Документ по информатике на тему

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 13

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Сынақ жұмысы

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың тақырыптар бойынша қайталау жұмысын жүргізу

Сабақтың міндеттері

- Компьютер, программалық жабдықтама, операциялық жүйелер тарауы бойынша білімдерін бекіту

- логикалық сауаттылығын арттыра отырып, компьютерлік іскерлігін дамыту

Оқыту нәтижесі

- Компьютер, программалық жабдықтама, операциялық жүйелер тарауы бойынша білімдері артады

- логикалық сауаттылығын арттыра отырып, компьютерлік іскерлігі дамиды

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығушылығын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Әдіс-тәсілдер:

сұрақ-жауап, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма

Көрнекіліктер

слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


І тапсырм - "Терминдер тізбесі" - тарау бойынша сұрақ-жауап

ІІ тапсырма - "Бәрін біріктірген бір сөз тіркесі" - берілген сөздердің тізбегі нені білдіретін табу

ІІІ тапсырма - "Х-0"тапсырмасы тапсырма

IV тапсырма. Сергіту жаттығуы

V тапсырма. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс - деңгейлік тапсырма

VІ тапсырма. "Бес жол өлең" стратегиясы

VІІ тапсырма. "Білгенге маржан" -мақалдар мен нақыл сөздердің түп нұсқасын тауып жазу

VІІІ тапсырма "Сәйкестендіру тесті" әр оқушы тарау бойынша тест орындайды

ІХ тапсырма. Рефлексия - "Білім ағашы" - «Білім» ағашында өзіңіздің орналасқан деңгейіңізді пайымдап береді

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


4 минут






















6 минут

















2 минут












5 минут























2 минут



12 минут
























4 минут
















3 минут











3 минут













3 минут

Ұйымдастыру

- Бүгінгі сабағымызда "Инфоград" қаласына саяхатқа шығамыз, саяхатқа шығу үшін алдымен ойымызды жинақтап ала қояйық, ол үшін барлығыңыз ортаға шығып, мына жердегі қағаз қималарын таңдай қойыңыздар.

110

80

70

550

170

24

Әбу Сәрсенбаев

Жұмекен Нажмеденов

Ұлы Жеңіс

Қазақ хандығы

Абай Құнанбаев

ҚР Тәуелсіздігі

«Амандасу»тренингі

Оқушылар саусақтарын бір-біріне тигізіп, Денсаулық, Табыс, Достық,Бақыт, Сәттілік, Саламатсыздарма деу арқылы амандасады.

-Рахмет, оқушылар, топқа бөлініп отыра қойыңыздар.

- Оқушылар саяхат жасау кезінде біздерге әрбір бекет тұрғандары жасырған тапсырмаларды орындайтын болсыңдар.

1 бекет - "ТЕРМИНДЕР ТІЗБЕСІ" - алдарыңызда өтілген тақырыптар бойынша терминдер тізбесі берілген. Әр терминге анықтама беру керек.

  1. Компьютер

  2. Программалық жабдықтама

  3. Операциялық жүйе

  4. Драйверлер

  5. Утилита.

  6. Программалау жүйелері

  7. Терезе

  8. Файл

  9. Бума

  10. Жарлық

  11. Алмасу буфері

- қандай сөз шықты оқушылар?/сынақ жұмысы/

-олай болса бүгінгі тақырыбымызды жаза қойыңыздар

2 бекет - "Бәрін біріктірген бір сөз тіркесі" - берілген сөздердің тізбегі нені білдіретін табу

  • Суперкомпьютер, үлкен компьютер, дербес компьютер, сервер -

  • Сан, мәтін, графика, дыбыс, видео -

  • Жинау, сақтау, жеткізу, өңдеу -

  • Байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт -

  • Enter, Shift, Alt,Ctrl, CapsLock, Esc -

/компьютер түрлері, ақпарат түрлері, ақпараттық процесстер, өлшем бірліктері, басқару пернелері/

3Документ по информатике на тему бекет: "Х-0" тапсырмасының ережесі:

