Paint графикалық редактор (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Paint редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  Paint бағдарламасында командалары арқылы үзінділерге амалдар қолдану туралы алған білімдерін қорытындылау.Үзінділерді жылжыту, көшіру, бұру, қисайту, көбейту әрекеттерін практика жүзінде дамыта түсу. Дамытушылығы: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, оқу іс-әрекетін белсендіруге үйрету. Тәрбиелігі: жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке , бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.  Сабақтың түрі: жарыс Сабақт...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Paint графикалық редактор (5 сынып)


Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы

Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі Алтаева Марал Байсеитқызы

Сыныбы 5

Сабақтың тақырыбы:

Paint редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Paint бағдарламасында командалары арқылы үзінділерге амалдар қолдану туралы алған білімдерін қорытындылау.Үзінділерді жылжыту, көшіру, бұру, қисайту, көбейту әрекеттерін практика жүзінде дамыта түсу.

Дамытушылығы: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, оқу іс-әрекетін белсендіруге үйрету.

Тәрбиелігі: жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке , бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жарыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, компьютер, плакаттар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Сыныпты 3 топқа бөліп , топтарға атау беріп таныстыру.

Сабақтың барысы:

І кезең "Полиглот"

ІІ кезең "Бәйге "

ІІІ кезең "Бильярд " ойыны

ІV кезең Activ slateпен жұмыс (қашықтықтан сурет салу)

V кезең "Қарақшыны киіндіру"

VІ кезең: Бағалау, үйге тапсырма.

І кезең "Қанша тілді білесің?" ойыны.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтада сөз шығады, сол сөздің аудармасын орыс және ағылшын тілдерінде айту керек.Қолды бірінші болып көтерген топ жауап береді, егер жауабы дұрыс болса, сол топ ұпай алады.

Терезе, окно, window

Өшіргіш, ластик, eraser

Қарындаш , карандаш, pensil

Cақтау, сохранить, save

Ашу , открыть, open

Сызық , линия, line

Бояу , закрашивание, painting

Қылқалам , кисть, brush

Жабу , закрыть, close

Шекара, граница, bound

Тышқан, мышь, mouse

ІІ кезең "Бәйге ".

Ойынның шарты: Интерактивті тақтада 10 ұпайлық 3 ұяшық, 20 ұпайлық 3 ұяшық, 30 ұпайлық 3 ұяшық және 40 ұпайлық 3 ұяшық шығады.Әр ұяшықтың ішінде сұрақ жасырылған. Оқушы ұяшықты басқан кезде сұрақ шығады.Сұраққа дұрыс жауап берсе сол ұпайды иеленеді.

10 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:

1. Paint қандай бағдарлама?

Paint графикалық бағдарлама

2. Paint-ты қалай іске қосамыз?

Пуск-Все программы-Стандартные-Paint

3. Paint терезесінің элементтерін ата

Тақырып жолы, мәзір жолы, құрал-саймандар тақтасы, түстер палитрасы, жұмыс аймағы, қалып күй жолы.

20 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:

1. Суретті қалай сақтаймыз?

Файл- Сохранить

2.Салынған суретті қалай ашамыз?

Файл-Открыть

3. Шығару құрылғыларын ата

Принтер, экран, проектор

30 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар:

1. Үзінділермен қандай амалдар орындауға болады?

Еңкейтуге, созуға, бұруға, көшіруге, өшіруге, көбейтуге болады.

2.Редактордың командаларын ата

Қайталау командасы

Орындатпау командасы

3.Paint бағдарламасында қанша құрал сайман бар?

16 құрал сайманы бар

40 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтар

1.Мысық қатарынан бірнеше күн графикалық редакторда сурет салды.Ол оны күшіктің туған күніне сыйламақшы еді.Сурет дайын болар кезде, мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа суретті салғанға уақыты жоқ. Оған қалай көмектесеміз?

2.Кеңес бергендеріңе мысық өте риза болды.Оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр.Қалай көмектесеміз?

3.Үзіндіні өшіру үшін не істейміз?

Үзіндіні ерекшелеп алып, өшіру батырмасын басамыз.

ІІІ кезең "Бильярд " ойыны

Шарты: Қызыл, жысыл, көк шариктердің астында 4 құралдан жасырылған, шарикті басқан кезде құрал шығады, сол құралдың атауын және не үшін қолданатының айту керек.

Paint графикалық редактор (5 сынып)Ерікті аймақты белгілеу

Paint графикалық редактор (5 сынып)Құю құралы

Paint графикалық редактор (5 сынып)Түс таңдау құралы

Paint графикалық редактор (5 сынып)Қисық сызықтарды сызуға арналған

Paint графикалық редактор (5 сынып)Көпбұрыш , ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады

Paint графикалық редактор (5 сынып)Тік төртбұрыштар салуға арналған

Paint графикалық редактор (5 сынып)Жазу, бұл сурет ішінде мәтін орналастырады

Paint графикалық редактор (5 сынып)Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған.Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

Paint графикалық редактор (5 сынып)Бұл Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдап алуға болады

Paint графикалық редактор (5 сынып)Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған

Paint графикалық редактор (5 сынып)Бүріккіш, пульвелизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді

Paint графикалық редактор (5 сынып)Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді

Paint графикалық редактор (5 сынып)Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған

Paint графикалық редактор (5 сынып)Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрышты салуға арналған

Paint графикалық редактор (5 сынып)Өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған

ІV кезең. Activ slatепен жұмыс.

Activ Slate құрылғысы қашықтықтан интерактивті тақтада сурет салу үшін арналған құрылғы.

Оқушылар суреттің бір үзіндісін салып Activ slate-ты келесі оқушыға береді, уақыт беріледі, қай топ жылдам және әдемі аққаланы салса , сол топ жоғары ұпайды алады. Қалған екі топ сол уақытта қарсы топтар үйде дайындап келген сөзжұмбақтарын шешу керек.

Paint графикалық редактор (5 сынып)

V кезең. Қарақшыны киіндіру.(Практикалық жұмыс)

Әр топ бір қарақшыны киіндіру қажет. Ол үшін киімді кесіп алып, қарақшының үстіне апарады.

Paint графикалық редактор (5 сынып)

Ұпайларды санап , жеңімпаз топты марапаттау.

Бағалау.



© 2010-2022