Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

Раздел Информатика
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары

Сынып:

Күні:
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Paint графикалық редакторының құралдарымен, міндеттерімен танысу және құралдарды тәжірибелік жұмыстарда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт - дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:Аралас сабақ
Қолданылатын құрал: компьютер, карточка, сөзжұмбақ, тапсырма парақтары, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Paint қандай редактор?
2. Paint редакторын қалай іске қосамыз?
3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата
4. Сурет салу кезеңдері т. б.

ІІІ Өткен сабақты қайталау.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. Paint қандай редактор?

  3. Paint графикалық редакторын іске қосу қадамдары?

  4. Paint графикалық редакторының терезесінің элементтерін ата.

ІV. Жаңа сабақ: Paint гафикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторы өз аты айтып тұрғандай, ол сурет салуға арналған редактор. Редакторды іскеқосу: Пуск - Программы - Стандартные - Paint

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады. Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез - келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкене төртбұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.
Paint құралдары:

  1. Ерікті аймақты белгілеу

  2. Белгілеу құралы

  3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш

  4. Құю (Заливка)

  5. Түс таңдау

  6. Масштаб

  7. Қарындаш

  8. Қылқалам

  9. Жазу

  10. Сызық

  11. Қисық

  12. Бүріккіш

  13. Тік төртбұрыш

  14. Көпбұрыш

  15. Эллипс

  16. Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш

Аттары мен қызметтерін көрсете түсіндіру

V. Практикалық жұмыс.

1. Қажетті құралдарды пайдаланып, суретті сал және боя


Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

2- тапсырма

Тік төртбұрыш пен түзу сызық құралын пайдаланып үйдің суретін сал және оны боя.

Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

3 - тапсырма

Эллипс пен Қисық сызық құралдарын пайдалана отырып, төмендегі суретті салып оны боя.

Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

VІ. «Сергіту кезеңі» Көзге жаттығу жасау

4. Жұмбақтың шешуін тап және оның суретін салPaint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

1. Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Боламдейдікүндей. Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

2. Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймынPaint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

3. Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.

VІІ. Сабақ бекіту:

  1. Графикалық редактордың құралдарын ата;

  2. Үйдің төбесін салу үшін қандай құрал пайдаланамыз?

  3. Шыршаны салу үшін қандай құрал пайдаландың?

  4. Төртбұрыш құралының орнына басқа құрал пайдалануға бола ма? Қандай?


VІІІ. Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторының құралдары. сурет салып келу
Қорытынды: бағалау

© 2010-2022