Модельдерді сипаттау әдістері, модельдердің қасиеттері

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.01.2016

Сыныбы 7

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдердің

қасиеттері

Сабақ мақсаты: Ақпараттық модельді құру:модельдеу мақсаттарын анықтау, обьектінің құрылымдық талдауы ,обьектіні зерттеу мақсаттарын таныстыру.

Білімділік: Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін пысықтап,тексереді. Дағдылық: Ақпараттық модельді құруға дағдыланады. Ақпараттық модельді құру дағдысын жетілдіреді. Баска пәннен алған теориялық білімдерін модель құруда қолдана білуге үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылар логикалық ой-өрісін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Пәнге қызығушылығы артады.

Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып, соған жетуге талпынады,өз қызметіне талдау жасауға,баға беруге тәрбиеленеді

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың масат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзекрендіру

Сұрақтар:

  1. 6 сыныпта оқыған «Модель» түсінігінің анықтамасын еске түсіріңдер.

  2. Модельдеу нысаны не болып табылады?

  3. Компьютерде қандай моделдеу түрлерін жасадыңдар?

ІV Жаңа материалды оқып-үйрену

Түсіндірме жұмысы тұсаукесер арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардан ақпараттық және материалдық модельдеуге мысалдар келтіруді өтінемін. Оқушыларға «Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының» 4 сұрағына жауап беруді ұсынамын.

Оқушылардан «дәптер» нысанының барлық мүмкін қасиеттерін атап беруді, оның ішіндегі ең маңызды дегенін ерекше атауды сұраймын.

Кестені өзрету мүмкіндігін беріп, кестені толықтырып толтыруды ұсынамын

Парақ саны

Парақ өлшемі

Парақ бөлігі

Арналған пәні

12

14,8 х 21

Торкөз

Математика

48

21 х 29,7

Жоқ

Сурет салу

Оқушыларға нысандар мен құбылыстардың ақпараттық моделін сипаттауға арналған өз мысалдарын келтіруді сұраймын ()

V Жаңа материалды бекіту

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының» 5-10 тапсырмаларын сынып оқушыларынн сұрау

Оқушыларға деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындауды ұсыну

VІ Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыс нәтижелерін бағалау

VІІ Үй тапсырмасы

§ 17 оқу, «өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беру, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейлерінің тапсырмаларын орындауды аятау

© 2010-2022