Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы мақала

                                                                                                                                                                                              
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы мақалаSmart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы мақалаSmart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы мақалаSmart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы мақалаSmart education - білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы

Мулдашева Айнагуль Алибековна

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

«Ойланбай оқыған адам адасады, оқымай тұрып ойланған адам қиындыққа тап болады»

Конфуций

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халықты теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отырып, мемлекетіміздің ұлы мұраты - білімнің кілтін табу екендігін атап көрсетті. Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан да еліміздің алға өрлеуінің, дамыған 30 елдің қатарына қосылуының ең негізгі түп қазығы ғылым мен білімнің әлемдік стандартқа сәйкес дамуы болып табылатынын ұғынамыз.

Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Барлық дамыған елдер сияқты біздің елімізде де сапалы бірегей білім беру жүйесін құру үшін ауқымды жұмыстар жасалуда.

Олар білім саласына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін енгізу, оқытудың инновациялық жаңа технологияларын пайдалану болып табылады. Сондай технологиялардың бірі - электронды оқыту (e-learning).

Электронды оқыту деген не? Алғаш рет E-learning термині 1999 жылы қазан айында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында CBT Systems семинарында енгізілген екен. E-learning - адамға ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндік беретін ақпараттық, электрондық технологияларды қолдану, білімді арттыру мен еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін кең спектрлі шешімдерді беретін Интернет-технологияларды қолдану. Электронды оқыту әлеміне электронды онлайн курстар, оқытушы мен білім алушы нақты уақытта қарым-қатынас жасайтын виртуалды сыныптар, аудио- және видеоконференциялар, чат, форумдар, т.б. жатқызуға болады.

Электронды оқыту

Асинхронды

Синхронды

Оқытушы мен білім алушы үнемі белгіленген уақытта онлайн түрде, яғни виртуалды сыныпта кездесіп, бірге дайындалады.

Білім алушы көбіне өздігінен оқиды, ал оқытушымен кейде тіпті онлайн түрде де кездеспейді, кейде сирек кездеседі, мысалы, тек бағаланар уақытта.



Ал қазіргі кезде аралас оқыту кең танылған және ол көптеген маңызды артықшылықтарға ие. Бұл оқытудың мәні бір оқу программасында электронды оқыту құралдарымен қоса басқа тәсілдер қолданылады. Мысалы, алдымен білім алушы электронды курстан өтеді, содан соң шеберханада жаттығады, одан кейін виртуалды сыныпта дайындалады, сосын қайтадан өздігінен онлайн оқиды, соңынан емтихан тапсырады.

Осыдан қарап, электронды оқытудың бірқатар артықшылықтарын атап кетуге болады. Біріншіден, білім алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде, тек желіге қосылған компьютер (смартфон, планшет, т.б.) болса ғана жарайды. Кей жағдайларда тіпті Интернеттің де қажеті жоқ. Екіншіден, кез келген уақытта өтілген материалға қайта оралуға болады. Көптеген зерттеулер электронды оқытудың дәстүрлі іштей оқытуға қарағанда әлдеқайда тиімді екендігін көрсеткен.

Қашықтан білім беру және электронды оқыту жаңа бүкіләлемдік құбылыс - Smart Education-нің дамуына бастау болды. Smart Education білім дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады десек, практика жүзінде білім алудың жеңіл, тиімді жолдарын жүзеге асыру, Smart Education-ге көшу проблемасы туралы өз көзқарасымды білдіріп көрейін.

Smart Education деген не? Бұл сұраққа Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің (бұл оқу орнында аталған бағыт өте белсенді түрде даму үстінде) ғылыми жетекшісі Владимир Тихомиров: «Smart Education, немесе «ақылды» оқыту - бұл еркін қолжетімділікте болып табылатын бүкіл әлем контентінің көмегімен интерактивті білім беру ортасында оқыту. Smart Education - білімнің ең жоғарғы қолжетімділігі» деп жауап берген.

Өткен онжылдықта электронды мәдениет, электронды үкімет, электронды ғылым, электронды денсаулық сақтау салалары белсенді түрде дамыды. E-learning-мен қатар жаңа инновациялық технологиялар дамыды. Бұл технологиялардың тиімділігі неде деген сұраққа Smart Education тұрғысынан жауап беруге болады. Ол қазіргі әлемнің мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім берудің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, білім алушыға тез өзгеретін ортаның шарттарына бейімделуге, кітаптық контенттен белсендіге ауысуға мүмкіндік береді.

Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай?

«Кешегі күні» білім алушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге білім алушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен білім алушыға ғана емес, білім алушылар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы білім алушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады.

Ал «ертеңгі күні» Интернет білім алушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан білім алушыға, білім алушыдан оқытушыға немесе білім алушыдан білім алушыға жылжуы болып табылады.

Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді.

Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады.

Smart Education - бүкіл әлемнің оқытушыларының, білім алушыларының және олардың білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.

Аты-жөні (толығымен)

Мулдашева Айнагуль Алибековна

Жұмыс орны

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

Қызметі

Информатика пәнінің мұғалімі

Мақаланың тақырыбы

Smart education - білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы

Мекен-жайы

БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы

e-mail

[email protected]

Телефон

87781705613

Jpg форматында фотосурет

Автор жайлы қысқаша мәлімет

Жұмыс өтілі - 4 жыл

Жетістіктері: Аудандық панорамалық сабақтар сайысы - І орын, 2012 ж

Облыстық «Үздік оқу-әдістемелік кешен-2013» байқауы - І орын, 2013ж

Оқушылар жетістігі: Аудандық мультимедиалық жобалар сайысы:

  1. М.Галлемова - І орын, 2011ж.

  2. Г.Мұқанова - І орын, 2012ж.

  3. А.Жасталапов, Н.Жақсығалиева - І орын, 2013ж.

Облыстық мультимедиалық жобалар сайысы:

  1. М.Галлемова - номинация, 2011ж.

  2. Г.Мұқанова - номинация, 2012ж.

  3. А.Жасталапов, Н.Жақсығалиева - І орын, 2013ж.

Республикалық мультимедиалық жобалардың сырттай байқауы:

Ж.Шалабаев - ІІІ орын, 2013ж.

Аудандық пәндік олимпиада: Г.Мұқанова - ІІ орын, 2013ж.





© 2010-2022