Масштаб. Сурет трансформациясы 5-сынып

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Суреттің трансформациясы.
Сабақтың мақсаты: сурет трансформациясын орындауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Мәселе (проблема) қою
Біздің алғашқы тәжірбиелік жұмысты естеріңе түсіріндер (ойыншық). Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек? Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектеседі?Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады?
IV Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттің бөлшектері масштабта дәл алынады. Windows операциясындай масштабты бірнеше тәсілдермен өзгертуге болады. Өз бумаларынан суретті ашу ұсынылады. Параграф мәтінінен тәжірбиелік жұмысты орындау. Жұмыстың мақсаты - сұрақтарға жауап беру.

Максималды масштабты қалай қоямыз?
Негізгі режимге қалай ораламыз?
Масштабты өзгертуде пернетақтаның қай пернесін басып тұрып, тышқанмен қозғалтамыз?
Белгіленген бөліктің масштабын өзгертуге бола ма?
Мәтінді масштабтағанда мәтіннің әріп өлшемі өзгере ме?
Мәтін масштабын қандай жағдайда өзгертеміз? Жауапты жұмыстың әр кезеңін орындағанда эвристикалық әңгіме түрінде айтуға болады. «Трансформация» - латын тілінен аударғанда, «өзгерту», «айналу» дегенді білдіреді.
Сұрақтар:
Өзгертулермен қай жерде кездесеміз?
Сурет бөліктерімен орындалатын операциялардың қайсысын трансформациямен салыстырар едіңдер? Сендер сурет бөлігі өлшемін өзгертуді үйрендіңдер. Бұл да трансформацияға жатады (өзгерту). Өлшемін өзгерту, кесіп алу, суретті бөлу командаларын барлық суреттерде , белгіленген суреттерде, интерактивті тақтаны, проекторды пайдаланып көрсетеді. Оқушыларға суреттің көлбеуін орындауға тапсырма беру. Жұмыс нәтижесін талқылау.
Бұрыш белгісі теріс болуы мүмкін бе?
Бұрыштың максималды белгісін қоюға бола ма? Неліктен?
Кесіп алу командасы - суреттің ерекшеленген бөлігін қалдырады. Бұл өте ыңғайлы мысалы, өрнектерді салуда олардың элементін саламыз, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті жасаймыз, белгілеп, керек емес суретті өшіреміз.
V Сабақты бекіту
Тақырыптағы тәжірбиелік жұмысты оқушылар өздері орындайды, мұғалім кеңесші рөлінде, бақылап,нұсқау береді.
Жұмыс үстелінде «Пуск= Панель управление» - «Оформление» және « Персонализация » « Персонализация= Фон» командаларын орындау.
Тыңдалған суретке тышқанның оң жағын басу.
«Открыть с помощью» - Paint командасын таңдау.
Персонализация командасына оралу.
«Изменение рисунка» сілтемесін басу.
Терезені алмасу буферіне көшіру.
Тағы бір Paint терезесін ашу.
Алмасу буферінен суретті қою.
Ұнаған персонажды белгілеу.
«Обрезка» командасын орындау.
Суреттерді бумаларында «персонаж» атымен сақтау.
Paint терезесіне фон суретімен өту.
«Вставить = вставить из» командасын орындап, персонаж файлын көрсету.
Таңдалған деңгей бойынша тәжірбиелік жұмысты компьютерде орындау.
VI Сабақты қортындылау
Тәжірбиелік жұмыс нәтежиесін тексеру, бағалау.
VII Үй тапсырмасы
§ 18 Тәжірбиелік жұмысты аяқтау. Тақырып бойынша сурет дайындау.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

C

B

D

A

A

A



© 2010-2022