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

1. Компьютерлік тілде адамды қалай атайды? /пайдаланушы/

2. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми /жүйелік қорап/

3. Компьютердің тышқаны қай жерде тұрады? /кілемшеде/

4. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын зиянгер /монитор/

5. Биттің көршісі /байт/

6. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін береген. /пернетақта/

7. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, компьютердің қорқақ кенже баласы /тышқан/

8. Тышқанның ең жақын туысы /джойстик/

9. Компьютердің жады не үшін арналмаған. /ақпаратты өңдеуге/

4 бекет. "Сергіту жаттығуы"

5Документ по информатике на тему бекет. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі
1) Жұмыс үстелінен «5-сынып» деген атпен бума құрыңдар.
2)«5-сынып» деген бумаға жарлық құрыңдар
3) «5-сынып» деген буманың атын «Информатика» деп өзгертіңдер

В деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск-Все программы-Стандартные- WordPad).

2. Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне 5-6 сөйлемнен тұратын хабарлама жазыңдар. ("Компьютердің құрылым", "ТӘУЕЛСІЗДІК")

3. Өз ақпараттарыңды "Информатика" бумасына, таңдаңдаған тақырыппен сәйкестендіріп сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

1. Жұмыс үстелінде орналасқан белгішелердің ретін өзгертіңдер. Ол үшін экранның бос жерінде тышқанның оң батырмасымен жанама мәзірді шақырып, Вид бұйрығы үлгілерінің бірін таңдаңдар.

2. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасырыңдар.

3. Белгішелерді қайта шығарыңдар

4. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді тышқанның көмегімен жылжытыңдар.

5. Белгішелерді бастапқы қалпына келтіріңдер.

6 бекет. "Бес жол өлең" стратегиясы

1. Зат есім (не? кім?) - 1 сөз

2. Сын есім (қандай?) - 2 сөз

3. Етістік (Не істеді? Қайтті?) - 3 сөз

4. Тақырып бойынша сезімді білдіретін 4 сөз.

5. 1-ші жолдың синонимі.

Компьютер

Ақпарат

Суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер

Сандық, мәтіндік

басқарады, сақтайды, өңдейді

түрлендірді, жинақтады, жөнелтті

Компьютер басқару функциясын орындайды.

Ақпарат алмасу - заман талабы

құрылғы

мәлімет

7 бекет. "Білгенге маржан" Компьютерлік терминдерге байланысты нақыл сөздер және мақалдар берілген, мақалдар мен нақыл сөздердің түп нұсқасын тауып жазыңыздар.

1. Информатика пәнің оқысаң ерінбей, (еңбек етсен ерінбей, тояды

Компьютерді жетік білесің тіленбей. қарның тіленбей)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
4. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

5. Компьютер - тіршілік көзі (Су тіршілік көзі)

6. колонкасыз компьютердің үні шықпас. (Жаяудың шаңы шықпас,

Жалғыздың үні шықпас)

8 бекет. "Сәйкестендіру тесті" пернелер тіркесін сәйкес бұйрықтармен сәйкестендіресіздер

1

Alt + F4

А

кірістіру

2

Ctrl + A

Ә

терезені жабады

3

Ctrl + C

Б

терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу

4

Ctrl + X

В

нысандарды көшіру

5

Ctrl + V

Г

ағымдағы терезелер арасына ауысу

6

Ctrl + O

Ғ

нысандарды қиып алу

7

Ctrl + S

Д

ашу

8

Alt + Tab

Ж

сақтау

Жауабы: 1-Ә, 2-Б, 3-В, 4-Ғ, 5-А, 6-Д, 7-Ж, 8-Г.

9Документ по информатике на тему бекет. Рефлексия - "Білім ағашы"

«Білім» ағашында өзіңіздің орналасқан деңгейіңізді пайымдап беріңіз.

Неліктен Сіз солай есептейсіз? Сізге сабақ ұнады ма?

Кейінгі оқу: - ІІ-ІІІ тарауын қайталау

Оқушыларды саралап бағалау.

Документ по информатике на тему

© 2010-2022