Әлемнің ақпараттық бейнесі информатикадан сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 2 Пәні: информатика

Сынып/ күні

Сынып: 10б Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер жəне ресурстар

Сілтеме:

Әдістемелік нұсқау

Жалпы мақсаты:

Әлемнің ақпараттық бейнесі ұғымы; Білім беру ақпараттық ресурстары жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Ақпарат, ақпараттық үдеріс, әлемнің ақпараттық бейнесі ұғымдарын дамыту

Сабақ түрі:

оқу тұсаукесерін пайдалану сабағы

Сабақтың типі:

жаңа материалды оқыту сабағы

Оқыту технологиясы:

Сын тұрғысынан ойлау

Жұмыс түрлері:

дара, топпен жұмыс, жұппен

Қажет құрал-жабдықтар:

9-сынып электронлық оқулығы, есептер жинағы, слайд, проектор мен компьютер, маркер, постер, стикер, оқулық, ақпарат парағы

Сабақ кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі /психологиядық ахуал/

2 мин

2. Өткенді еске түсіру / Тест /

5 мин

3. Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/

3 мин

4. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау

2 мин

5. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі

10 мин

6. Оқушылардың теориялық білімін тексеру

5 мин

7. Жаңа тақырыпты бекіту /практикалық жұмыс/

10 мин

8. Сергіту жаттығуы

3 мин

9. Үй тапсырмасы туралы ақпарат

1 мин

10. Сабақты қорытындылау

2 мин

11. Бағалау

2 мин

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп, белсенді жұмыс істеуге жұмылдыру;

ІІ. Өткенді еске түсіру

өткенді еске түсіру арқылы өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

ІІІ. Кіріспе әңгіме /сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау/

- ойлау жұмысына ынталандырылады;

ІҮ. Сабақтың негізгі тақырыбы мен мақсатын анықтау

Психологиялық ахуал Күннің көзі неге түседі» ойыны. Бұл ойын шапшаңдыққа, зейін қоюға тәрбиелейді

Тест тапсырмасын орындайды.

Топтапға бөлу «молекула, атом» әдісі арқылы топқа бөлу. Қағаз қималарына «*» жазып таңдау арқылы топ басшысы тағайындалады.

Тақырыпқа шығу: Жаңа сабаққа жетелейтін сұрақтар: Информатика нені зерттейтін ғылым?

Ақпарат деген не? «ақпарат» сөзі нені білдіреді?

Оның қасиеттер қандай? Әлемнің ақпараттық бейнесі дегенді қалай түсінесіңдер?

бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз не туралы болмақ?

Оқушылар шеңбер құрып отырады, бір оқушы ортада тұрып «күннің көзі ... түсіп тұр» деп орын алады.

Тесті орындайды, бір-бірін жестермен бағалайды

Ортада молекулалар мен атомдар бейберекет жүреді, қол шапалағы неше рет соғылуына байланысты топқа бөлініп отырады.

Оқушылар жауап береді

2 топқа топтасып отырады

Топ басшысы бағалау парағындағы критерийімен танысып, аты-жөндерін жазып өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайды.

Сұрақтарға жауап беріп, оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбы мен сабаққа мақсат жазады, 1-2-не оқыту

Ү. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруі

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

Бағыт беру /тапсырма бойынша/ Топта постермен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс:

Оқулықтан §2 мәтінмен танысады. Жұппен бір-біріне «көршіңе айтып бер» әдісімен айтады.

Мадақтау, бағалау Жұбын бағалайды

І топ: Әлемнің ақпараттық бейнесі

ІІ топ: Ақпараттық жүйелер. Ресурстар.

Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

Мадақтау, бағалау.1 өлең шумағы, 4 жолдық өлең бойынша формативті

Мәтінді оқып жұппен талқылайды.

Жұбын бағалау парағын толтырады.

Топта постермен жұмыс жасайды

Топтарға сұрақтар таратылады. Постерге сол сұрақтарға өз ойларын түсіреді

«галлерея» әдісі бойынша топ спикері постерді қорғайды Топтар бір-бірінің түсіндірулерін «2 жұлдық 1 тілек» әдісі ойынша бағалайды

ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту /практикалық жұмыс/

Тәжірибелік тапсырма. Оқулықтан 17-беттен тапсырма орындау ұсынылады. Әр оқушыға таратпа қорытынды тексеру жұмысы беріледі.

