Урок Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атыру облысыУрок Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектеп

Информатика пән мұғалімі

Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы

Пән аты: Информатика

Класы: 5

Тақырып: Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Мақсат:

Білімділік Мәтін бөліктерін ерекшелеу тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру

Дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көре отыра есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Көрнекілік : компьютер, оқулықтар, дәптерлер, интерактивтік тақта.

Сабақ жүру барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап:

  1. Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?

  2. Бас әріппен басу үшін қандай пернені басамыз?

  3. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса қандай пернені басамыз?

  4. Рим цифрларын қалай енгіземіз?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтін теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.

  2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда абзац ерекшеленеді.

  3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшеленеді.

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.

Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

ІV. Практикалық жұмыс. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс оқулықта 166-167 бет.

А деңгейі


  1. Мәтінді теріңдер:


Сәтемір хан


Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шағып кетіпті.

Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентай осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты.Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.

Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.


  1. Құжатты өз бумаларыңда

Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.

  1. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.

  2. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.

  3. Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерсітерді сақтаңдар.

Сергіту сәті. Видио клип

В деңгейі

  1. Мақалдар файлын ашыңдар:

1. Өзін ғана ойланған - жамандықтыңң белгісі,Өзгені де өйлаған - Адамдықтың белгісі.

  1. Ағашты жемісінен таниды,

Адамды ісінен таныйды.

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен жоқ болса, кішіден сұра

  2. Оқусыз білім жок, ьь

Білімсіз күнің жоқ.

  1. Оқу - білім бұлақыБілім - өмір шырағы.

Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.

Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.

Файлды Мақалдар деген атпен сақтаңдар.

V. Бекіту

«Жүз бір жұмбақ»

Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)

Төрт атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз төрт
(Пернетақта)

Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

ҮІ. «Мың бір мақал»
Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.


1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні - жау алмайды)

VІI. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

VІII.Үй жұмысы. 168 бет «Мәтінді ерекшелеу тәсілдері» кестесін толтыруды аяқтаңдар.

Сәйкестендіру кестесін орындау.

© 2010-2022