиральдарды салады.

Сурет салу кезінде тәжірибе өткізіңдер - Ctrl. Shift пернелерін ұстап тұрыңдар. Тік төртбұрыш қандай өзгеріске ұшырады.

Параметірлер панелінде дөңгектелген бұрыштардың көлденең және тік радиустарын 20- ға өзгертіңдер - сендерде дөңгелектелген бұрыштарымен тік төртбұрыш пайда болу керек.

Тікбұрыш құрал үшін параметрлер панелінде тағы да қандай баптаулар бар?

Көпбұрыш және спираль құралдары үшін - Тастау батырмасын басу арқылы.

Эллипс құралы үшін - Фигураны бүтін эллипс ету батырмасын басу арқылы қол жеткізуге болады.

1.Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

2.Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңінің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?

3. 5 тармақты жұлдыз жасау алгоритмін сипаттаңдар .

4. 52-суреттегідей доға жасау үшін бұрышқа қандай мәндер беру қажет?

5. Фигураларды салу құралына бастапқы баптауларын қайтару үшін не істеу керек?

6. Үнсіз келісім бойынша орнатылған программадағы құралдар баптауын қалай өзгертуге болады?

Сергіту сәті «пәтер іздеймін» ойынын ойнайық.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

«А» деңгейі

  1. Inkscape редакторын қосыңыз.

  2. Масштабын өзгертіңдер: Түр -»Масштаб -» Бет

  3. Көлемді тікбұрышты салыңдар.

  4. Спиральға қанша максималды орам санын беруге болад?

  5. Спиральдың ішкі радиусын 0,999 деп қойса, не болады?

  6. Спираль құралын ,53- суреттегідей кескін жасаңдар.

«В» деңгейі

  1. «А»деңгейінің тапсырмасын орындаңдар

  2. Күн салыңдар көпбұрыш құралын қолданыңдар, сәуле санын - 27, радиустардың қатынасын - 0,5 деп көрсетіңдер

  3. Құйып бояу мен жиектеу сұхбатын ашыңдар.

  4. Жиектеуді өшіріңдер.

  5. Құйып бояудың шайылуын 3 деп орнатыңдар.

  6. Өзгерісті сақтаңдар.

«С»деңгейі

1.»В» деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

2.Тікбұрыш және Эллипс құралын пайдаланып, ағаштың суретін салыңдар.

3.Күн мен ағаш кескіндерін сәкестендіріңдер.Күн алдыңғы планда болу үшін, Нысан -» Көтеру бұйрығын орындаңдар.

4. Өзгерісті сақтаңдар!

Сергіту сәті (Бинероликке назар аударып, жаттығуларды қайталайық)

Бекіту. Қорытындылау


  • Ең қызықты болған сәті...

  • маған ой салғаны...

  • мен мынадай сезімде болдым...

  • маған ұнағаны...

  • мені мазалағаны...

  • бәрінен кереметі....

V.Бағалау

Оқушыларды мадақтау, мақтау

Оқушыларды

  1. Үй тапсырмасы бойынша

  2. Жаңа сабаққа қатысуы бойынша

  3. Бекіту сұрақтары бойынша

VI.Үйге тапсырма беру

«Фигуралар салу» тақырыбына қосымша мәліметтер жинақтау, осы тақырыпты оқып,түсінік айту.

© 2010-2022