Оқулықтан тапсырманы орындайды.

Қорытынды тексеру тапсырмасын орындайды

ҮІІ. Оқушылардың теориялық білімін тексеру

«ақық үйіру» ойыны бойынша жұппен тақтада сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Тест тапсырмасын орындайды

Тақтаға жұппен шығып, сұрақтар таңдап жауап береді. Жеке тест тапсырмасын орындайды

ҮІІІ. Сергіту жаттығуы

Тренинг. Тақырыбы: Өзінің жұлдызыңды тап. Тақтағы әртүрлі түстегі және түрдегі жұлдыздар жапсырылады. Шарты: Көздеріңді жұмып, әркім өзің қалаған қалыпты сақтап бос отырыңдар. Терең тыныс алып және тыныс шығарыңдар. Көз алдарыңа менің айтқанымды елестетіңдер.

Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар! Маңай қап-қараңғы жұлдыздардың көптігі сондай қолмен ұстағың келеді. Жұлдыздардың бірі үлкен, бірі кішкентай, бірі жарық, бірі қараңғы. Біреулерің үшін бұл бір немесе бірнеше жұлдыз, ал енді басқаларың үшін - көптеген жарқыраған нүктелер. Бұл жұлдыздар бірде саған жақындайды, бірде сенен алыстайды. Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзінің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің де, сенің де, ең жарық, ең әдемі жұлдызың, тек қана сенікі! Ол мүмкін

сенің бала күнгі арманыңа ұқсас шығар, мүмкін саған ең бақытты, көңілді, жетістікке жеткен сәттерді есіңе түсіретін шығар. Тағы да өз жұлдызыңа сүйсіне қарап, оған қолыңды созып жетуге тырыс. Бар күшіңмен жетуге тырыс!Және сен міндетті түрде өз жұлдызыңа жетесің.Оны аспаннан алып,өз алдыңа қой,жақынырақ қарашы,ол қалай көрінеді? Түсі қандай екен? Осы ең әдемі ең жарық жұлдызды алақаныңа қой да ішіңе жұт, жүрегіңе қондыр. Ол саған үлкен күш, қуат әкеледі. Аппақ ақ адал жұмысты бастауға, алдағы

мақсаттарыңа жетуге күш береді. Терең тыныс алыңдар, мен 5 деп санағанда көзіңді аш. 1, 2.. сен дүниедегі ең мықты, ең дарынды мұғалімсің. 3, 4 ..сенің жетістіктерге жетуге барлық күшің, жігерің де жетеді. 5. Ал енді көздеріңдіашып, тақтадағы жұлдыздардың ішінен өз жұлдызыңды тауып ал да, сүйсіне қара. Бұл жұлдыздар біздің әрбір кездесуімізде жарқырап, жылылық,

мейірімділік, достық, жақсы қарым-қатынас сыйлап тұрады. Ал, кездесуден соң оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Ол сендерді табыс жолында бастап барлық сынақтар мен өмірде жетелеп бірге жүреді. Жұлдыздарға қараңдаршы олардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Олар әр түрлі біз бен сендер сияқты.

6. Сараптау:Өз сезімдерің қалай? Бүгінгі тренинг ұнады ма?.

ІХ. Қорытынды


Меңгерілген тақырыпты жинақтау мақсатында «Он сұрақ» әдісін ұсыну.

Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар?

Бүгінгі сабақта алған білімді қайда қолдана аласыңдар деп ойлайсыңдар? Сабақ қызықты өтті ме, несімен? Сабақтың мақсатына жеттің бе? «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі бойынша бағалау Топ басшысының бағалауы. Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады

бір оқушы таңдап алынады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикер жапсырылады - қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Қорытынды жасап, стикерге жазады.

Х. Бағалау

Бақылау сұрақтарына жауап беру

Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады.

Оқушылар бақылау сұрақтарына жауап береді, топ спикерлері бағалайды

Жиынтық бағаны мұғалім қояды.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

ХІ. Үй тапсырмасы туралы ақпарат

§2 оқып келу Алғашқы бақылау жұмысына дайындалу.

9 сынып тақырыптарын қайталау,

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.


© 2010-2022