«Жас информатиктер»

Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау. Міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру. Девиз: Оқу-инемен құдық қазғандай Ал балалар, тыңдаңдар! Асығыстық қылмаңдар! Осы, отырған мырзалар Назар салып қараңдар, Компьютер сабағының «Жас информатиктер» ойынын. Көргендер де арманда Көрмегендер де арманда Босқа қарап жүргенше Қызықтан тыс қалмаңдар! Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар! Біздің бүгінгі «Жас информатиктер«сайысымызға қош келіпсіздер! Біздің сайысымызға 6А сынып оқушыларымен, 6 Б сынып оқушылары қатысады. Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім «команданың атын таныстыру». Ал ендеше барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, І кезеңімізді бастайық.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Жас информатиктер»

Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.

Міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.

Девиз: Оқу-инемен құдық қазғандай

Ал балалар, тыңдаңдар!
Асығыстық қылмаңдар!
Осы, отырған мырзалар
Назар салып қараңдар,
Компьютер сабағының
«Жас информатиктер» ойынын.
Көргендер де арманда
Көрмегендер де арманда
Босқа қарап жүргенше
Қызықтан тыс қалмаңдар!

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Біздің бүгінгі «Жас информатиктер»сайысымызға қош келіпсіздер! Біздің сайысымызға 6А сынып оқушыларымен, 6 Б сынып оқушылары қатысады. Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларды өзін-өзі таныстыру үшін І бөлім «команданың атын таныстыру». Ал ендеше барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, І кезеңімізді бастайық.


І топ. Пернетақта. ІІ топ. Монитор

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


ІІ. «Көшбасшы» ойыны. «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-дей отырып,

Бәйге кезеңін бастаймыз.

1. "Ақпарат " деген сөз адамға нені білдіреді? "Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін infopmatio сөзінен шыққан

2. Біз ақпаратты қайдан аламыз? Біз ақпаратты күнделікті өзіміз жүріп жатқан ортадан,газеттен ,журналдардан,теледидардан аламыз.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? Біз дүние жүзіндегі күнделікті жаналықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды "Бұқаралық ақпарат құралдары" деп атаймыз

4. Адам ақпаратпен не істей алады? Адам ақпаратты сақтай алады , өңдейді және жеткізе алады.

5. Бейнелі ақпарат дегеніміз не? Бейнелі ақпарат деп - табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды , дәм , иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.

6. Таңбалалы ақпарат дегеніміз не? Таңбалы ақпарат деп - адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттарын айтады.

7. Информатика дегеніміз не? Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады

8. Компьютер дегеніміз не? Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал - компьютер деп аталады

ІІІ. «Дода» ойынын тамашаланыздар.

1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?

2. Компьютердің қосалқы құрылғыларын атаңдар?

3. Процессордың атқаратын қызметі қандай? Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол - компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды

4. Компьютерлік вирустар дегеніміз не? Компьютерлік вирустар - бұл компьютердің жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар.

5. Антивирустар дегеніміз не? Антивирустар - компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай - ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар.

6. Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды білесіздер? Dr.Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т.б. жатады



ІV. Жорға

Ең қиыны жарыстың жорға келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Сайысымыздың келесі кезеңі- «Жорға»

A

1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).
4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).
5. Ақпараттың құрамдас бөлігі - (мәлімет).
6. Текстің қазақша аталуы - (мәтін).
7. Мәліметті басып шығару құрылғысы - (принтер).


Б.

1. Файлдың аты кез-келген шектелген нелерден тұрады. (Әріптер)
2. Компьютердің ең негізгі құрылғысы - ( жүйелік блок)
3. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).
4. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы - (модем).
5. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады. (графиктік)
6. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы - (тышқан).
7. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер - (пиксель).

Енді сайысымызды қорытындылап, жүлдегерімізді анықтайық.


© 2010-2022