Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы

Мақсаты: Білімділік: 1.      PowerPoint бағдарламасын  іске қосуды үйрету. 2.      PowerPoint бағдарламасын  қолдана білу. 3.      Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Дамытушылық:   1.       Компьютердің басқа программаларын меңгерте    отырып,  логикалық ойлау қабілетін дамыту. 2.      Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру. 3.      Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.   Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.  Ұлттық дәстүрді қастерлеуге баулу. Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:      Дәстүрлі емес. Сабақтың әдісі:     ойын Көрнекіліктер:  Компьютер, Power Point бағдарламасы, проектор, слайд, тапсырмалар. Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, проекторСабақтың барысы: I Үй тапсырмасын тексеру- “Көкпар” ойыны. II Жаңа материалды түсіндіру. “Бәйге” III Жаңа материалды бекіту –“Теңге ілу”, “Қыз қуу”, IV Үйге тапсырма V Қорытындылау, бағалау.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп


АШЫҚ САБАҚ



Пәні: Информатика


Тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.


Өткізілетін сынып : 6 «А»


Өтетін орны: 12 кабинет


Уақыты: 14-00 -14-45



Пән мұғалімі: Сарсенова Ақтоты Еркебайқызы















3.04

Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.

Мақсаты:

Білімділік:

  1. PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету.

  2. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу.

  3. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:

1. Компьютердің басқа программаларын меңгерте

отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  1. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.

  2. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Ұлттық дәстүрді қастерлеуге баулу.

Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: ойын

Көрнекіліктер: Компьютер, Power Point бағдарламасы, проектор, слайд, тапсырмалар.

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, проектор

Сабақтың барысы:

I Үй тапсырмасын тексеру- "Көкпар" ойыны.

II Жаңа материалды түсіндіру. "Бәйге"

III Жаңа материалды бекіту -"Теңге ілу", "Қыз қуу",

IV Үйге тапсырма

V Қорытындылау, бағалау.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болғалы отыр.

- Балалар қазақ елінің қандай мерекелерін білесіңдер? Оның ішіндегі ең маңыздысы, үлкен мереке болып тойланатын қандай мереке? Әрине осылардың ішіндегі ең маңыздысы Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі.Наурыз қазақша жаңа жыл, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл күн күн мен түннің теңелген күні. Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың әр үйінде өзгеше той болады. Бұл мерекеде ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындар ойналады.

Ал сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер? ...

І . Үй тпсырмасын тексеру (Көкпар ойыны)Кім білгір

Тартысайық көкпарды,

Кімнің тобы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен?

Енді осы ұлттық ойындарды сабағымызда нұсқау ете отырып, сабағымызды бастайық.

Ал енді үй жұмысын жақсы оқып келсек, көкпар ойынын бастайық.

Форматтау панелінің батырмаларын тап?
(дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (Бәйге)

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екенінді тағы таныт.

Бәйгеге аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық.

PowerPoint дегеніміз не? PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме - бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірліген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме.

Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.

Енді PowerPoint программасымен қалай жұмыс атқарамыз, соған тоқталайық.

  • 1. Программаны іске қосу.

  • 2. Слайдты безендіру

  • 3. Слайдтарды қосу

  • 4. Слайдтарды ауыстыру

  • 5. Слайдты немесе барлық презентацияны көру

  • 6. Графиктік бейнелерді слайдқа енгізу

  • 7. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу

  • 8. Презентацияны сақтау

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар. Слайдтарды безендіру үшін арнайы қалыптарды (шаблон) пайдалануға болады.

Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз

«ПІШІМ» (Формат) è «СЛАЙДТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ» (Оформление слайда).

Безендіруді қалай қолданамыз?

  • Басты менюдегі «Формат» батырмасын шерт

  • «Применить оформление» командасын тағайындаңыз

  • «Дизайны презентаций» ішінен керектісін таңдаңыз

  • Терезенің оң жақ шетіндегі үлгіге қарап таңда

  • «Применить» батырмасын шертіңіз

Слайдтарды қосу.

Презентацияға слайдтарды қосу үшін (екінші, үшінші немесе слайдтар арасына слайдты кірістіру керек болса) мына «режим сортировщика слайда» кнопкасы арқылы слайдтарды сұрыптау режиміне кіріңіз, бұл батырма терезенің сол жақ шетінде, немесе менюдегі «Вид» «Сортировщик слайдов»

Енді керекті жерге мауысты апарып шертеңіз жеткілікті. Сол жерде сіздің курсивіңіз вертикальды сызық түрінде көрсетіліп тұрады.

Менюдегі «Вставка» «Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті

Керекті слайдты өз қалауыңызша безендіруіңізге болады.

Слайдтарды ауыстыру.

  • Менюдегі «Показ слайдов» «Переход слайда» таңдаңыз

  • Керекті эффектілерді таңдап слайдтарға ауысуды танда

  • «Продвижение» деген жерге жалауша орнатыңыз

Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу

Графиктік бейнелер Word текстік редактордегідей орнатылады:

1. Менюдегі «Вставка» è «Рисунок».

2. Әрі қарай керекті бөлімді көрсетесіз графиктік бейнені қайдан алатыныңызды «Картинки»-дан ба, жоқ «Из файла» ма соны көрсетесіз.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс Информатикалық диктант

IV. Бекіту : (Қыз қуу) Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді тексерейік:

Қазақта бір ойын бар қызды қуу,

Жігіттер қызды қуған дәстүр сақтап.

Ертедегі бабамыз қазақтардай

Өткізейік бұл жарысты бізде баптап.

Бұл ойынның шарты бір қыз , бір ұл бала шығады. Орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.

  1. "Ауыстырмақ"

  • Рімәз

  • Онф

  • Есект

  • Тәнім

  • Блонаш


  • Уретс

  • Ыбысд

  • Мильф

  • Алйдс

  • Ругифа

Дұрыс жауаптары:

  • Мәзір

  • Фон

  • Кесте

  • Мәтін

  • Шаблон


  • Сурет

  • Дыбыс

  • Фильм

  • Слайд

  • Фигура


  1. "Теңге ілу" ойыны тағы бар,

Қызықтырар жұрттарды қайда да.

Кім екен мерген дәл қазір,

Қызықты ЭВМ сабақта.

  1. Power Point программасын іске қосу үшін қандай команда орындалады?

  2. Терезе элементтерін ата?

  3. Қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерту қалай жүзеге асады?

  4. Слайдты құрайтын объектілер?

  5. PowerPoint бағдарламасының кеңейтімі

  6. PowerPoint дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма:

POWER POINT программасында

"БОЗОЙЫМ- ТУҒАН ЕЛІМ!"

атты тақырыбқа слайд көрмесін дайындап келу

V Қорытындылау, бағалау.



© 2010-2022