Антивирустық программалар (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сапалы білім мақсатында тиімді әдіс - тәсілдерді ізденістермен пайдалану -ұстаз алдына қойылып отырған уақыт талабы. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерін тиянақтау және оқушыны шығармашылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізу мақсатында 10 сынып гуманитарлық бағытына өткізген сабақ жоспарымды әріптестеріме ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Антивирустық программалар»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды "Вирус", қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын "Антивирус" ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа,

іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы, практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Жеке оқушымен

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі,

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, проектор, парақшалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?

2. Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе?

3. Windows жүйесіндегі маңызы зор буфер?

4. Проводник дегеніміз не?

Оқушыларға компьютерде тапсырмалар орындату.

1. Экранын фонын өзгерту.

2. Күн мен уақытты баптау.

3. Басқару панелін пайдаланып пернетақтаның жұмыс режимін баптау.

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою.

Оқушыларға компьютерлік вирустар жайлы түсінік бере отырып, олардан антивирустардың көмегімен қалай қорғануға болатындығы жайлы мәлімет беру.

ІV. Жаңа білім беру. Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз - бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.

Вирустың пайда болу белгілері:

· Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.

· Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.

· Компьютер баяу жұмыс істейді.

· Кейбір файлдардың бұзылуы.

· Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.

Вирустар 3 типке бөлінеді.

  1. Мекендеу ортасына қарай.

  2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.

  3. Мақсатына қарай

Осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға антивирустық программалар жатады. Олар: Dr. Web-И.Данилов, AVP-Е.Касперский,

Антивирустық программалар вирустарды табуға және жоюға арналған .

V. Сабақты бекіту: тапсырмалар орындау

1-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы мәтінде кездеспейді.

вирус көбейді------------------------------------------

вирус жұқты-------------------------------------------

вирус көшірді-----------------------------------------

вирус зақымдайды-----------------------------------

вирус алады-------------------------------------------

вирус ұшады------------------------------------------

вирус бұзады------------------------------------------

вирус бүлдіреді----------------------------------------

вирус ашады--------------------------------------------

вирус тарайды----------------------------------------

вирус зиян келтіреді--------------------------------

вирус өзгереді------------------------------------------

Карточкамен жұмыс:

2-тапсырма

Артық терминді тауып және әріптердің орнын ауыстырып дұрыс сөздерді шығару

Терчесвин -винчестер

Такедис -дикета

Акткомпксиди -компактдиск

Сорецпро -процессор


Кестедегі мына әріптерді сан бойынша құрастыр.

Т

Қ

О

Р

А

Н

С

Ы

И

М

П

В

Г

У

3

8

10

1

5

13

7

11

2

16

4

15

6

12






5

13

3

2

15

2

1

12

7

3

11

8

4

1

10

6

1

5

16

16

5

Сонда мына кестеден «АНТИВИРУСТЫҚ ПРОГРАММАЛАР» деген сөз шығады.

Сынып жұмысы. Балалар біз енді 2 -топқа бөлінейік. Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз осы бүлінген хатты қалпына келтіру.


  1. хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2 -хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текістік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік матрицалық, сия бүріккіш.

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында тест сұрақтарын оқушыларға ұсынамын.

Қорытынды:

БҮҮ стратегиясы бойынша


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді



Үйге тапсырма «антивирус» программасын оқып, мәнжазба жазып келу.

Бағалау.

© 2010-2022