Урок по информатике на тему Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы

Сабақтың мақсаты: Алгоритм құруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: алгоритм құруды;

Оқушылар үйренуі тиіс: алгоритм құру тәсілдерін

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

Балалар, өткен сабағымызда біз алгоритм ұғымымен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда өткен сабағымызда үйренген дүниелерімізді практика жүзінде көрсетеміз. Әр оқушы өз жұмыстарын жасап, тексертеді.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм орындаушы деп кімді айтамыз?

  3. Алгоритм қандай бұйрықпен аяқталады?

  1. Білімді өзектендіру.

Белгілі бір математикалық есепті алайық: (12+45)*56 - 24 осы есептің орындалу алгоритмін жазайық. Алдымен жақша ішіндегі, содан көбейту амалы, содан кейін азайту амалы орындалады.

  1. Жұмысты орындау.

  1. Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:

  • Аяқкиім жөндеу

  • Тісті пломбылау

  • Көлікті жүргізу

  • Шашты сәндеу

  • Сабақ оқыту

  • Киім тігу

  1. «Ағаш отырғызу» алгоритмін құрыңдар.

  2. Компьютермен жұмыс. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.

Бұйрық нөмері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарандашты ал

2

Шардың суретін сал

3

Шарды боя

4

Қарындашты орнына қой

5

Соңы


Paint бағдарламасында суретін салу.


Тапсырма №1. «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
Шұңқырды толтыр…
Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал
Көшетті шұңқырға сал.
Күрек пен су сепкішті орнына қой
Тапсырма №2. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
Газды жақ
Газға табаны қой
Жұмыртқа мен майды дайында
Табаға майды еріт
Жұмыртқаны жар
Жұмыртқаның қабықтарын таста
Жұмыртқаға тұз сеп
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Газды өшір.

  1. Сабақты қорытындылау.

Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау

  1. Үй тапсырмасы

Қайталау. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру

© 2010-2022