ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІ

Шакирова Эльмира Айдакашевна,Астана қаласы Ақмола колледжінің информатика пәнінің оқытушысы

Бүгінде табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын айта отырып,Абайдың мынадай:"Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма"деген ақыл-кеңесін ескерсеңіздер екен дер едім.

Жаңа технологияны жақсы меңгерген адамның жұмысты да қиналмай, тез табуға мүмкіндігі болады. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміздің өзі осыдан шығады.

Осы оқу жылына дейін әдістемелік мәселелерімді ұжымдық оқытуға, саралап оқытуға, сонымен бірге тақырыптарды өтіп болған соң оқушы өзін-өзі тестпен тексеруге дағдыландырумен байланыстырып келдім.Нәтиже әр кезде әр түрлі көрсеткішті көрсетті. Әр сабақта ұжымды топ-топқа бөліп жұмыстар беріп отырдым. Ондағы мақсат: оқушылар бір-бірінен білмегенін сұрайды, бір-біріне үйретеді және тобының намысы үшін күреседі,-деп ойлағанмын. Бұл мақсат толығымен өзін ақтаған жоқ. Яғни, кейбір оқушылар сол топ арасында отырып, ешкімнен де сұрамайды, ортақ тапсырманы орындауда да өз үлесін қоспайды, шеттеп қалып отыра береді. Ал бізде ондай жағдай болмауға тиіс емес пе?

Биылғы оқу жылынан бастап әдістемелік мәселенің тақырыбы- «Информатика сабағындағы сайыстың рөлі». «Сайыс» оқушылар арасында ұжымдық түрде емес жалпы топтағы барлық білімгерлермен жүргізіледі. Және бұл «сайыстар» тақырып қорытындылағанда, тәжірибелік жұмыстарда өткізіліп отырды. Мұндағы мақсат: «Жеке тұлға» қалыптастыру. Ал ондай тұлғаларды сайыстың нәтижесінде көре аламыз. Қай оқушы болмасын өзін биіктен көргісі келеді. Осы жерде айта кететін бір мәселе, біздің колледж техникалық колледж болғандықтан ұл балалар көбірек оқиды. Ал ұлдар жайынан намысшыл келеді. Жарыс кезінде бар өнерлерін салып бағады. Оның үстіне компьютермен байланысты барлық жұмыстар олар үшін қай кезде де қызық. Бір уақыттарда олар өздері жарыс түрлерін ойлап келеді.

Сайыстар төмендегідей жоспармен желі арқылы өткізіледі:

  • тақырыбын жариялау;

  • мақсатымен таныстыру;

  • білімгерлердің туындыларын жинақтап, қорғауы;

  • жемісті еңбекті топпен бірге бағалау ;

«Сайыстардың» бірнешеуін атасақ: «Гүлдене бер, Қазақстан!», «Цифрлы адам ағзасы»,«Менің мамандығым-менің болашағым!» тақырыптарында Power Point бағдарламасында үздік презентация дайындау; «Windows операциялық жүйесін компьютерге қайта орнату»; «Turbo Pascal 7.1 бағдарламасын интернеттен дербес компьютерге қондыру » жарыстары және т.б.

Барлық жарыстардың ішінде ең қызықтысы «Цифрлы адам ағзасы» тақырыбы болды.Осы тұста айта кететін жағдай білімгерлер басқа ғылымды информатикамен байланыстыру элементтерін тиімді түрде қолданған.

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІ

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ САЙЫСТАР РӨЛІ

Мұндай тәжірибеден байқағаным: оқуға,жаңаша ойлауға талпыныстар пайда болады. Ал, бұл оқушылар жұмыстарының барлығын бірдей бір мезгілде тексеріп көруге маған локальді желі жәрдем берді. Желі арқылы тапсырма беріп те, тапсырмаларды тексеріп те, жаңа сабақ материалдарын тарқатып та үлгеріп отырамын. Оқушыда пәнге қызығушылық бар. Желімен жұмыс жасауда қиындық жоқ.Әр оқушының «жеке тұлға» болып қалптасуында жағдай да мүмкіндік те бар.

Ақпараттандырудағы негізгі мәселе жаңа технологияның түр түрін пайдаланып, білімді қонымды, түсінікті түрде білімгерге жеткізу ғана емес, оның нәтижесін көре білу. Локальдік желіні пайдаланып, жақсы нәтиже көргеніммен бірге сабақ өту жеңілге түсіп қалғанын атап айтқым келеді. Мұнда топқа сеніп, шектеп қалатын білімгер қалмайды.

РЕЗЮМЕ

Выбранная методическая тема «Роль соревнований на уроках информатики» очень интересно разработана и используется на занятиях по нескольким предметам, что позволяет проверить знания и умения учащихся. Учащиеся заинтересованы и дополнительный опыт приобретаю вне занятий. Презентация «Организм человека в цифрах» содержательная информация, представлена в виде презентации, большая приведена статистика данных. Проверялась по локальной сети самими учащимися.

© 2010-2022