Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар сабақ жоспары (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 7 «ә»

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар


Сілтеме

Н.Ермеков, В.Викс, С.Пилипенко, В.Шаповалов Информатика Оқыту әдістемесі

7 сынып; Н.Ермеков, Е.Кузина, Л.Крепп, С.Пилипенко Информатика дидактикалық материалдар 7 сынып; Слайдтар.

Жалпы мақсаты


Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның көзқарасы мен техникалық тұрғыдан қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.Вирусқа қарсы программалар туралы түсінік беру;

Оқушылардың ойлау қабілеттері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;


Міндеттер:


1.Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;

2. Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау, диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.


Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1. Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;

2. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;


Сабақтың түрі,әдіс

тәсілдері.

Жаңа сабақ.

Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.


Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта,әдістемелік құралдар


Тапсырмалар

  1. Түртіп алу

  2. Деңгейлік тапсырмалар

  3. Постер құрып, қорғау

  4. Топтық тапсырма



Күтілетін нәтиже

Ақпараттарды түрлеріне қарай ажырата алады; Хабардың ақпараттық көлемін анықтайды;Ақпараттың пайдалы, жаңа, толық түрлерінің мысалдарын келтіреді;

Ақпаратты қорғау жолдарын біледі;Вирусқа қарсы программаларды біледі;

Вирусқа қарсы программмаларды бір-бірінен ажырата алады.


Тапсырмалар

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


3 мин


Психологиялық дайындық :

«тілек»

деп үш топқа бөлеміз.


Оқушылар назарын сабаққа аудару

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.


Үй тапсырмасын тексеру, бекіту


5 мин


«Ой шақыру» сұрақтары арқылы үй тапсырмасын тексеріп, жаңа тақырыпты ашу

-«Ақпарат» сөзін қалай түсінеміз?

-Ақпарат пен адам арасында қандай байланыс бар?

-Ақпараттың көлемі үлкен болса не істейміз?

-Ақпаратты қалай қорғауға болады?

-Компьютердегі ақпараттарды неден қорғаймыз?

Әр топ оқушылары қол көтеріп жауап береді.



Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.


Негізгі бөлім




15 мин


Жаңа сабақ:

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау

Жаңа білімді меңгерту «Түртіп алу» әдісін пайдалану

Вирус және оған қарсы программа, Ақпаратты қорғау, Ақпаратты сығу тақырыптарында постер құрату

Оқушылар дәптерлеріне түртіп алады.

Постер құрайды

Әр топтың сайланған көшбасшылары қорғайды.


Тапсырмалармен жұмыс


7 мин

Сөздерді кодтау, кодтан шығару, өлшем бірліктерін анықтауға байланысты тапсырмаларды орындату

1 ТАПСЫРМА

290 беттік кітаптың бір бетінде 39 жол, әр жолда 67 символ бар. Сыйымдылығы 1.44 Мбайт дискетке оны орналастыруға болады ма?

Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі ...................... символ = ........................байт

Кітаптың ақпараттық көлемі .......................байт = ........................Кбайт = ........................ Мбайт

2 ТАПСЫРМА

Мәтінді оқу жылдамдығын анықта:

Минутына ................................символ, секундына ...........................символ

............................................ байт ................................... бит .......................................... Кбайт

Деңгейлік тапсырмалар орындайды

Дәптерге жазу





Жұптық жұмыс орындайды

Сергіту сәті

3 мин

Сергіту сәті

Оқушылар түгел қозғалады

Қорытындылау

6 мин

ТОПТЫҚ ТАПСЫРМА

Егер ақпарат Пайдалы, Толық, Әділетті, Жаңа болса ол біз үшін құнды болады. Егер алынған хабарды ақпарат деп санасаңдар тор көзді жасылмен, ал ақпарат емес деп санасақ қызыл түспен белгілеңдер.

Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе көбейеді.

Детектор - программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады

Тісті екі рет жуу қажет - таңертең және кешке.

Жаңа жыл 1 қаңтарда келеді

Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың 10 000 шамасында түрі бар

Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін

F PYFTIM? DCT TOT, ELTIN

Түнде қараңғы, күндіз жарық.

Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа

Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы

Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді

Топпен бірге талдау жасап, бір оқушы береді







Үйге тапсырма

1 мин

Ақпаратты қорғау тақырыбына реферат жазу, тақырыпты оқу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

2 мин

Оқушының жиынтық бағасын қою

Топтар бір-бірін бағалайды

Кері байланыс

3 мин

Оқушылардың сабақ туралы пікірлерін тыңдау

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді



© 2010-2022